Мәтінді есептер: Берілген қатынаста бөлуге арналған есептер шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ № 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аяшева Г.О., Бектасова Н.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептер: Берілген қатынаста бөлуге арналған есептер шығару

Сабақтың түрі

Оқылған материалды жалпылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.4 рационал сандармен мәтінді есептер шығару

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Берілген қатынаста бөлуге арналған есептерді шығарады;

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса оқу мақсатына жетеді

- есептің шартын математикалық тілге аудару

- есеп шешімінің жоспарын құрастыру

- жоспарды жүзеге асыру (есептеулер орындау)

- есептің сұрағына жауап беру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тапсырмаларды орындау барысында келесі терминдерді қолдана алатын болады:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылдамдық, қатынас, бөлік, пропорция, математикалық модель

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Есептің шартын математикалық тілге аудару үшін...

Есептің математикалық моделі....

Белгісіз х айнымалысы ретінде ....

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

Мультикультурализм

  • Өзін-өзі және басқаларды құрметтеу;
  • Қоршаған адамдардың мәселелерін көре және түсіне білу; сынды қабылдай білу; топта жұмыс істей білу қабілеттері.

Пәнаралық байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар «Стартер» тапсырмасын орындап, нәтижесінде сабақтың тақырыбын анықтауға тырысады; сабақтың мақсатын тұжырымдайды.

Қосымша 1

Стартер

Сабақтың ортасы

2 мин

7 мин

3 мин

20 мин

1 мин

Білімді жаңғырту.

Сабақтың бұл бөлімінде келесі құндылықтарды дарыту жүзеге асады: ойлану, жағдайға анализ жасау, шығармашылық.

Мұғалім сұрақтар қояды:

«Қатынас», «Пропорция» сөздерінің қандай мағынасы бар?

Қатынасқа (бөліктерге) берілетін есептердің қандай шешу әдістерін білесіздер)?

Оқушылар өз нұсқаларын ортаға салады, негіздейді.

Бекіту.

Есепті шығарыңыз:

Үшбұрыштың периметрі 51 см. Бірінші қабырғаның ұзындығының екінші қабырғаның ұзындығына қатынасы 1:2. Екінші қабырғасының ұзындығының үшінші қабырғасының ұзындығына қатынасы 3:4 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

Шешу жолы презентацияның (слайд 2) сүйемелдеуімен жүргізіледі және сәйкес сұрақтар қою арқылы:

1. Есептің шартында неге назар аудару керек?

2. Есептің шарты бойынша қандай математикалық модель құруға болады?

Оқушыларға берілгенін қысқаша жазуға уақыт беріледі, содан кейін презентация бойынша тексеру жүргізіледі (слайд 3). Сыныптың дайындығына сәйкес келесі қадамдарын оқушы немесе мұғалім түсіндіреді.

Бағалау: Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жеке орындалады.

Дескрипторлар

ұпай

есептің шартына сәйкес қысқаша берілгені жазылған

1

үш қабырға үшін сандар қатынасы құрылған

1

үшбұрыштың периметрі бөліктермен дұрыс есептелген

1

бір бөліктің ұзындығы дұрыс есептелген

1

жауабы дұрыс табылған

1

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім сұрақтар қояды:

  • Сіздер бұған дейін ұқсас тапсырмаларды кездестірдіңіздер ме?
  • Үй тапсырмасын орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындықтар туындады?
  • Қиындықты шешу жолын қалай таптыңыз?

Бағалау: Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жеке орындалады.

Дескрипторлар

ұпай

есептің шартына сәйкес қысқаша берілгені жазылған

1

үш қашықтық үшін сандар қатынасы құрылған

1

бір бөліктің ұзындығы дұрыс есептелген

1

үшінші күні жүрген жол дұрыс есептелген

1

жауабы дұрыс табылған

1

Жеке жұмыс.

Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.

Оқушылар жеке карталар бойынша жұмыс істейді. Олар картада шығара алатын тапсырмалар деңгейін таңдайды,

Мысалы: мысалы көрсеткіштері төмен оқушылар А деңгейінің тапсырмаларын таңдап, келесі деңгейге көшеді. Қалған оқушылар В деңгейінен бастап, келесі деңгейге көшуге тырысады.

Тапсырмаларды орындау алдында оқушылар картадағы сұрақтарға назар аударып, жауаптарын енгізулері қажет болады.

Сұрақтар: Есептің шартында маған неге назар аудару керек?

Есептің шарты бойынша мен қандай математикалық модель (берілгеннің қысқаша жазылуы) құрастыра аламын?

Дайындықтар жүргізілгеннен кейін оқушылар дәптерлерінде есептерді шығарады. Егер оқушы таңдаған тапсырмасын орындай алмаса, алдыңғы деңгейдің тапсырмаларын орындауы қажет болады немесе мұғалімнен, қабілеті жоғары сыныптасынан көмек сұрайды.

Жауаптары:

А деңгейі:

1) а) ; b) 2 есе; c) 52 %.

2) 37,6; 9,4.

В деңгейі: 90 бет

С деңгейі: 640 км

Есептер шығарылғаннан кейін қойылатын рефлексиялық сұрақтар. Бұр сұрақтар мұғалімге келесі сабақта жоспарлауға немесе оқушылармен жжеке жұмысты ұйымдастыруға көмек береді.

  • Есепті шығара алдың ба?
  • Қандай қателер болды?
  • Қандай қиындықтарды сезінесің?
  • Осындай қателер бұрын болып па еді?
  • Осы қатені қайтадан неге жібердің?
  • Осы қате бойынша кімнен көмек сұрадың?
  • Олар көмектесе алды ма?
  • Осындай қателер жібермеу үшін келесі жолы не істейсің?
  • Осы тақырыпты сыныптастарыңа түсіндіріп бере аласың ба?
  • Неліктен олай ойлайсың?

Үй жұмысы:

Есепті шығарыңыз:

Алтын мен күмістің қоспасынан қорытпа дайындалды. Ондағы алтынның массасының күмістің массасына қатынасы 3:5 қатынасындай. Қорытпадағы күміс алтыннан 12 г артық. Қорытпаның массасы неше грамм? Қорытпадағы алтын неше грамм?

Презентация

Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Математика 6, 2011

Қосымша 2

Жеке жұмыс картасы

В.В.Выговская, Сборник практических задач по математике, 6 класс, 2012

Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Математика 6, 2011

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ бойынша рефлексия жүргізу.

«Ыстық орындық»

«Ыстық орындыққа» отыратын оқушы сабақтың атмосферасын бағалайды, оның ойынша сабақта маңызды болған ойды (тұжырым, нәтиже) атайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.

өзін-өзі бағалау

мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу