Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№100 сабақ. Тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар
Құрылымы күрделі теңдеуді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін қойып, соңғы амалды табу керек. Содан кейін белгісіз компонентті тауып, оны анықтаудың ережесін қолдану керек. Оң жағын ықшамдап, теңдеудің түбірін тауып, тексеру керек.
Алгоритм:
1) соңғы амалды табу;
2) белгісіз компонентті анықтау;
3) белгісіз компонентті анықтаудың ережесін
қолдану;
4) оң жақты ықшамдау;
5) теңдеудің түбірін табу;
6) тексеру.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма
Суретті жұмбақ
(Ұ.Ж.) Сабақты оқушылармен суретті жұмбақты шешуден бастаңыз.
ң
- Шешуі теңдеу
- Теңдеу дегеніміз не? (теңдеу – құрамындағы белгісіз айны-малының мәнін табу қажет болатын теңдік).
- Теңдеуді шешу дегеніміз не? (теңдеуді шешу дегеніміз – теңдік дұрыс болатындай белгісіздің сандық мәнін табу).
- Математикада: теңдеуді шешу – теңдеудің түбірін табу деген сөз.
- Енді (24+d) : 8 = 7 теңдеуін былай шешеміз: Амалдардың орындалу тәртібін анықтап аламыз. Соңғы амалды анықтап алу.
- Соңғы амал — бөлу.
Демек, әріпті 24+d өрнегі — бөлінгіш,
8 — бұл бөлгіш,
7 — бөлінді.
2. Бөлінгіш белгісіз — 24+d.
Бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз.
Шыққан теңдеуді жаз:
24+d = 7 ∙ 8
3. Теңдеудің оң жағын ықшамдаймыз.
24+d = 56
4. Енді екінші қосылғыш белгісіз. Екінші қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайтамыз.
х = 56 -24
х = 32
Теңдеуді шеш
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма беріңіз.Оқушылар теңдеуді алгоритм бойынша шешеді және ламинатталған параққа жазады. Топтар арасында бір – бірінің жұмысын тексеруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
1-топ
у=12 а=7
2-топ
с=45 х=5
3-топ
у=8 с=12
4-топ
а=9 х=3
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Ойлан-жұптас-бөліс
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Сосын жұп болып пікірлерімен бөліседі. Содан кейін топта талқылауды сұраңыз.
Жауабы:
а) х=68
ә) у=7
б) у=153
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Есепті шығар
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.
Оқушылар есепті оқып, талдайды. Есепті теңдеу құрады, түбірін табады.
Топтар арасында өзара тексеру жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:6 тон
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Ойлан, тап
(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:х=15, с=90
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Рефлексия
Сабақ соңында «Таңдау» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.Оқушыларға таратпа қағаз таратып беріңіз. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қоюды тапсырыңыз.
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?