Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Санды теңдіктер және олардың қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.1
тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- санды теңдіктер анықтамасын біледі;
- тура санды теңдіктер анықтамасын біледі;
- тура санды теңдіктердің қасиеттерін біледі;
- тура санды теңдіктердің қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.
Бір, екі, үш,
Сыныптың іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Cынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сабақтың жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен сабақтан пысықтау cұрақтары қойылады. Төменде берілген мысалдар бойынша сұрақтар қойылады, оқушылар жауап береді.
Мұғалім: Санды өрнектегі амалдардың орындалу реті қандай?
18:6:3 = 1
(15 + 5):4 = 5
300-200+150 = 250
Мұғалім: Нәтижесі неге тең? Сонда қандай теңдік шығады?
Оқушыларға сұрақтарды қоя отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Санды теңдіктер және олардың қасиеттері».
Санды теңдіктермен сіздер 5-ші сыныпта өттіңіздер, анықтамасын еске түсірейік.
Анықтама: Өзара тең екі санды өрнектің «=» белгісімен жазылуы санды теңдік деп аталады.
Мысалы; 25 = 25;
9
Мысалдар келтіре отырып санды теңдіктің анықтамасын еске түсіреді. Содан соң оның қасиеттерімен танысып, мысалдармен түсіндіріледі.
Тура санды теңдіктердің қасиеттері:
1.Егер а=b және b= с болса, онда а=с.
Мысалы: 9 және 36 онда 9
2. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік теңдік шығады.
Егер а = b болса, онда а+ с= в + с.
Мысалы: 8,4 + 3,6 = 12.
8,4 + 3,6 + (– 3,6 )= 12 + (– 3,6).
8,4 = 12 – 3,6.
8,4 = 8,4.
Демек, тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне көшіруге болады.
3.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік теңдік шығады.
Егер а= в болса, онда ас= вс; а:с= в:с; с
Мысалы: 3 – 11 = - 8.
(3 – 11) = (- 8.
- 16 = - 16.
4. Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады.
Мысалы 42:(-6) = -7
12*5 = 60
42:(-6) + 12* 5 = (-7) + 60
53 = 53
5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады.
5 + 3 = 8
9 – 2 = 7
(5 + 3) (9-2) = 87
56 = 56.
Жаңа тақырыпты айтып түсіндіріп болған соң, оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық жұмыс беріледі. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып тапсырмаларды орындайды, түсінбеген тапсырмалары болса, біріне-бірі түсіндіреді. Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындап, «Карусель» әдісімен жұптар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
Жұптық жұмыс
А деңгейі
№841. Тура санды теңдіктерді таңдап алыңдар:
1) 6+3 = 1,8 4) ·6 -1 = 4+1
2) 2,8-9 = 3,4·2 5) ·8+7 = 2,4:0,3
3) 0,9·6+2 = 10-2,6 6) 1,6+4 = 0,8·2+4.
№842. Берілген санды теңдіктің:
1) 7,2+1,8=9; 3) 6-1,3=4,7
2) 1,4·5=7 4) 9:1,8=5
екі жақ бөлігіне де:
а) 1,3; ә) -1,8; б) -11 сандарын қосыңдар.
Жауаптары:
1) 7,2+1,8=9
7,2+1,8+1,3=9+1,3 7,2+1,8-1,8=9-1,8 7,2+1,8-11=9-11
10,3=10,3 7,2=7,2 -2=-2
2) 1,4∙5=7
1,4∙5+1,3=7+1,3 1,4∙5-1,8=7-1,8 1,4∙5-11=7-11
8,3=8,3 5,2=5,2 -4=-4
3) 6-1,3=4,7
6-1,3+1,3=4,7+1,3 6-1,3-1,8=4,7-1,8 6-1,3-11=4,7-11
6=6 2,9=2,9 -6,3=-6,3
4) 9:1,8=5
9:1,8+1,3=5+1,3 9:1,8-1,8=5-1,8 9:1,8-11=5-11
6,3=6,3 3,2=3,2 -6=-6
№844. Тура санды теңдіктің қасиетін пайдаланып,
1) 1,2·(-7)=-8,4 теңдігінің екі жақ бөлігін де:
а) -5-ке; ә) 3-ке; б) 0,5-ке көбейтіңдер;
2) 5,4·2=10,8 теңдігінің екі жақ бөлігін де:
а) -3-ке; ә) 9-ға; б) 6-ға бөліңдер.
Жауаптары:
1) а) 1,2 ∙ (-7) =-8,4; 1,2 ∙ (-7) ∙ (-5) =-8,4 ∙ (-5); 42=42
б) 12 ∙ (-7) =-8,4; 1,2 ∙ (-7) ∙ 3 =-8,4 ∙ 3; -25,2=-25,2
в) 1,2 ∙ (-7) =-8,4; 1,2 ∙ (-7) ∙ 0,5 =-8,4 ∙ 0,5; 4,2=4,2
2) а) 5,4 ∙ 2 =10,8; 5,4 ∙ 2 ∙ (-5) =10,8∙ (-5); 54=54
б) 5,4 ∙ 2 =10,8; 5,4 ∙ 2 ∙ 3 =10,8 ∙ 3; 32,4=32,4
в) 5,4 ∙ 2 =10,8; 5,4 ∙ 2 ∙ 0,5 =10,8 ∙ 0,5; 5,4=5,4
В деңгейі
№846. Тура санды теңдік шарты орындалатындай етіп, жақшаны қойыңдар:
1) (2-8)·0,5=48:(-16); 2) 72:(9+3)=3,2+2,8;
3) 9,6:1,2=5·(0,7+0,9) 4) 9·(2-8)=20·(-2,7)
№847. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:
- 0,6 - 2 = -1,4 және 2+1,8=3,8
2 + 1,8 = 3,8
2,6 - 0,2 = 2,4
2,4 = 2,4
- 1,7 + 6 = 7,7 және 0,5-1,7=0,4·(-3)
0,5 - 1,7 = - 1,2
2,2 + 4,3 = 6,5
6,5 = 6,5
- 1,8·(-5)= -2·4,5 және -5·1,2=-2·3
-5 · 1,2 = -2·3
- 9·(-6) = 4·13,5
54 = 54
- ·() = -0,15 және ·()=-0,6
·() = -0,6
·= -0,15·(-0,6)
0,09 = 0,09
С деңгейі
№850. Тура санды теңдіктердің a = b, b = c, a = c қасиеттерін пайдаланып, берілген өрнектерден үш тура санды теңдік құрастырыңдар:
- 32 8; 14,4 : 0,2; 100 – 28;
32 8 = 14,4 : 0,2; 14,4 : 0,2 = 100 – 28; 100 – 28100 – 28
- 15 1,4; 23 + 13; 8,4 : 0,4;
15 1,4 = 23 + 13; 23 + 13 = 8,4 : 0,4; 15 1,4 = 8,4 : 0,4
- 2,5 12; 4,5 : 0,15; 8 3 + 6.
2,5 12 = 4,5 : 0,15; 4,5 : 0,15 = 8 3 + 6; 2,5 12 = 8 3 + 6.
Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті: «Көңілді қалпақ» ойыны.
Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табады.
Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық
Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға екі нұсқада өз беттік жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды. Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.
Өз беттік жұмыс
1 нұсқа
- Өрнектің мәнін табыңдар:
- – 259 – (64 + 160) = 11 6 * 6 : 9 *3 : 2 = 6.
- Берілген теңдіктің дұрыс, дұрыс емес екенін анықта:
5 * 2 + 48 = 59 6 * 3 < 9
- < 32 (10 + 4) : 2 = 7
- < , > ,= таңбаларын қойғанда теңдік дұрыс теңдік болсын:
3 * 8 – 20 : 4 > (3 * 8 – 20) : 4
30+ 36 + 4 =30+( 36 + 4)
- : ( 6 * 2) = 12 : 6 * 2
- Амалдар таңбасын қойғанда теңдік тура теңдікке айналсын.
3:33 = 3
2 нұсқа
- Өрнектің мәнін табыңдар:
- – 329 – (470 + 91) = - 675 8 * 3 : 4 *6 : 9 = 4.
- Берілген теңдіктің дұрыс, дұрыс емес екенін анықта:
6 * 5 + 20 = 10 42 * 7 < 11
- < 81 8+ (24 - 16) = 7
- < , > ,= таңбаларын қойғанда теңдік дұрыс теңдік болсын:
(3 * 6 – 8) : 2 > 3 * 6 – 8 : 2
20+ 17 + 3 = 20+( 17 + 3)
- : 4 * 2 = 16 : (4 * 2)
- Амалдар таңбасын қойғанда теңдік тура теңдікке айналсын.
5:55 = 5.
Өз беттік жұмысты орындап болғаннан соң, оқушылар дайын жауаппен бірін-бірі тексеріп бағалайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.
Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Үйге тапсырма оқулық бойынша №848 есеп беріледі. Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады және «Бас бармақ» әдісі бойынша қорытындылайды.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру