Масштаб. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есжанова С.Ғ. | |||||||||
Сынып: 6 А, 6В | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Масштаб | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру; 6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану | |||||||||
Жетістік критерийлері | Сандар мен шамаларды берілген қатынаста бөледі; Картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады; Есептер шығаруда пропорцияның негізгі қасиетін қолданады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсініктеме береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы талқылайды; | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, жаңаны тез игеруге дайын болу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, экономика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, флипчарт | |||||||||
Бастапқы білім | Шеңбер, дөңгелек, радиус анықтамаларын біледі. Бөлшектің негізгі қасиетін қолдана алады, бөлшектермен арифметикалық амалдарды орындайды, теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа даярлықтарын тексеру. Оқу мақсатын хабарлау Картаның масштабын табуды; берілген масштаб бойынша Жер бетіндегі арақашықтықты табуды; Жер бетіндегі арақашықтық және масштабы берілген картада кескінделетін кесінді ұзындығын табуды үйрету. Күтілетін нәтижелер А) Масштабтың сандық мағынасын біледі. В) Картадағы арақашықтық пен жер бетіндегі арақашықтықтың арасындағы байланысын ажырата отырып, есептер шығарады; С) Өмірмен байланыстыра отырып масштаб өзгерісін анықтап, қалай өзгеретіні туралы ой тұжырымдайды. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары 1 – қадам. «Білу» 5мин Анықтаңдар: 1) Масштаб деген не? 2) Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есеге кемісе, сызбаның масштабы неге тең? 3) Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсысы кіші? а) 1:20 ә) 100:1 б)1:20000 в) 75:1 4. Масштабы: а) 1:100000 ә) 1:50000 б) 1:25000 Картада жер бетіндегі 1 км қашықтық неше см кесіндемен кескінделеді? Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады. Мысалдар сызбада барлық өлшемдері бірдей есе кемігенде ғана дененің өзі мен оның сызбасы ұқсас болатын шартын қорытып шығарады. | |||||||||
Сабақтың ортасы түсіндіру 60 мин | 2 - қадам: «Түсіну». Диалогтық оқыту: 5 мин Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді. Бос орынға қажет сөзді жаз: 1.Неліктен кішкентай бөлшектерді сызбаға үлкейтіп түсіреді? 2. Неліктен 1: 100000 масштабты картадағы 1 см кесіндіге жер бетінің 1 км – і сәйкес келеді? 3. 210 километрге тең болатын екі қаланың арақашықтығы 10 сантиметрмен берілген. Картаның масштабы қандай? Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады. 3 – қадам: «Талдау». Сыни ойлауын дамыту: 3 мин Салыстырыңдар: а) 1: 50 масштабы ә) 50 : 1 масштабы Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады. а) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен кіші ә) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен 4 – қадам: «Жинақтау» 10 мин Сыни ойлауын дамыту: Оларға масштабы 1: 2 500 000 болатын Қазақстанның географиялық картасынан 1 топқа: Астана мен Орал, 2 топқа: Ақтау мен Орал, 3 топқа: Атырау мен Орал, 4 топқа:Атырау мен Ақтөбе арасындағы арақашықтықты сызғышпен өлшей отыра, жер бетіндегі арақашықтығын табу. Оқушылар топта картамен жұмыс жасап, толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды. Тақырыпқа түсіненнен кейін оқушылар тағы да өздері мысалдар келтіріп жазады. Тақтадағы мысалдарды дәптерлеріне жазып отырады. Топтық жұмысты қорғау кезінде: 1. Масштабы берілген картадағы екі қаланың арақашықтығын өлшейді. 2. Масштаб анықтамасын пайдалынып, пропорция құрады. 2. Алынған мәліметтерді жолдастарыңның нәтижелерімен салыстырып, бақылайды, бағалайды 5 – қадам: «Қолдану» Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар 15 мин № 184 (А деңгейі) Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар. № 190 (В деңгейі) Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Астана қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар. №192 (1) (С деңгейі) Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүреді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см болса, картаның масштабын табыңдар. Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды. №184 170 км = 170 000 м = 17 000 000 см 17 мм = 1,7 см Картаның масштабы = = 1 : 10 000 000. №190 х – екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы 17 мм = 1,7 см х= 1,7 · 60 000 000 = 102 000 000 (см) = 1 020 000 м = 1020 см. №192 (1) 1) Мотоциклші неше километр қашықтықты жүрді? 40 · 1,4 = 56 (км) Нақты арақашықтық – 56 км = 5 600 000 см. Картадағы арақашықтық 7 см. Масштаб 1 : 800 000. | Математика 6 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Неш- ков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина, 2010. — 384 с | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлекция 6 – қадам: «Баға беру» 2 мин Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, масштаб не үшін, қайда қолданылады? Топтарыңда мысал есептер құрастырып, оны талқылап, шешуін табыңдар. Оқушалар жеке, топта талқылайды. Әр қайсысы жеке өзі есептер құрастыра отырып, топта талқылайды, шешімін тауып, өзара бағалайды. 5)Үйге тапсырма - ережелер қайталау | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Қосымша есептер
Масштаб. 1км = 1000 м= 100000см
- 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз.
- 4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз.
- 1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы . Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз.
- 50:1 масштабымен салынған жәндіктің қанатының ұзындығы 15 см-ге тең. Қанатының масштабтағы ұзындығын табыңыз.
- Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері 4см және . Бөлме салынған кезде еденнің ені 5м болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз.
- Екі елді мекеннің арасы . 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз.
- Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай?
- Масштабы 1: 10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы – Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50% - ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз.
- Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы . Қалалардың ара қашықтығын табыңыз.
- Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада . Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз.
- Тік төртбұрышты алаңның ауданы . Масштабы 1: 7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы тік төртбұрыш шықты. Алаңның еденін табыңыз.
- Ұзындығы (нақты өлшемі) болатын кесінді сызбада . Масштабты табыңыз
- Көп қабатты үйдің биіктігі . Сызбадағы көп қабатты үйдің биіктігі . Масштабты тап.
- Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы . Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы . Картаның масштабын табыңдар.
- Жер бетіндегі арақашықтық картада 4,8см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді?Жауабы:
- Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы , ені болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай?
- Тіктөртбұрышты алаңның ауданы . Осы алаңды масштабы 1 : 6 000 сызбада кескіндегенде, ені тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
- Үстелдің ұзындығы 1,8м, ені 0,7м. Масштабы 1 : 100 болатын сызбадағы үстелдің ауданын табыңдар.
- Машина доңғалағының масштабы 1 : 50 болатын сызбадағы радиусы . Машина доңғалағының диаметрін табыңдар.
- Күн мен жердің арақашықтығы , ал сызбада ол 30 см-ге сәйкес. Егер ай мен жердің арақашықтығы болса, онда сызбадағы арақашықтық қанша сантиметрге тең болады?
Жауаптарымен:
- 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз. Жауабы: 16
- 4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз. Жауабы: 50
- 1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы . Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз. Жауабы: 3000км
- 50:1 масштабымен салынған жәндіктің қанатының ұзындығы 15 см-ге тең. Қанатының масштабтағы ұзындығын табыңыз. Жауабы:
- Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері 4см және . Бөлме салынған кезде еденнің ені 5м болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз. Жауабы:
- Екі елді мекеннің арасы . 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз. Жауабы: 8см
- Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай? Жауабы:
- Масштабы 1: 10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы – Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50% - ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз. Жауабы:
- Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы . Қалалардың ара қашықтығын табыңыз. Жауабы:
- Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада . Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы: 6400м2
- Тік төртбұрышты алаңның ауданы . Масштабы 1: 7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы тік төртбұрыш шықты. Алаңның еденін табыңыз. Жауабы:
- Ұзындығы (нақты өлшемі) болатын кесінді сызбада . Масштабты табыңыз.
Жауабы: 1: 250
- Көп қабатты үйдің биіктігі . Сызбадағы көп қабатты үйдің биіктігі . Масштабты тап.
Жауабы: 1 : 4000
- Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы . Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы . Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1 : 5 000 000
- Жер бетіндегі арақашықтық картада 4,8см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Жауабы:
- Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы , ені болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай? Жауабы: 6м,5м
- Тіктөртбұрышты алаңның ауданы . Осы алаңды масштабы 1 : 6 000 сызбада кескіндегенде, ені тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 300м
- Үстелдің ұзындығы 1,8м, ені 0,7м. Масштабы 1 : 100 болатын сызбадағы үстелдің ауданын табыңдар. Жауабы: 1,26 см2
- Машина доңғалағының масштабы 1 : 50 болатын сызбадағы радиусы . Машина доңғалағының диаметрін табыңдар. Жауабы:
- Күн мен жердің арақашықтығы , ал сызбада ол 30 см-ге сәйкес. Егер ай мен жердің арақашықтығы болса, онда сызбадағы арақашықтық қанша сантиметрге тең болады?
Жауабы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру