Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Музыка және театр

1 сабақ

Сабақ мақсаты

Театр түрлерін салыстырып, олардың стиль, жанрларын анықтайды;

Пәндік терминологияны қолдана отырып, жазбаша және ауызша жұмысын орындайды;

Көркем бейнені жеткізу үшін әнді орындауда импровизация қолданады.

- театр түрлерін анықтап, салыстырады;

- өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды; -жазбаша, ауызша жұмыстарды орындауда пәндік терминологияны қолданады;

- ән сүйемелдеуіне көрсетілім құрастырады;

- көрсетілім барысында әннің көркемдеуші құралдары мен образын жеткізеді.

Бағалау критерийлері

Топтық жұмыс. Сыныпта талқылау.

1 топ –театр ұғымы (антикалық театр, амфитеатр);

2 топ –Қазақстандағы театрлар;

3 топ –атақты әлем театрлары.

Театр туралы не білдіңіздер?

Театр қойылымдарында музыка қандай роль атқарады?

«Өнер синтезі» сөз тіркесін қалай түсінесіздер?

Өнер түрлері бір-бірімен байланысты деп айта аламыз ба? Неге?

«спектакль», «театр режиссері», «актер», «дыбыс режиссері», «костюм тігуші» сөздеріне түсінік беріңіз.

ЛА СКАЛА” (La Scala, толық атауыTeafro alla Sckala) Италиядағы атақты опера театры. 1776 — 78 ж. Милан қаласында “Санта-Мария делла Скала” шіркеуінің орнына салынды (архитектор Дж. Пьер МариныДж. Пьер Марины (мұндай бет жоқ)). Алғашқы театр сахнасында опера, балеттермен қатар драмалық спектакльдер де қойылып тұрды. 19 ғасырда “Ла Скала” дүниежүзілік опера орталығының біріне айналып, театр әншілерінің шеберлігі әлемге танылды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыАбай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры — ҚазақстандаҚазақстан тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. Қазіргі таңда негізгі бағыты - опера және балет өнерiнде Қазақстанның мәдени саясатын іске асыратын және халықтың мәдени деңгейiн көтеретін көркем шығармалар қойылымдарын ұйымдастыру және қою; ұлттық және халықаралық мәдени мұраны насихаттау; мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының майталмандарымен таныстыру

Кабуки – Жапонияның классикалық театрының бір түрі. 17 – 18 ғасырларда дамыды. Кабукидің алғашқы қойылымдары ашық аспан аясында, ал кейін уақытша баспаналарда көрсетілді. Кабуки өнерінің негізгі бастаулары күлдіргі орындаушылар қойған шағын фарс пен ән, би сахналарынан өрбіді. Әсіресе, ән мен биді шебер орындайтын әйелдер қойылымдары кеңінен танымал болды

«Астана Опера» Қазақстандағы АстанаАстана қаласында орналасқан операОпера және балетБалет театрыТеатр.

Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді.

Үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.

Ежелгі Рим театры Грек театрГрек театр (мұндай бет жоқ) мәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуыөнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтері әнӘнмузыкаМузыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахнасатирлерде өрбіді. Б.з.д. 300 жылдар шамасында ұлттық ателлана комедиясыКомедия дүниеге келді. Ателланада маска киген тұрақты 4 кейіпкер болған: Макк, Буккон, Папп және Доссен.

Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнапКөнеКөне Рим РимКөне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері РимненРим(КолизейКолизей), ВеронаданПомпейденПомпей, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі ИталияныңИталия), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар.

Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі.

«Мен театр жайлы не білемін?» тақырыбына кішігірім эссе жазу (80-100 сөз).

Тапсырма. Талдау.

Топта осы ән сүйемелдеуіне «Мерекеңмен, жан Ана!» атты шағын құттықтау қойылымын ойластырыңыз. Таңдауыңыз бойынша:

Шағын көрініс;

Әнге пантомима.

Топ ішінде рольдерді сомдаңыз.

Тапсырмаға арналған критерийлер:

Топта орындаған рөлі;

Актерлік шеберлік;

Әнге байланысты анықтап көрсету .

Өз қойылымыңызды сыныпта таныстырыңыз.

 

Тапсырма. Орындау және импровизация

Рефлексия:

- Мен бүгін сабақта үйренгенім…

- Сабақта мені толғандырған



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу