Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Кабдисалиева Г.К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Осьтік симметрия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.5 Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

-Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады;

- Симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай алады;

Бағалау критерийі

Білу және түсіну:

- тікбұрышты координаталар жүйесіндекоордината осьтеріне қарағанда симметрияны координаталар басына қарағанда симметриядан ажырата алады;

Қолдану:

- симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай алады;

- тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтерінеқарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу ережесін түсінеді және түсіндіре алады;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнгетән лексика мен терминология:

-Тікбұрышты координаталар жүйесі, координата басы, центрлік симметрия, осьтік симметрия, нүктелердің координаталары;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

координаталар осьтеріне қарағанда симметрия, симметриялы нүктелердің координаталары, қарама – қарсы сандар;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмалардыжұптаорындауарқылыынтымақтастыққұндылықтардықалыптастыру, зияткерлікқабілетіннығайту,

адамгершіліккебағытталғансапалыбілім беру, мақсаттылыққа, жауапкершілікке баулу.

Бастапқы білім

Тікбұрышты координаталар жүйесі, тікбұрышты координаталар жүйесінде координатасы берілген нүктені салу;

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру::

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ұ:«Қайталау сұрақтары» тапсырмасы «Координаталық жазықтық» тақырыбы бойынша негізгі түсініктерді еске түсіруге қөмектеседі.

Сұрақтары:

1. Екі координаталық түзу координаталық ... ты құрайды (жазықтық)

2. Координаталық түзу - бұлкоординаталық … (ось)

3. Екі координаталық түзуқиылысқанда қандай бұрыш пайда болады? (тік)

4. Жазықтықта нүктені аңықтайтын сандар жұбы қалай аталады? (координата)

5. Нүктенін бірінші координатасы қалай аталады? (абсцисса)

6. Нүктенін екінші координатасы қалай аталады? (ордината)

7. 0 ден 1 дейінгі кесіндінін атауы (бірлік)

8. Координаталық жазықтық координаталық түзулерімен неше бөлікке бөлінеді? (төрт)

Әдісі: ауызша сұрақ жауап;

Нәтижені бағалау: ауызша марапаттау;

Презентация

Сабақтың ортасы

2 мин

8 мин

3 мин

7 мин

10 мин

3. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Мақсаты:жаңа тақырыпты өзбеттерінше меңгеру;

1) М:Видео қарау

2) Ж:Зерттеу жұмысы

1 бөлім:

Суретте екі бірдей фигура бейнеленген, бірақ орналасуы әр түрлі. Егер бетті ордината осі бойынша бүгсе, онда суреттер беттеседі. Бұл жағдайда, фигуралар ордината осіне қарағанда симметриялы деп айтады.

1. Нүктелерді 1 ден 17 дейін нөмірлендер;

2. Сол жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін бірінші қатарына жазыңдар;

3. Оң жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар;

4. Екі фигуранын сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;

5. Қорытындыланыз;

Нүктелердін нөмірлері

Оң жақтағы фигураның координаталары

Сол жақтағы фигураның координаталары

Қорытынды: ОУ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін ординаталары өзгермейді, ал абсциссалары қарама қарсы болады.

2 бөлім:

Суретте көбелек бейнеленген. Егер бетті абсцисса осі бойынша бүгсе, онда суреттін жоғарғы және төменгі бөліктері беттеседі. Бұл жағдайда, абсцисса осі фигуранын симметрия осі болады, ал жоғарғы және төменгі бөліктеріабсцисса осіне қарағанда симметриялы деп айтады.

1. Екі бөлігініңсәйкес нүктелерін1 ден 18 дейін нөмірлендер;

2. Фигураның жоғарғыбөлігінін барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін бірінші қатарына жазыңдар;

3. Фигураның төменгі бөлігінін барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар;

4. Екі бөліктің сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;

5. Қорытындыланыз;

Нүктелердін нөмірлері

Жоғарғы бөліктін координаталары

Төменгі бөліктін координаталары

Қорытынды:ОХ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін абсциссалары өзгермейді, ал ординаталары қарама қарсы болады.

3) Көзге арналған жаттығу

Жаттығу орындау кезінде оқушылар қозғалып келе жатқан смайликтен көз алмауы тиіс.

4) М:Практикалық жұмыс

Оқушылар мұғаліммен бірге берілген нүкте мен үшбұрышқа симметриялы фигураларды салады.

4. Есеп шығару

Мақсаты: жаңатақырыптыбекіту;

1) "Қатені тап" (ауызша)

2) Ж:а) Ордината осіне; б) абсцисса осіне қарағандаА(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелерінің координаталарың табыңдар.

3) Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.

4) Абсцисса осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.

Бағалау: дескрипторлар бойынша жұптардың өзін өзі бағалауы;

Дескрипторлар:

1) Ордината осіне қарағандаА(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелер дұрыс салыңған;

2) Абсцисса осіне қарағандаА(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелер дұрыс салыңған;

3) Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигура дұрыс тұрғызылған;

4) Абсцисса осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигура дұрыс тұрғызылған;

Видео 1

карточкалар

Қосымша 1

карточкалар

Қосымша1

Презентация

«Көзжаттығу»

Презентация

карточкалар

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Үйге тапсырма:

Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.

Рефлексия:

Мақсаты: сабақ мақсатына, оқу мақсатына жету деңгейін және қиындықтарды анықтау

Материалды игеру дәрежесін бағаландар:

а) координаталық осьтеріне қарағанда симметриялы нүктелердің координаталарын аңықтай аламын;

б) тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтерінеқарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала аламын;

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Салу есептерін орындау кезінде сұрақтары туындаған оқушылармен мұғалімнің және кластастардың қолдауымен түзету жұмыстары жүргізіледі;

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Оқушылар өз-өздерін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Нүктелердін нөмірлері

Оң жақтағы фигураның координаталары

Сол жақтағы фигураның координаталары

Нүктелердін нөмірлері

Жоғарғы бөліктін координаталары

Төменгі бөліктін координаталары

Қосымша 2

2) а) Ордината осіне; б) абсцисса осіне қарағанда А(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелерінің координаталарың табыңдар.

3)Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.

4)Абсцисса осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу