Әртүрлі теңдеулерді шешу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: 4 A Теңдеу, теңсіздік, өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cмагулова М.Е.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Әртүрлі теңдеулерді шешу

Оқу мақсаты:

4.2.2.2

39+490:k=46;  230х а+40=1000:2 түріндегі теңдеулерді шешу.

Бағалау критерийлері

Күрделі теңдеулерге берілген тапсырмалармен танысады.

Теңдеулерді шешеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: теңдеу, теңдік, белгісіз

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Бақоңыр ғарыш айлағы туралы талқылайды. Есептерді топпен талқылап, шешуін теңдеу арқылы табады.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңсіздіктредің шешімдер жиынын табу

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Оқушыларды 1,2,3 цифрлармен белгіленген түстерді таңдау арқылы топқа біріктіру

«Ғажайып алаңда» күрделі теңдеулерді шешеді.

Оқушылар топ болып, теңдеулерді шешеді. Теңдеудің шешімімен сәйкес келетін әріптерді ретімен қойып шығады. Байқоңыр сөзі шығады.

а) 47 + а : 23 = 860 + 45;ә) x : 12 – 472 = 407 . 2;

б) 61313 : c + 23 = 42;в) b : 23 + 47 = 19 · 6;г) d . 71 – 274 = 113 . 7;ғ) 27 . n + 5949 = 6813;д) z . 17 + 3281 = 6914 + 617; е) 271 + m . 71 = 1083 – 386.

Жауабы:

19734-Б

1541-Қ

250- Ы

15432-А

15-О

6-Р

3227-Й

32-Ң

Талқылау: Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білесіңдер?

Бағалау. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі.

(Т) Шығарып көр

Жұмысты топта жалғастыру. Есепті топпен бірге талқылап, есептің сызбасын құрастырады.

Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?

«Байқоңыр» — әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Ол ауданы шамамен 222 750 км2 болатын Қызылорда облысында орналасқан. Айлақтың батысы мен шығысы 90 километрге, солтүстігі мен оңтүстігі 75 километрге созылып жатыр. Ғарыш айлағының ауданы облыстың қанша бөлігін алып жатыр?

Шешуі: 222 750 : (90 • 75) = 33. Жауабы: ғарыш айлағы Қызылорда облысының 1/33 бөлігін алып жатыр.

Бағалау: Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындағандарға «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындағандарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау.

(Т)Теңдеу құрастыр, оны шеш.

«Әткеншек» әдісі. Әр тапсырма сайын топ сағат тілімен ауысып отырады. Топта жазатын қаламдардың түсі таңдалады. Түс таңдау әр топтың жасаған жұмысын белгілеп тұрады.

а) 210 мен х-тің бөліндісіне 417-ні қосқанда, 1269 бен 3-тің бөліндісіне тең. ә) 271-ге х пен 17-нің бөліндісін қосқанда, 872 мен 34-тің қосындысына тең. б) x пен 28-дің бөліндісінен 271-ді азайтқанда, 149 бен 2-нің көбейтіндісіне тең. в) 56 мен белгісіз санның көбейтіндісінен 541-ді азайтқанда 4628 бен 521-дің айырмасына тең болады.

Жауабы:

а) 210 : х + 417 = 1269 : 3;ә) 271 + х : 17 = 872 + 34;б) x : 28 – 271 = 149 · 2;в) 56 · х – 532 = 4628 – 521.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді.

(Ж) Орындап көр. Жұмысты жұпта жалғастырады. Геометриялық пішіндерде берілген өрнектер мен таң- балардан күрделі теңдеу құрастырады, оны шешеді. Жұмыстарын тексеру үшін, оқушылар дәптерлерімен ауысады.

Жауабы: х · 7 – 7455 = 368 872 : 56; х = 2006. Оқушыларға тапсырманы жұптарда орындауды ұсыну, ал кейін мүшелері ауысатын жұптарда тексеру жүргізу үшін нәтижелермен алмасуды ұсыну.

(Ө) «Ойлан». Сызбаға қараңдар. Бос орынды толтыруда өзгешелік бар ма? Сызбаны толықтыр.

Жауабы:

1260; 1500; 1350; 2700; 587; 258; 528; 24; 72.

Бағалау. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Қосымша тапсырмалар

(Ө) «Шыңына шық». Оқушылар таудың етегінде берілген күрделі теңдеуді шешу алгоритмі бойынша шешкен сайын жоғары көтеріледі.

200 + x ∙ 346 = 6082; x = 17.2838 : x – 567 = 757 ∙ 3; x = 1.(Ж) «Теңдеу құрып көрейік!» Берілген компоненттермен күрделі теңдеу құрастырып, оны шешеді. Тапсырманы орындау барысында қиналған оқушыларға көмек көрсету. Тапсырманы түсінген оқушыларға дәл осы үлгіде теңдеу құрастыруға қолдау көрсету. Тапсырманы толық сынып орындау қажет емес, дифференциялық тапсырма ретінде жүргізу.

Жауабы:

а) 572 + х · 317 = 44256 : 2. 572 + x · 317 = 22128x · 317 = 22128 – 572x · 317 = 21556

x = 21556 : 317x = 68572 + 68 · 317 = 44256 : 221556 = 21556

Бағалау. Ынталандыру арқылы бағалау. *Жарайсың! *Мен сабақтағы жұмысына ризамын. *Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз

Ғажайып алаң кеспеқағаздарында жазылған күрделі теңдеулер

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

Кері байланыс

Рефлексия

«Көз жұмып ойлану»әдісі

Оқушылар көздерін жұмып,мына сұрақтарға іштей жауап береді.

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не қызық болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу