Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Алгебралық өрнектерді түрлендіру

6.2.1.9

алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру, талқылауды қажет ететін сұрақтар болса жауап беру.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу.

Бүгінгі сабақты өткен тақырыптармент сабақтастыру мақсатында «Ыстық орындық» жүргізу.

  • қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
  • алгебралық өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндері деген не?
  • жақшаларды ашу ережелері;
  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару;
  • ұқсас мүшелер;
  • ұқсас мүшелерді біріктіру;
  • теңбе – тең өрнектер.

Сабақ үрдісінде ұсынылатын деңгейлік тапсырмаларды жеке, жұптық етіп бөліп беруді ұсыныңыз.

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

Жеке жұмыс

А деңгейі

№1. Жақшаларды ашыңдар:

  • ;
  • ;
  • ;
  • .

№2. Әріптің қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды:

  • ;
  • ;
  • ;
  • .

№3. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

Дескриптор: Білім алушы:

  • жақшаларды дұрыс ашады;
  • әріптің қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайтынын табады;
  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.

Көзге жаттығу орындау

Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптық жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады

Жұптық жұмыс

В деңгейі

№1. Тура теңдік болатындай етіп, жақша қойыңдар:

  • ;
  • ;
  • ;
  • .

№2. Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:

  • ;
  • ;
  • ;
  • .

№3. Өрнекті ықшамдаңдар:

  • ;
  • .

С деңгейі

№4. Өрнектің мәнін табыңдар:

  • , мұндағы ;
  • , мұндағы

Жауабы: 2,2; 16.

Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Оқушылар біріккен жұмысты әрі жалғастырады, бұл олардың қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуын шыңдайды, себебі бір – біріне түсіндіреді, пікірлеседі т.с.с.

Жалпы сыныптық жұмыс

Сыныппен талқылап орындауға ұсынылады.

№1.

х – тің қандай мәнінде өрнегінің мәні өрнегінің мәнінен 3 – ке кем болады?

Жауабы: x = 4.

№2.

Суретте диаметрі D см дөңгелектің ішінен қабырғасы а см болатын бірдей 5 шаршы қиып алынған. Дөңгелектің қалған ауданының әріпті өрнегін құрып, оның сандық мәнін табыңдар. Мұндағы D = 8, a =2.

Жауабы: S = 30,24 см2.

Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақты қорытындылау:

Сабақ соңында оқушылармен «аяқталмаған сөйлем» рефлексиясы жүргізіледі:

- мен білмейтін едім....

- мен бүгін білдім.......

- маған бүгін ұнады......

- маған бүгін қиындық туғызды.....

- менің білгім келеді....

Үйге тапсырма:

№ 818. және өрнегінің мәндерін тауып, кестені толтырыыңдар:

х

-1

0,5

4

-3

0,9

өрнегінің мәні мен өрнегінің мәні өзара қандай сандар?

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу