Зертханалық жұмыс №8. Денелердің әрекеттесуі кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тастанбеков А.К

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс №8. Денелердің әрекеттесуі кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Денелердің әрекеттесуі кезіндегі импульстің сақталу заңын анықтау және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Денелердің әрекеттесуі кезіндегі импульстің сақталу заңын таныстыру, оларды қолдана отырып есептер шығару.

Жетістік

критерийлері

1.Жұмыстың мақсатын дұрыс анықтады.2. Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс анықтады.3. Гипотезаны дұрыс жазды.4. Гипотезанының дұрыстығын анықтау үшін теорияны дұрыс жазды.5. Жұмыс барысын дұрыс жазды.6. Барлық өлшеу нәтижелерін кестеге жазды.7. Есептеулер дұрыс жасалынды.8. Қателіктер дұрыс есептелінді. Графикті дұрыс салды.9. Қорытындыны рефлексиямен жазды.10. Экспериментті жақсартудың жолдарын дұрыс көрсетті.

Тілдік мақсаттар

Импульс-импульс- momentum

Импульстің сақталу заңы-закон сохранения импульса- conservation of momentum

Құндылықтарды дарыту

Сүйіспеншілік, адалдық, шыншылдық және жауапкершілік

Пәнаралық байланыстару

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

7-сыныптан: импульс және импульстің сақталу заңдарымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру

  • Қызығушылығын ояту
  • Амандасу және түгелдеу
  • Оқу мақсаттарымен таныстыру және жетістік критерийлерін құрастыру
  • Сабақтың тақырыбын таныстыру

Сабақтың ортасы

Мұғалімнің әрекеті:

Зертханалық жұмыстың барысымен таныстыру, оқушыларға нұсқау беру. Тапсырманың орындалуын қадағалау.

Оқушының әрекеті:

Мұғалім берген нұсқаулық бойынша тапсырманы орындау, қорытынды жасау, жұмыстың дұрыс орындау және талдау жасай алу.

Оқушының әрекеті:

1. Таразының көмегімен шарлардың массасын  m1, және  m2  өлшеу.2. Қалақшаны штативке оның горизонталь орналасқан жазықтығы стол бетінен 20 см биіктікте орналасатындай етіп бекіту.  Стол бетіне штатив алдына ақ парақ орналастыру.

3. Массасы үлкен шарды алыңдар да оны қалақшаның жоғарғы бөлігіне орналастырыңдар . шарды жіберіп қалыңдар, және ақ қағаз бетіне түскен белгінің көмегімен ұшу қашықтығын есептеңдер. Тәжірибені 3  рет қайталап ұшу қашықтығының l  орташа мәнін есептеу.4.Қалақшаның үстел бетінен биіктігін біле отырып шардың түсу уақытын, содан кейін  оның жылдамдығының v01, және импульсінің   р01 горизонталь бағыттағы проекцияларын анықтау.5. Қалақшаныі екінші ұшына екінші шарды қойыңдар да  бірінші шарды бірінші тәжірибедегідей етіп тастап жіберу. Ақ парақтағы белгілер арқылы шарлардың соқтығысудан кейінгі  горизонталь бағыттағы  ұшу қашықтығын анықтау.  Тәжірибені 3 рет қайталап  l11  бірінші шардың және l21  екінші шардың орташа ұшу қашықтықтарының орташа мәнін есептеу.6. Алынған ұшу қашықтықтарының мәндерінің көмегімен соқтығысудан кейінгі v1 және v2 жылдамдықтарды жәнер1 и р2 импульстерін табу. Бірінші шардың p01  импульсін p1+p2 соқтығысудан кейінгі импульстерінің қосындысымен салыстыру.

Презентация, штатив, қалақша, диаметрі 25 мм (3 шт) шарлар, сызғыш, таза ак қағаз

Сабақтың соңы

А) Үйге тапсырма беру

1) импульстің сақталу заңына есептер шығару.

В) Рефлексия, қорытындылау

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: импульстардың сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдей алады.

Қабілеті жоғары оқушылар импульстің сақталу заңына жасалған тәжірибеге талдау жасай алады.

(1) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(2) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттал,ан есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдері сақталдыма?

Сабақжоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу