Қуып жетуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қуып жетуге берілген есептер

Оқу мақсаты:

4.2.1.8** қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және қолдану

4.5.1.9** бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шешу

Бағалау критерийлері

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алады және қолданады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қуып жету қозғалысы,

бір бағыт бойымен қозғалыс

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

қуып жету және қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма. Әр топқа есептер және сызбалар беріледі. Оқушылар есептер мен сызбаларды сәйкестендіріп, есептер жазылған парақтарды тақтаға не қабырғаға іледі. Тапсырманы орындап болған соң, топтың бір өкілі өз жұмыстарының презентациясын жасайды. Есептер жазылған кеспеқағаздар:

1. Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі

автобус шықты. Олар 2 сағаттан кейін кездесті. Автобустардың жылдамдығы 54 км/сағ және 46 км/сағ. Екі қаланың арақашықтығы неше км?

2. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі кеме жүзіп

келеді. Олардың жылдамдығы 25 км/сағ және 20 км/сағ. Кемелердің арақашықтықтары 180 км болса, олар неше сағаттан кейін кездеседі?

3. Екі қаланың арақашықтығы 600 км. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығын 90 км/сағ. Пойыздар 3 сағаттан кейін кездеседі. Екінші пойыздың жылдамдығын тап.

4. Асан мен Самат бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатты. Асанның жылдамдығы 3 км/сағ, ал Саматтың жылдамдығы 4 км/сағ. Екеуінің арақашықтығы 21 км. Екі сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы неше км болады?

Оқушылар есепті шығару үшін қандай формулаларды қолданғанын сұраңыз.

№1-2 слайдтар

Есептердің формуласы және әртүрлі қозғалысқа

берілген есептердің түрлері жазылған парақтар.

Сабақтың ортасы

(Ж) Қуаласпақ ойыны.

Әрбір оқушы тапсырманы өз бетінше орындайды да, содан кейін өзінің жұбымен оны талдайды.

Дастан мен Нұрлан қуаласпақ ойнады. Олардың арақашықтығы 100 м болғанда

Дастан Нұрланды 5 минутта қуып жетпекші болды. Егер Дастанның жылдамдығы

70 м/мин болса, онда Нұрланның жылдамдығы қандай болды?

Жауабы:

Шешуі:

1) 100 : 5 = 20 (м/мин) — жақындау жылдамдығы;

2) 70 – 20 = 50 (м/мин).

Жауабы: Нұрланның жылдамдығы 50 м/мин.

(Т) Шығарып көр. Оқушылармен бірге берілген сызбаны талқылаңыз. Есепті шығару үшін қай формула керек екенін сұраңыз. Содан кейін оқушылар топта сызба бойынша есептер құрастырады. Берілген есептер өзара кері есептер деп қорытынды шығарады.

Жауабы:

а) Екі қаладан бір уақытта және бір бағытта жеңіл

автокөлік және жаяу адам шықты. Жеңіл автокөліктің жылдамдығы 105 км/сағ, ал жаяу адамның жылдамдығы 25 км/сағ. Жеңіл автокөлік пен жаяу адам 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арақашықтығын тап.

(105 – 25) · 3 = 240 км.

ә) Екі қаладан бір уақытта және бір бағытта

жеңіл автокөлік және жаяу адам шықты. Екі қаланың арақашықтығы 240 км. Жеңіл автокөліктің жылдамдығы 105 км/сағ. Жеңіл автокөлік пен пен жаяу адам 3 сағаттан кейін кездесті. Жаяу адамның жылдамдығын тап.

105 – 240 : 3 = 25 км/сағ.

б) Екі қаладан бір уақытта және бір бағытта жеңіл

автокөлік және жаяу адам шықты. Екі қаланың арақашықтығы 240 км. Жеңіл автокөліктің жылдамдығы 105 км/сағ, ал жаяу адамның жылдамдығы 25 км/сағ. Жеңіл автокөлік пен жаяу адам кездесетін уақытты тап.

240 : (105 – 25) = 3 сағ.

в) Екі қаладан бір уақытта және бір бағытта жеңіл

автокөлік және жаяу адам шықты. Екі қаланың арақашықтығы 240 км. Жаяу адамның жылдамдығы 25 км/сағ. Жеңіл автокөлік пен жаяу адам 3 сағаттан кейін кездесті. Жеңіл автокөліктің жылдамдығын тап.

240 : 3 + 25 = 105 км/сағ.

(Ж) Роботтар жарысы.

Қиындыққа кездескен жұптарға көмек

көрсету. Содан кейін жұптардың арасында тексеру өткізу.

200 – (100 – 75) · 5 = 75 (cм) арақашықтығы;

200 – (100 – 75) · 8 = 0 (см).

Жауабы: 8 с-тан кейін роботтар кездеседі.

(Т) Ойлан. Логикалық тапсырманы орындаған

соң, әрбір топ өкілдері өз шешімдерін презентациялайды.

Жауабы:

30 · 32 = 960; 24 · 20 = 480;

960 – 480 = 480; 480 : 10 = 48.

Жауабы: эскалаторда 48 саты бар.

(Ж) Орындап көр. Сызба бойынша есептер құрастыру.

Жауабы:

№3 слайд

№5 слайд

№ 6 слайд

№ 7 слайд

№ 8 слайдтар

Сабақтың соңы

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтан алған әсерлерін, келесі сабаққа ұсыныс пікірлерін, талап-тілектерін жазу

1. Сабақтың ұнаған тұсы

2. Сабаққа ұсынысың

3. Болашаққа тілек

№9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу