Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлім -Теңдеулерді шешу

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

18

Сабақ тақырыбы

Күрделі теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 ** көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; х· (25:5)=60;

(24·3):х=6;

х: (17·2)=2;

k+124 : 4 = 465 түріндегі күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

 Сабақ мақсаттары

Көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым және күрделі теңдеулерді шешу

 Бағалау критерилері

Күрделірек теңдеулерді рет-ретімен орындай отырып, шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

теңдік, теңсіздік

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

• белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыш, көбейткіш, бөлгіш.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңдеулермен танысу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ)Теңдеу жайлы естеріне түсіру.

Өткен сабақ тақырыбы мен мақсатына шолу жасау мақсатында ауызша қарапайым теңдеулер есептеу.

Логикалық тапсырмалар

Теңдеудің түбірін тап

  • х*6=300
  • 350-а=280
  • 415+в=456
  • 420:с=60

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Маркер, ламинад қағаз,презентация

Сабақ ортасы

5 минут

7 минут

13 минут

7 минут

(Ұ) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту.

  • Допты лақтыру арқылы бір біріне сұрақ қояды, жауап береді.
  • Өрнек дегеніміз не?
  • Теңбеу мен өрнектің айырмашылығы неде?
  • Теңдеудің қандай түрлері бар?
  • Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
  • Белгісіз айнымалы дегеніміз не?
  • Күрделі теңдеуді шешу үшін қандай алгаритм орындалады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, түзетулер мен ұсыныстар арқылы толықтырулар енгізіледі.

(Ұ, МК) Теңдеуді шеш.

Мақсаты: күрделі теңдеулерді шешуге дағдылану

Теңдеуді түсіндіре отырып шешімін тап.

  • 15 *x +45*2=116+4
  • Балалар, бұл қандай теңдеу? Неліктен?
  • Берілген теңдеуде қай амал бірінші орындалады? Неліктен?

Ұжыммен теңдеуді түсіндіре отырып шығарады, кері байланыс жасалады.

(Т) Теңдеуді шеш.

Мақсаты: күрделі теңдеулерді шешуге дағдылану

Әрбір теңдеудің тапсырмалары түстермен беріледі.

«А» деңгейі – сары түсті қағазда,

«В» деңгейі – көк түсті қағазда,

«С» деңгейі – жасыл түсті қағазға шығарылады.

Теңдеуді шеш.

«А» деңгейі

y + 380 = 750 +250

800 –x = 3 х 80

7 х а = 245 – 34

640 : с = 40 х 2

56 + а = 810 : 9

х – 95 = 580:20

«В» деңгейі

9у+380 :2=750+250

800-7х=380

(957-900)+ 360:а=63

«С» деңгейі

(60 +2 у) :4 = 810 : 9

(х – 95) х 5 = 580 - 80

6у + 380 х 2 = 750 + 250

/Тапсырмаларды «Галерея» әдісі бойынша түстеріне қарай өзара тексереді. Егер берілген уақыттан бұрын теңдеулердің түбірін тапса, онда, келесі түсті қағазда берілген теңдеуді шығаруына рұқсат етіледі. Кері байланыс жасалады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша өзара бағаланады/

«Плюс - минус» бойынша өзін-өзі бағалайды

Презентация,

күрделірек теңдеулерді шешу: ай

Есеп (теңдеудің көмегімен шешу): http://nrich.maths.org/664

Математика тарихындағы есеп: http://nrich.maths.org/278

Қима қағаздар

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3 минут

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

слайд

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу