Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы
Музыка және театр
2 сабақ
Сабақ мақсаты
қарапайым музыкалық үзінділерінің сипатын жеткізу үшін идеялар ұсынады;
өз шығармашылық жұмысын жоспарлайды;
көркем бейнені жеткізе отырып, ертегіге шағын көрініс құрастырып, көрсетеді.
Бағалау критерийлері
шығармашылық жұмысқа идея ұсынады;
топта өз рөлін анықтай отырып, шығармашылық жұмысын жоспарлайды;
көркем бейнені жеткізе отырып, ертенің сюжетін ойластырады.
Тапсырма. Топта талқылау.
1 топ - актер деген кім?
2 топ –режиссер немен айналысады?
3 топ - дыбыс режиссері қандай рөл атқарады?
4 топ - костюм тігушінің атқаратын рөлі?
5 топ - суретші-көркемдеушілер немен айналысады?
Жауапқа келесі сөз тіркестерін пайдаланыңыздар:
Режиссер ... ... ... жауап береді;
Актер – ... ... ... ойнайды;
суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады;
дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді;
костюм тігуші ... ... ... айналысады.
Тапсырма.Импровизация
1. «Алдар көсе» ертегісінен ең ұнаған оқиғалардың бірін таңдаңыз.
2. «Таңдаған оқиғасы сахналаңыз.
3. Шығармашылық жұмысты орындау үшін жоспар құрыңыз.
Тапсырма. Презентация.
Өз жұмыстарыңызды сынып алдында көрсетіңіздер.
Топтық жұмыста не сәтті орындалды?
Алдар көсе ертегісінің қай түрін таңдадыңыз?
Қандай ұсыныс айта аласыз?
Импровизация болды ма?
Өз рөлдеріңізді ереже бойынша орындадыңыз ба?
Тапсырма. Талдау және орындау.
- Наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
Мерекелік ұлттық ойындарды атаңыздар?
Бұл күні қонақтарға қандай ұлттық тағамдар ұсынылады?
Сіздер қандай ұлттық киімдерді білесіздер? (әйелдер, ерлер киімі) Атап беріңіздер?
Наурыз мейрамы туралы қандай әндерді естідіңіздер?
Сіздер Мұкағали Макатаев шығармашылығы туралы не білесіздер?
Сіздер ақынның Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерімен таныссыздар ма? Өлеңдердің атын атап беріңіздер.
Тапсырма. Үйрену және орындау.
«Наурыз-думан» әнін тыңдаңыздар.
Қалай ойлайсыздар бұл ән мерекелік көңіл-күйді сыйлады ма?
Сіздерге «Наурыз-думан» әні қандай әсер береді?
«Наурыз-думан» әні көктемді, мейрам мен мерекелік көңіл күйді жеткізе алды ма, қалай ойлайсыздар?
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Әнді үйреніп, орындаңыздар.
Рефлексия.
Рефлексия орындау үшін мәтіні бар қағаз беттерін толтырыңыз:
Мен бүгін сабақта үйренгенім…
Сабақта мені толғандырған…
Әсіресе менің қолым жеткені…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?