Масштаб. Математика, 6 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Масштаб

Оқу мақсаттары:

6.1.1.5

масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3

картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жаза алады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу. Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді.

Ой-қозғау:

C-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не?

С-2: Тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?

С-3: Кері пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?

Топтық жұмыс

Тәжірибелік жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа біріктіріп (тақта, есік, мұғалім үстелі беттерінің) ұзындығын және енін өлшеуді тапсырамын.

Алынған өлшемдерді А4 парағына орналастыратындай етіп, бірдей есе кемітіп жазыңдар.

А4 парағына заттардың кішірейтілген ауданын сызыңдар.

Заттардың ұзындығын, енін неше есе кішірейттіңдер?

Жаңа сабақ:

Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.

Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.

есеп.

Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақышықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңыздар.

Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады.

Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ; үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады.

Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады.

Мысалы: 5:1; 10 :1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары.

Үйге тапсырма:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Масштаб № №120, №128, №139

Бүгінгі сабақта... білдім

… үйрендім

қиындықт туындады

әлі де жұмыстануым керек

5. … маған қызық болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу