Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Алгебралық өрнектерді түрлендіру

6.2.1.9

алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастырыңыз.

«Математиктер биі»

 Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды, формула, қасиеттерді еске түсіре отырып жұмыстанамыз.

Жеке орындалатын тапсырмалар:

Бұл жеке жұмыстарды әр оқушыға жеке таратыңыз, буклет ретінде ұсынуға да болады.

№1. Сөйлемді аяқтаңыз:

  • жақша алдында «+» болса, онда жақшаны ашқанда жақша ішіндегі ... ;
  • жақша алдында «-» болса, онда жақшаны ашқанда жақша ішіндегі ... .
  • ұқсас қосылғыштарды қосу ... .

№2. Формуланы жазыңыз:

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

Жауабы: -6с; ; ; ; .

№4. Өрнектің мәнін табыңыз:

мұндағы , .

Жауабы: -6.

№5. Тест тапсырмасын орындаңыз:

Ықшамдаңыз:

A

B

C

D

1

5

14

-5

-14

2

-30mk

30mn

-30mnk

30mnk

3

-0,3ab-2,4c

-0,3ab-12,24c

-0,3ab +2,4c

0,3ab+12,24c

4

-9n+ 32k

-9n-32k

9n-32k

9n+32k

5

6m-10mk

6m+10mk

-3m+ 10mk

3m-10mk

Жауабы: В; С; А; В; D.

Дайын жауапты слайд арқылы көрсетіңіз, қатар отырған оқушылар дәптерлерін ауыстырып, өзара бағалау жүргізеді, мұғалім қадағалайды.

Оқушыларды әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйрету, жақсы қарым-қатынаста, түсінушілік жағын есте ұстап жұмыстану дағдыларын жетілдіру мақсатында жұптық жұмыс ұсыныңыз.

Жұптық жұмыс

№1. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңыз:

  • ;
  • .

Жауабы: ; .

№2. Өрнектің мәнін табыңыз:

  • , ;
  • , .

Жауабы: 15; .

№3. Есептерді шығарудың әріпті өрнектерін жазыңдар:

1) Дүкенге 32 кг кәмпит әкелінді. Оларды пакеттер мен коробкаларға бөліп салды, пакет коробкадан 16 – ға кем. Әр пакетке 1,5 кг , ал әр коробкаға 0,5 кг кәмпит салынған болса, бұған неше пакет, неше коробка керек болды?

2) Катер ағысы 2 км/сағ өзенде жүзіп келеді. Өзен ағысымен 6 сағ және ағысқа қарсы 8 сағ жүзгенде барлығы 164 км болды. Егер осы жылдамдықпен көлде 54 км жүзетін болса, онда оған қанша уақыт жұмсайды?

Жауабы: 12 п, 28 к; 4,5 сағ.

№4. Теңдеуді шешіңіз:

  • ;
  • .

Жауабы: ; .

Дескриптор: Білім алушы:

  • жақшаны дұрыс ашады;
  • өрнектің мәнін табады;
  • есеп шарты бойынша өрнек құрады;
  • теңдеуді шешеді.

Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Қарапайым есеп ұсыныңыз, сол есептердің жауабы бойынша сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.

Топтық жарыс ұйымдастыру (қажет болса көмекші алу).

Қай топ бірінші дайын болса, сол топ есепті шығарылу жолымен таныстырады, өзіңіз тексеруді жүргізесіз. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу мақсатында.

БЛИЦтурнир

Әр тапсырмаға жауап берген топ түсіндірмесімен айтуы тиіс.

1) Бір сыныпта а оқушы, ал екіншісінде бұдан 20% -ға артық. Екі сыныпта қанша оқушы бар?

2) Тауарды b тг сатқанда, табыс өз бағасынан 8% - ға артық болды. Тауардың өз бағасы қандай?

3) Футболка арзандағанға дейін р тг болды, ал арзандағанда у тг болды. Баға қанша пайызға өзгерді?

4) Жұмысшылар жалақысын с тг, оны алдымен 10% -ға, содан кейін жаңа бағаны 40 % - ға арттырды. Екінші рет өсіргенде жұмысшылар жалақысы қандай болды?

5) Компьютер бағасын бірінші 20 % - ға, содан кейін 50 % - ға төмендетті. Содан кейін компьютер р тг болды. Бастапқы баға қандай еді?

Жауабы: 2,2а; ; ; 1,54с тг; 2,5р.

Әр тапсырмаға берілген жауапты мұғалім бақылайды.

Сабақты қорытындылау:

  • жақшаны ашу ережелері;
  • ұқсас мүшелер;
  • ұқсас мүшелерді біріктіру;
  • теңбе – тең өрнектер;
  • теңбе – тең өрнектерді түрлендіру.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

.

Үйге тапсырма

Теплоходтың ағыспен жүргендегі жылдамдығы 27,5 км/сағ. Оның ағысқа қарсы жүргендегі жылдамдығы ағыспен жүргендегі жылдамдығынан 20 % - ға кем. Теплоходтың өз жылдамдығын табыңыз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
  • Математика 6 класс, Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон, 3 бөлім, Москва, ISBN 978-5-85429-305-1.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу