Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.
Музыка және театр
Сабақ мақсаты:
– тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
– музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;
Пәндік лексика және терминология
Өнер түрі;
театр;
спектакль;
режиссер;
актер;
костюмер;
көркем жетекші;
өнер синтезі;
Сұраққа жауап беріңіз:
сіздер «орындаушы» және «көрермен»
сөздерін қалай түсінесіздер?
театрлық қойылымдарды кім жасайды?
режиссер, дыбыс режиссері, актер, костюм тігуші, суретші-көркемдеушілер немен айналысады?
Жауапқа келесі сөз тіркестерін пайдаланыңыздар:
Режиссер ... ... ... жауап береді
Актер – ... ... ... ойнайды
суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады
дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді.
костюм тігуші ... ... ... айналысады
Сұрақ-жауап:
Наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
Мерекелік ұлттық ойындарды атаңыздар?
Бұл күні қонақтарға қандай ұлттық тағамдар ұсынылады?
Сіздер қандай ұлттық киімдерді білесіздер? (әйелдер, ерлер киімі) Атап беріңіздер?
Наурыз мейрамы туралы қандай әндерді естідіңіздер?
Сіздер Мұкағали Макатаев шығармашылығы туралы не білесіздер?
Сіздер ақынның Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерімен таныссыздар ма? Өлеңдердің атын атап беріңіздер.
Сіздерге «Наурыз-думан» әні қандай әсер береді?
«Наурыз-думан» әні көктемді, мейрам мен мерекелік көңіл күйді жеткізе алды ма, қалай ойлайсыздар?
Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Рефлексия.
Біз театр туралы не білдік…
Біздерге театр өнерінің түрлері туралы білген қызықты болды ма…
Музыка мен театр өзара байланысты…
Мен театр өнеріндегі синтездің .... екенін білдім
Наурыз мейрамы маған ұнайды, өйткені...
«Алдар көсе» ертегісінің сахналануында маған ... ... бейнесі ұнады.
маған «Наурыз-думан» әнінің … … ұнайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру