Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Санды теңдіктер және олардың қасиеттері»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.1

тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • санды теңдіктер анықтамасын біледі;
  • тура санды теңдіктер анықтамасын біледі;
  • тура санды теңдіктердің қасиеттерін біледі;
  • тура санды теңдіктердің қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Cынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. Қателері болса айтып, тақта да немесе орындарынан орындайды. Өткен сабақтан қайталау сұрақтарын презентация бойынша беріледі.

«Миға шабуыл» - өткен сабақтан сұрақтар қойылып, жауап алынады.

С-1: Санды теңдік дегеніміз не? Мысал келтір

С-2: Санды теңдіктің 1-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-3: Санды теңдіктің 2-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-4: Санды теңдіктің 3-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-5: Санды теңдіктің 4-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

С-6: Санды теңдіктің 5-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.

Оқушылар өткен сабақтың сұрақтарына жауап бере отырып, мысалдармен толықтай түсіндіреді. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды ауызша немесе смайликтермен мадақтайды.

Сыныпта топтық жұмысын ұйымдастыру, ол не үшін керек:

Топтағы жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы – әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады. Жоспарланған жұмыстың нәтижелі қорытындысында мақсатты түрде жүргізілген әңгімеге, көзделген дүниені талқылауға тікелей байланысты. Себебі, оқушылардың өзара әңгімелесуі, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылмай еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым –қатынастың артуына, топтық жұмыстың жандануына оң әсерін тигізеді.                   

Сыныпты 4 топқа қиындылары бойынша бөлу, қиындылардан сурет құрастыру. Әр топқа өткен сабақ бойынша тапсырмалар беріледі. Топтық жұмыста оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасайды. Түсінбеген оқушылар болса, оларға да тапсырмалардың шығу жолдарын қабілеті жоғары оқушылар түсіндіреді, яғни өзара көмек ұйымдастырылады. Топта бос отыратын оқушы болмайды, барлығы бірдей жұмыс жасап жұмыстанады. Топтық жұмысты орындап болғаннан соң әр топ мүшелері тақатада тапсырмаларын орындап көрсетеді, ал қалған топтар орындарынан жазады және топтар бірін-бірі бағалайды «Екі жұлдыз, бір тілек».

1 топ

№1.Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауыстыруға болады? Мысал келтіру.

№2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:

  • 7 : 1,4 = 5 және 0,6. 6,8 = 6,8
  • -9 : 1,5 = - 6 және 4 = 3,2 : 0,8. -2 = - 2
  • 0,6 – 2 = - 1,4 және 2 + 1,8 = 3,8. 2,4 = 2,4.

2 топ

№1.Екі тура санды теңдік қалай қосылады? Мысал келтіру.

№2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп азайтуды орындаңдар:

  • 7 : 1,4 = 5 және 0,6. 3,2 = 3,2.
  • -9 : 1,5 = - 6 және 4 = 3,2 : 0,8. - 10 = -10
  • 0,6 – 2 = - 1,4 және 2 + 1,8 = 3,8. – 5,2 = - 5,2.

3 топ

№1.Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? Мысал келтіру.

№2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді орындаңдар:

  • 3,8 - 5 = - 1,2 және . -3,6 = - 3,6.
  • 2 : 0,4 = 5 және 18 = 9 : 0,5. 90 = 90.
  • 1,8 = 9 және 1,3 + 2,5 = 3,8. 34,2 = 34,2.

4 топ

№1. Санды тура теңдіктің 3-ші қасиетінің айтылуы? Мысал келтіру.

№2. Тура санды теңдіктің пайдаланып, :

  • 1,5 теңдігінің екі жақ бөлігінде

а) -4 – ке; б) 0,2 – ге көбейтіңдер. а) 30 = 30 ; б) - 1,5 = - 1,5.

  • 2,4 : 0,4 = 6 теңдігінің екі жақ бөлігінде

а) - 3 – ке; б) 2 – ге бөліңдер. а) -2 = - 2 ; б) 3 = 3.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін әрі қарай топ арасында «Кім жылдам?» жарысы ұйымдастырылады. Әр топқа бірдей тапсырмалар беріліп, орындарынан тез орындауға талпынады, яғни оқушылардың есеп шығару шапшандығын байқау. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді.

5а = 15 және 3b = 6

дұрыс санды теңдіктер болса, онда

2а = 10 және 4b = 8

дұрыс санды теңдіктер болса, онда

1

Теңдіктің екі бөлігіне де 2 – ні қосыңдар:

5а + 2 17; 3b + 2 = 8.

Теңдіктің екі бөлігіне де (-2) – ні қосыңдар:

2а – 2 = 8; 4b – 2 = 6.

2

Теңдіктің екі бөлігін де 2 – ге көбейтіңдер:

10а 30; 6b = 12

Теңдіктің екі бөлігін де

(-2) – ге көбейтіңдер:

-4а = -20 ; -8b = - 16

3

Теңдікті мүшелеп қосыңдар:

5а + 3b = 21

Теңдікті мүшелеп қосыңдар:

2а + 4b = 18

4

Теңдікті мүшелеп көбейтіңдер:

15 аb = 90

Теңдікті мүшелеп көбейтіңдер:

8аb = 80

Оқушылармен сергіту сәтін жүргізу. «Көңілді күн» - ән әуенімен оқушылар әр түрлі қимылдар жасап жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8\

Сергіту сәтінен соң оқушыларға екі нұсқада жеке жұмыс беріліп оқушылардың оқу мақсатын қалай меңгергені бақыланады. Мұғалім өзі тексеріп қорытындысын айтады.

Жеке жұмыс

Нұсқа 1

№1. Тура санды теңдікті анықтаңдар:

32 : 4 + 9 = 3 × 5 + 2

(34 – 18) : 4 = 56 : 7 – 28 : 7

400 – 210 + 100 = 600 + 200 – 510

64 : 8 + 25 : 5 = 36 : 6 + 42 : 7

8 × 9 + 30 = 9 × 9 + 20.

№2. Берілген өрнектерден тура және тура емес санды теңдік құрастырыңдар:

40 : 8 + 9

64 – 24 + (5 × 3)

29 – (3 × 4) + 5

28 – (7 × 2)

100 – 9 × 5

32 – 6 × 2 + 3 × 3

(45 – 35) : 2

5 × 4 + 5 × 5

Тура санды теңдіктер

__40 : 8 + 9=28 – (7 × 2)____________ 64 – 24 + (5 × 3)= 100 – 9 × 5____________________

Тура емес санды теңдіктер

29 – (3 × 4) + 5=32 – 6 × 2 + 3 × 3 5 × 4 + 5 × 5=(45 – 35) : 2

(45 – 35) : 2= 29 – (3 × 4) + 5 5 × 4 + 5 × 5=32 – 6 × 2 + 3 × 3

32 – 6 × 2 + 3 × 3= (45 – 35) : 2 5 × 4 + 5 × 5=29 – (3 × 4) + 5

Нұсқа 2

№1. Тура санды теңдікті анықтаңдар:

(47 – 38) × 5 = 36 : 6 × 8

6 × 4 + 2 × 7 = (30 – 2) : 7

72 : 9 × 4 = 12 : 3 × 8

300 + 200 + 6 = 706 – 100 – 100

3 × 8 + 36 = 8 × 8 – 36 : 9

№2. Берілген өрнектерден тура және тура емес санды теңдік құрастырыңдар:

30 : 6 + 11

36 + 20 – (8 × 5)

34 – (6 × 3) + 11

32 + (14 : 2)

100 – (8 × 9)

44 – 5 × 3 + 4 × 2

(64 – 40) : 3

9 × 3 + 4 × 2

Тура санды теңдіктер

______30 : 6 + 11 = 36 + 20 – (8 × 5)____________________________

Тура емес санды теңдіктер

32 + (14 : 2) ;_100 – (8 × 9); 34 – (6 × 3) + 11; 44 – 5 × 3 + 4 × 2;

(64 – 40) : 3; __9 × 3 + 4 × 2.

Жеке жұмысты орындап болғаннан соң, мұғалім өзі тексеріп қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма беріліп, оны орындау жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма шығармашылық тапсырма беріледі, «Тура санды теңдікке» есеп құрастыру.

Оқушылар бүгінгі өткен сабақтары бойынша өз ой-пікірлерін айтады және өз қимылдарымен сабақтың қалай өткенін білдіреді.

Рефлесия: «Пантомима» .

Қолдарын жоғары көтерсе – сабақ жақсы өтті,

Басы төмен - қанағаттанған жоқ,

Беттерін қолымен жауып алса – ұнамады.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу