Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабдисалиева Г.К., Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.5 Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: 1. Берілген нүктеге координаталық осьтерге қарағанда симметриялы нүктенің координатасын анықтай алады; 2. Координаталық осьтерге қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамыту. Есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыстануға баулу. Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Симметрия, нүктеге қарағанда симметриялы фигуралар, түзуге қарағанда симметриялы фигуралар, симметрия центрі, симметрия осі ұғымдарын біледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2- 5 мин 6-9 мин | 1 .Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу. 2. Үй тапсырмасын тексеру: (3 минут) Үй тапсырмасы ауызша оқу арқылы тексеріледі. 3. Сабақтың мақсатымен таныстыру. 4.Білімдерін жинақтау: Ауызша жаттығу (3 минут) а. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет өтілген материалдарды еске түсіру б. Әдісі: ауызша сұрақ жауап в. Ұйымдастыру формасы: ауызша г. Оқушы: тапсырмаларды ауызша орындайды д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағалайды е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады, не ескерту беріледі ж. Мазмұны: презентацияда көрсетіледі Сұрақтары: 1. Екі координаталық түзу координаталық ... ты құрайды (жазықтық) 2. Координаталық түзу – бұл координаталық … (ось) 3. Екі координаталық түзу қиылысқанда қандай бұрыш пайда болады? (тік) 4. Жазықтықта нүктені аңықтайтын сандар жұбы қалай аталады? (координата) 5. Нүктенін бірінші координатасы қалай аталады? (абсцисса) 6. Нүктенін екінші координатасы қалай аталады? (ордината) 7. Координаталық жазықтық координаталық түзулерімен неше бөлікке бөлінеді? (төрт) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-23 мин 24-37 | 5.Жаңа тақырыпты меңгерту. Жұптық жұмыс (10 минут) а. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеру б. Әдісі: жұптық жұмыс в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша г. Оқушы: тапсырмаларды нұсқаулыққа сәйкес орындайды, қорытындылайды д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қорытынды жасауға жетелейді. е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады ж. Мазмұны: (Қосымша 1) Тапсырма 1. 1. Нүктелерді 1 ден 17 дейін нөмірлендер; 2. Сол жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін бірінші қатарына жазыңдар; 3. Оң жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар; 4. Екі фигуранын сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз; 5. Қорытындылаңыз;
Тапсырма 2. 1. Екі бөлігінің сәйкес нүктелерін1 ден 18 дейін нөмірлеңдер; 2. Фигураның жоғарғы бөлігінің барлық нүктелерінің координаталарын анықтап кестенің бірінші қатарына жазыңдар; 3. Фигураның төменгі бөлігінің барлық нүктелерінің координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар; 4. Екі бөліктің сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз; 5. Қорытындыланыз;
6. Жұптық жұмысты қорытындылау: (3 минут) а. Мақсаты: Жұптық жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау в. Әдісі: жұптық жұмыс г. Ұйымдастыру формасы: ауызша д. Оқушы: қорытындылайды Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды. Қорытынды: (Слайд 4,5) 1. ОУ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін ординаталары өзгермейді, ал абсциссалары қарама қарсы болады. 2. ОХ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін абсциссалары өзгермейді, ал ординаталары қарама қарсы болады. 7.Көзге жаттығу 8.Практикалық тапсырма (12 минут) а. Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту б. Әдісі: жұптық жұмыс в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша г. Оқушы: бүгінгі алған білімдерін пайдаланып, тапсырмаларды орындайды д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс жасайды е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады ж. Мазмұны: (Қосымша 2) №1. Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз: №2. Абсцисса осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз: №3.а) Абсцисса осіне; б) ордината осіне қарағанда А(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелерінің координаталарын табыңдар. №4. Берілген нүкте мен үшбұрышқа симметриялы фигураларды салыңыз. Қандай әрекеттер жасағаныңызды айтып түсіндіріңіздер. Нұсқаулық: 1.Нүкте және үшбұрыш сызыңыздар; 2.Кез келген жерден түзу сызыңыздар; 3.Нүктені және үшбұрышты осы түзуге байланысты симметриялы көшіріңіздер. Ескерту: Жекелеген оқушыларға №2 есептің шартын өзгертіп, ордината осіне қарағанда симметриялы фигура тұрғызуға тапсырма беруге болады. 9. Жұптық жұмысты қорытындылау: (2 минут) а. Мақсаты: Жұптық жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау в. Әдісі: жұптық жұмыс г. Ұйымдастыру формасы: ауызша д. Оқушы: қорытындылайды Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды. | 1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015 2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин Қосымша 1 Қосымша 1 «Көз жаттығуы» Қосымша 2 Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | 10.Сабақты қорытындылау: Өтілген мақсат бойынша сұрақтар: 1.Сабақтың мақсаты қандай болды? 2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек? 3.Нені түсінбедіңдер? 11. Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу және өзін-өзі бағалау парағын толтырту - тақырып бойынша не білемін? - тағы не білгім келеді? - не істей аламын? 12.Үйге тапсырма: Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз. | Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Көз жаттығуын жасату. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру