Масштаб. Математика, 6 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Масштаб

Оқу мақсаттары:

6.1.1.5

масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3

картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жаза алады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.

Ой-қозғау:

С-1: Масштаб дегеніміз не?

С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?

С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?

Өз беттік жұмыс

Тест бойынша жұмыс.

Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Жер бетіндегі 20 м арақашықтық картаға 5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.

2. Жоспарда үйдің ұзындығы 25 см. Егер жоспар 1: 300 масштабымен жасалса, онда үйдің жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.

2 жұп

№1. Екі қаланың арақашықтығы 1300 км. Осы екі қаланың арақашықтығы масштабы 1:10000000 картада неше сантиметр.

2. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен 2,4 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы 2:1 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?

Үйге тапсырма:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Масштаб. №133 есеп.

«Сөйлемді жалғастыр»

- маған ең ұнағаны ……

- мен үшін күрделі болғаны …..

-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу