Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу № 100 сабақ. Тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу. 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу | ||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешуді түсіндіріп бере алады. | ||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||
Құндылықтар | Жұппен және топпен жұмыс үстінде ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге дағдыландыру. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Тапқырлыққа арналған тапсырмада логикамен байланысады. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен сабағымызды бастайық. Кіріспе тапсырма Суретті жұмбақ (Ұ.Ж.) Оқушылар суретті жұмбақтың шешуін табады. ң
Демек, әріпті 24+d өрнегі — бөлінгіш, 8 — бұл бөлгіш, 7 — бөлінді. 2. Бөлінгіш белгісіз — 24+d. Бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз. Шыққан теңдеуді жаз: 24+d = 7 ∙ 8 3. Теңдеудің оң жағын ықшамдаймыз. 24+d = 56 4. Енді екінші қосылғыш белгісіз. Екінші қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайтамыз. х = 56 -24 х = 32 | Слайд№2 Слайд№3,4 Слайд№5 | |||||||
Сабақ тың ортасы | Теңдеуді шеш (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма беру. Оқушылар теңдеуді алгоритм бойынша шешеді және ламинатталған параққа жазады. Топтар бір – бірінің жұмысын тексереді. Тапсырма: 1-топ (у-5)·4=28 3 ·а-7=14 2-топ с:5+8=17 63:(14-х)=7 3-топ 32-16:у=30 (30-с):2=9 4-топ 3·(6+а)=45 7·х-15=6 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Ойлан-жұптас-бөліс (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Сосын жұп болып пікірлерімен бөліседі. Содан кейін топта талқылайды. Тапсырма: а) 4 пен х-тің қосындысын 8-ге бөлгенде 9 шығады. ә) 35пен у-тің бөліндісіне 6-ны қосқанда 11 шықты. б) у пен 3-тің айырмасын5-ке бөлгенде 30 шықты. «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Есепті шығар (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есепті оқып, талдайды. Есепті теңдеу құрады, түбірін табады. Топтар арасында өзара тексеру жүргізу. Тапсырма: Назгүл алғашқы 4 тонға 5 түймеден, қалғанына 7 түймеден, барлығы 62 түйме қадады. 7 түймеден қадалған тондар нешеу? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Ойлан, тап (ЖЖ)Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексереді. Тапсырма: Нәтижесі 15-ке тең болатын теңдеуді жаз. Шешуін тап. а) х пен 25 санының қосындысы және 8 бен 5 санының көбейтіндісі; ә) с және 30-дың бөліндісі мен 75 санының айырмасына тең. «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу | Слайд№6-10 Слайд №11,12 Слайд№13 Слайд №14,15 | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Таңдау» әдісі Таратпа қағаз таратып беру. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қоюды тапсыру. 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. | Слайд№16 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?