Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абылхасанова М.М., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.5 Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу

Сабақ мақсаттары

Оқушы

  • симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай алады;
  • тікбұрышты координаталар жүйесінде координаталар басына қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай алады;
  • координаталар басына қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • осьтік және центрлік симметрия ұғымын түсіндіреді;
  • фигуралардың осьтік және центрлік симметрияларын анықтауды негіздейді;
  • тузуге және нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салуды түсіндіреді;
  • бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Симметрия

«summetria»

Симметрия центрі

Центр симметрии

Центрлік симметриялы фигура

Центрально-симметричная фигура

Симметрия осі

Ось симметрии

Симметриялы фигуралар

Симметричные фигуры

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • осьтік симметрия дегеніміз ... ;
  • центрлік симметрия дегеніміз ... ;
  • нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • түзуге перпендикуляр...;
  • берілген фигураның осі ...;
  • тузуге қатысты симметриялы фигураларды салу үшін .... ;
  • нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салу үшін .... ;

Құндылықтарды дарыту

Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамыту. Есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия.

Бастапқы білім

Симметрия, нүктеге қарағанда симметрия және түзуге қарағанда симметриялы фигуралар, симметрия центрі, симметрия осьі ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

І .Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Білімдерін жинақтау:

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет өтілген материалдарды еске түсіру

б. Әдісі: ауызша сұрақ жауап

в. Ұйымдастыру формасы: ауызша

г. Оқушы: тапсырмаларды ауызша орындайды

д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағалайды

е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады, не ескерту беріледі

ж. Мазмұны:

1.Симметрия дегенді қалай түсінесіздер?

2.Симметрияның қандай түрлерін білесіздер?

3.Остік симметрия дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

4.Центрлік симметрия дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

5.Түзуге қатысты симметриялы нүкте салу үшін не істейміз?

4. Сабақтың мақсатымен, жұмыс жоспарымен таныстыру, оқушыларға бағалау критерийлерін тұжырымдату.

Сабақтың ортасы

5-17 мин

17 - 37 мин

Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Жұптық жұмыс

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеру

б. Әдісі: жұптық жұмыс

в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша

г. Оқушы: тапсырмаларды нұсқаулыққа сәйкес орындайды, қорытындылайды

д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қорытынды жасауға жетелейді.

е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады

ж. Мазмұны: (Қосымша1)

Тапсырма 1.

Келесі суреттерде қай фигуралар координата басына қарағанда симметриялы болады? Жауаптарыңызды сызбада дәлелдеп көрсетіңіздер:

1.2.

3. 4.

5.

Тапсырма 2.

1. Координаталық жазықтықта берілген фигуралар координата басына қарағанда симметриялы болатынын сызбада көрсетіңдер.

2. F фигурасының барлық нүктелерінің координаталарын анықтап, кестенің бірінші қатарына жазыңдар;

3. F1 фигурасының барлық нүктелерінің координаталарын анықтап, кестенің екінші қатарына жазыңдар;

4. Екі фигуранын сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;

5. Қорытындылаңыз;

F фигурасының төбелерінің координаталары

F1 фигурасының төбелерінің координаталары

Тапсырма 3

Сызба сызбай-ақ А(3;2), В(3;-2), С(-4;0) нүктелерін координаталар басына қатысты симметриялы көшіргенде пайда болатын нүктелердің координаттарын анықтап көріңіздер.

2.Жұптық жұмысты қорытындылау:

а. Мақсаты: Жұптардың жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау

в. Әдісі: фронтальді жұмыс, сұрақ-жауап

г. Ұйымдастыру формасы: ауызша

д. Оқушы: қорытындылайды

Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды

3.Көзге жаттығу

4.Тақырыпты бекіту

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту

б. Әдісі: жұптық жұмыс

в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша

г. Оқушы: бүгінгі алған білімдерін пайдаланып, тапсырмаларды орындайды,

д. Мұғалім: жұптардың жұмысын бақылап, кері байланыс береді.

е. Нәтижені бағалау: оқушылардың дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі бағалауы арқылы жүзеге асады, мұғалім тарапынан ауызша марапатталады.

ж. Мазмұны: (Қосымша 2)

№1. Координата бас нүктесіне қарағанда А нүктесіне симметриялы болатын А1 нүктесін сал, қалай анықтағаныңды түсіндір.

№2. Келесі фигураларға координаталар басына қатысты симметриялы болатын фигураларды сызып көрсет;

а)

ә)

б)

в)

№3.Келесі нүктелерге координата басына қатысты симметриялы болатын нүктелердің координаталарын жазыңдар:

А(5;6), В(-3;6), С(-9;-7), Е(1, 0), Н(7;7), К(0; -5), М(-4;-1).

Қосымша есеп: (Қосымша 3)

№4. Келесі қисыққа координата басына қатысты симметриялы болатын қисық сыз:

а)

ә)

б)

Қолданылған әдебиет:

1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015

2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин

3.

www.onlinemath4all.com

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек еді?

3.Сабақ мақсатына жеттіңдер ма?

4. Неліктен олай ойлайсыңдар?

Сабақ соңында оқушылардан жазбаша рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Үйге тапсырма: Координата басына қарағанда өзара симметриялы болатын екі қисық сызық және екі фигураның суретін салыңдар.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Көз жаттығуын жасату. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу