Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару; 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау. Психологиялық ахуал «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Солай жалғасып оқушылар шеңбер бойына тұрады. Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар дауыстап оқи отырып, үй тапсырмасын дұрыстығын тексереді, егер дұрыс болмаса, онда тақтаға шығып орындайды немесе қалай шығатынын түсіндіреді. Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Топқа арналған ереже:
ынтымақтастықта жұмыс жасау. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы 4 – 10 мин | Топтық жұмыс «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Басқа топ мүшелеріне де ойын осылай жалғасады. | Презентация | |||||
11 – 27 мин | Топтық жұмыс І топ 1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады ? 2. Жылдамдықтың 45 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте. 3. Велосипедші 250 м жолды 2,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы арақашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ? 4. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап. 5. 0, 1, 2 және 4 цифрларымен неше екі таңбалы жұп сандарды жазуға болады? Ж: 9 сан. ІІ топ 1. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ? 2. Жылдамдықтың /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте. 3. Автомобильдің 3 сағат ішінде /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап. 4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап. 5. Туристер Қазақстанның Түркістан, Алматы және Семей қалаларына саяхат жасаулары керек. Туристер осы қалаларға неше нұсқада саяхат жасай алады? Ж: 6 нұсқа. ІІІ топ 1. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ? 2. Жылдамдықтың /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте. 3. Велосипедші 20 минут ішінде 8 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын табу керек. 4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап. 5. 4 бөлменің 4 кілті бар. Қай кілт қай бөлменікі екені белгісіз. Осы 4 бөлмені ашу үшін ең қиын жағдайда кілттерді неше рет тексеру керек? | Математика Жалпы білім беретін оқулық мектептің 5 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2005, екінші басылымы. Қосымша 1 | |||||
28 - 29 мин | Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық. | https://www.metod-kopilka.ru/sergitu-sti-zhinai-70273.html Презентация | |||||
30 – 37 мин | «Есепті жалғастыр ...» Әр топ өмірмен байланысты қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға және іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді құрастырып, өздері орындарында шығарады және сол есептерін келесі басқа топқа беріп, нәтижесін өздері тексереді. Уақыт аяқталғаннан соң топ мүшелері өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды және бірін-бірі бағалайды. | ||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №673 Рефлесия: 1. Сабақтың мақсаты қандай болды? 2. Мен мақсатқа жеттім бе? 3. Мен не білдім? 4. Мен нені үйрендім? 5. Мен нені түсінбедім?
| Математика, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, үшінші басылымы. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау тапсырмалары топтық жұмыста көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылар топтық жұмыста бір-біріне көмек жұмыстарын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың әр бөлімінде жүреді. Оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау. | Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?