Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3В бөлімі Теңдеулерді шешу.

Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 3 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күрделі теңдеулерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу

а+124≤ 135

3.2.2.2 ** көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары

көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді құрылымы күрделі х ∙ (25 : 5) = 60, (24 : 3) : х = 6, х : (17 ∙ 2) = 2, k + 124 : 4 = 465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Бағалау критерийлері

Күрделі теңдеулерді шешуді бекітеді.

 Сөздік қор

 Тілдік мақсат

Күрделі теңдеулер, алгоритм, қосынды, айырма, азайтқыш, бөлінгіш, бөлгіш, көбейтінді, көбейткіш

 Құндылықтарды

 дарыту

Топпен, жұппен жұмыста жолдастыққа, бірін-бірі оқытуын, сыйлауын дамыту.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

• Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекітеді, алған білімдерін өмірде тиімді қолдана алады.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, дүниетану.

ИКТ пайдалану білімі

Презентация арқылы оқушылар суретті және сызбамен берілген тапсырмаларды орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ тың жоспар ланған кезең дері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ тың басы

5минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық, 3-бөлім: Күрделі теңдеулерді шешу. 46, 47-беттер.

Жұмыс дәптері, 3-бөлім:

41-жұмыс парағы. Күрделі теңдеулерді шешу, 43- бет.

42-жұмыс парағы. Ойлан және шеш, 44-бет.

Сабақ ортасы

30 мин

ОМ таныстыру.

Күрделі теңдеулерді шешуді үйренсің

Қалың қатырма қағаздан кеспеқағаздар қиып, теңдеулер жазу.

(х – 4) ∙ 3 = 15; 2 ∙ (х + 100) = 800; (х – 5) ∙ 4 = 28; 3 ∙ х – 7 = 14. Басқа кеспеқағазға осы теңдеудің жауаптарын жазу:

х = 9; х = 300; х = 12; х = 7.

Мұндей теңдеуді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап, ең соңғы орындалатын амалды табу керек, белгісіз компонентті анықтап, оны табудың ережесін қолданып, теңдеудің түбірін тауып, тексеруді орындау керек.

Кіріспе тапсырма. 4 адамнан тұратын топтық жұмысты ұйымдастыру. Оқушыларға теңдеу және жауаптары жазылған кеспеқағаздарды тарату. Оларға теңдеуді өзара бөліп алып, ал жауабын үстелдің ортасына қоюды ұсыну.

Оқушыларға теңдеуді кеспеқағаздың артқы жағына шешіп, басқа кеспеқағаздан жауабын табуды ұсыну. Енді теңдеудің шешуін топпен тексеру. Содан соң топ арасында тексеру жүргізу.

Теңдеулерді шеш.

Теңдеулерді шеш. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыну.

Теңдеу құруды сұраймын. Бірінші теңдеуді сыныппен құрау.

Санның айырмасы дегеніміз не? (алу таңбасы)

60 және x сандарының айырмасын қалай жазамыз? (60 – x)

6 рет кеміту дегеніміз не? (бөлу)

Бірінші өрнек пен бөлу таңбасы бар санды біріктіріңдер. Не шықты? (60 – х) : 6

Әрі қарай нені орындау керек? (теңдік таңбасын қойып және 5 деген жауабын жазу керек).

Алынған жазу қалай аталады? (теңдеу).

Енді теңдеудің түбірін табыңдар. Нені орындау керек? (амалдардың орындалу ретін анықтап, ең соңғы амалды тауып, белгісіз компонентті белгілеп, оны табудың ережесін қолданып, сол жақты ықшамдап, қарапайым теңдеудің түбірін табады). Содан соң оқушыларға теңдеу құрып, оны шешуді ұсыну. Оқушылар арасында өзара тексеру жүргізу. Жұптық жұмысты бағалау.

Жауабы:

а) (60 – х) : 6 = 5 ә) (х • 7) – 47 = 9 б) (х : 7) • 9 = 63 в) 27 + (х : 6) = 33

х = 30 х = 8 х = 49 х = 36

Салыстыр. Жұптық жұмысты жалғастыру. Саралау үшін жекелеген оқушыларға басқа оқушылар үшін осындай салыстыруларды құруын ұсыну. Оларға кезекпен әріпті өрнектерді салыстыруды ұсыну. Берілген өрнекті салыстыру үшін көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін еске түсіру керек. Тапсырманы орындаған соң жұптар арасында тексеру жүргізу. Содан соң оқушыларға өздері құрастырған өрнектерді салыстыруды ұсыну. Тапсырманы орындаған соң өрнекті құрған оқушыларға тексеруді ұсыну. Жұптың жұмысы мен өз бетінше өрнек құрған оқушылардың жұмысын бағалау.

Жауабы: 18 : х < 27 : х 40 • х > х : 10

15 • х = х • 15 52 : х < х • 13

-Мысалдарды қалай шығаруға болады? Басқа құрамда жұптық жұмысты ұйымдастыру.

Саралау үшін жекелеген оқушыларға мысалды өздері құрауды сұрау. Оқушыларға кезекпен мысалдарды шығарып, әр бағандағы мысалдарға қатысты ережені атауды ұсыну. Мысалдарды шығарып болған соң, жұптар арасында нәтижені салыстыру. Жұптардың біреуіне әр бағандағы мысалдардың ережесін айтуды сұрау. Содан соң басқа оқушылардың құрастырған мысалдарын шығарып, жұптар арасында өзара тексеру жүргізу. Жұптың жұмысы мен өз бетінше мысал құрастырған оқушылардың жұмысын бағалау.

Жауабы: 400 • 2 = 800 80 : 4 = 20 39 • 6 = 234

48 : 2 = 24 72 : 24 = 3

5 • 200 = 1000 300 : 30 = 10 2 • 86 = 172

469 : 7 = 67 60 : 12 = 5

Геометриялық есептер. Есептер аудан мен периметрді табуды қайталауға берілген. Мұғалімнің қалауы бойынша қолданылады.

Шығарып көр. Топтық жұмысты ұйымдастыру. Оқушыларға есепті топпен шығаруды ұсыну.

Есепті шығарған соң топтар арасында тексеру жүргізу.

Екінші есепті оқушыларға өз бетінше орындауды ұсыну.

Жауабы: а) 158 кітап қалды ә) әр оқушы 3 дәптерден алды.

Ойлан. Жұптық жұмысты жалғастыру. Оқушыларға х-тің орнына санды қоюды ұсыныңыз, мұндағы х бір сан екенін түсіндіру. Тапсырманы орындаған соң, бірнеше жұпқа шешулерін тақтада көрсетуді ұсыну. Шешуін салыстыру.

Жұптың жұмысын бағалау.

Жауабы: а) х = 4, ә) х = 8

Орындап көр. Жұптық жұмысты жалғастыру. Оқушылардан есепті оқып, талдауын сұрау. Суреттің ішіне ені бір торкөз болатын тағы бір жиектемені сызуды ұсыну. Тапсырманы орын даған соң, әр топтың спикеріне есептің

жауабын тақтада көрсетуді ұсыну. Шешулерін салыстыру. Жұптың және өз бетінше есепті шығарған оқушылардың жұмысын бағалау.

Жауабы: 80 см²

Сабақтың рефлексиясы. Сабақтың басында оқушыларға қызыл және көгілдір қағаздан жасалған гүлдерді таратып беру. Тақтаға түрлі түсті қағаздан ваза қиып алып жабыстыру.

Бірінші вазаның астына «Мен өзімнің жұмысыма қанағаттанамын», ал екіншіге «Жоқ» деп жазып қою. Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің гүлдерін вазаларға салуын ұсыну. Егер оқушыларға сабақ ұнап, бүгінгі сабақтан жаңалық алса қызыл гүлдерді жабыстырады, егер ұнамаса, көгілдір гүлді жабыстырады.

Жұмыс дәптерінде орындалатын тапсырмалар.

Өрнектердің мәнін тап. Бұл тапсырма екі және бір таңбалы сандарды көбейту мен үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуға жаттығуға берілген.

а

32

47

54

28

485 – а · 4

357

297

269

373

7 · а + 158

382

487

536

354

Есеп. Керік терезеден қарай алады, себебі оның бойы 6 м. Оқушылар басқа ешқандай жануар екінші қабаттың терезесінен қарай алмайтынын түсінеді. Бірақ олар басқа жануарлар пілге мінсе, екінші қабаттың терезесінен қарай алады, себебі екеуінің бойының биіктігі қажетті биіктікке жетеді деп жорамалдауы мүмкін.

Пазлдар. Тапсырма күрделі теңдеулерді шешу дағдысына жаттығуға бағытталған.

Жауабы: (х : 5) + 886 = 902 х = 80х – 368 = 274 + 319 х = 961

х + 429 = 357 + 568 х = 496х : 9 + 637 = 745 х = 972

Салыстыр. Бұл тапсырма өрнектерді салыс тыруға жаттығуға бағытталған.

Жауабы: 15 • а = а • 15 с : 9 > с : 12 40 : х < 50 : х

b • 1 = b : 1 (6 + у) • 3 > 6 + у • 3 (а + b) : 5 = а : 5 + b : 5

ҚБ тапсырмасын орындату.

Кері байланыс.

әр топқа 4 дана дан таратылатын теңдеулер жазыл ған кеспе қағаз дар;

әр топқа 4 дана дан таратылатын теңдеудің жауап тары жазыл ған кеспе қағаз дар.

Сабақ тың соңы

5 минут

Үйге берілген тапсырманы түсіндіру.

Оқулық, 3-бөлім: Күрделі теңдеулерді шешу. 46, 47-беттер.

Жұмыс дәптері, 3-бөлім: 42-жұмыс парағы. Ойлан және шеш, 44-бет.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады

Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады.

Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу