Пропорционалды бөлуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: №2 сабақ | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Пропорционалды бөлуге берілген есептер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты:
| шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі тәсілмен табуға берілген есептерді талдау және шығару. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Пропорционал бөлуге /бірлікке келтіруге/ берілген есептердің шығару жолдарымен танысады, шығару тәсілдерін меңгереді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Пропорционалды бөлуге берілген есептер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Өткенді қайталау Тапсырмалары бар таратпа қағаздарды дайындап, оқушыларға таратып беру.
Көркем жазу минуты -5,4,3,6 сандарын пайдаланып екі және үш таңбалы сандарды жазу. Жаңа тақырыпты түсіндіру Сабақтың басында баға, сан, құн, бір заттың салмағы, заттар саны, ортақ салмақ мағыналарымен байланысты формулаларды қайталау және шамалар арасындағы тәуел-ділік, көбейтудегі компоненттер арасындағы тәуелділікті қайталап еске түсірген жөн (Баға • сан = құн; бір заттың салмағы • заттар саны = ортақ салмақ; бір затқа шығын • сан = ортақ шығын). Топқа бітіктіру (түстерді таңдау арқылы 1,2,3 топқа бірігу) Әр топқа тапсырмалары бар таратпа қағаздар тарату. Оқушылар тапсырмаларды топтарға бөлулері тиіс. Орындағаннан кейін оқушылардан тапсырмаларды қай топтарға бөлгендерін және неліктен екендігін сұрау. Келесі кезең ретінде оқушыларға есептерді шығарып, олардың нәтижелерін кестеге жазуды ұсыну. топ/есептің номері Кейін шыққан мәндерді өзара салыстырады.Оқушылардан қарапайым немесе құрама есептер. Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Неліктен? Ол үшін не белгісіз? Тапсырманың әр амалында не таптың? Тігіншінің шеберханасында. (Ұ) Тапсырманы оқы: Тігінші әр күртеге 2 кіші және 6 үлкен түймеден барлық күртеге 64 түйме тікті. Тігінші барлығы неше кіші және үлкен түйме тікті? Қысқаша шартпен таныс:
Берілген тапсырманы келесі сұрақтар бойынша бірігіп топпен талдау. «Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек? Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге болады ма? Неліктен? Ол үшін не белгісіз? Тапсырманың әр амалында нені таптың?». Жауабы: 6 + 2 = 8 (т.) – барлығы; 64 : 8 = 8 (к.) – барлығы; 8 ∙ 6 = 48 (т.) – үлкен; 8 ∙ 2 = 16 (т.) – кішкентай Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді. 2-тапсырма. Шыт мата. (Ұ) Кесте бойынша есеп құр,шығар
Тапсырманың шарттарын оқушылармен бірге талдау. Қалауы бойынша құрастырылған тапсырманы оқуды ұсыну. Оқушыларға есепті топтарда шығаруды ұсыну. Кейін топтарды өз шығаруларын қағаз бетінде тақтада көрсетеді. Шыққан нәтижелерді салыстыру және қорытынды шығарады. Мәндері әртүрлі болған жағдайда қателерді тауып талдайды. Жауабы:а) 400 + 450 + 380 = 1230 (тг);
3) 450 ∙ 3 = 1350 (тг); 4)380 ∙ 3 = 1140 (тг). Бағалау. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. Тапсырманы қатесіз орындаған тоқа жұлдызша беріледі. Бір, екі қате жіберген топқа төртбұрыш беру. Үш немесе одан қате жіберген топқа үшбұрыш беру. | тапсырмалары бар таратпа қағаздар; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | 3-тапсырма Шығарып көр (Ө) Екі шебер жөкеден себет тоқып 80000 теңге табыс кіргізді. Бір себетті тоқу үшін үш ағаштың жөкесі қажет. Егер біреуі 24 ағаштан, ал екіншісі 36 ағаштан жөке жинаса, әр шебер қанша теңге алды? Тапсырманың орындалуын кезеңдеп жүргізу. ( әр оқушы қағаз бетінде): Бірінші шебер неше себет тоқығанын анықтаңдар; Екінші шебер неше себеттоқығанын анықтаңдар; Жалпы себет санын анықтаңдар; Бір себет қанша теңге тұратынын анықтаңдар; Бірінші шебер қанша теңге тапқанын анықтаңдар; Екінші шебер қанша теңге тапқанын анықтаңдар. Әр амал орындалғаннан кейін нәтижелерді бірігіп тексеру. Жауабы: 24 : 3 = 8 (себ.); 36 : 3 = 12 (себ.); 12 + 8 = 20 (себ.); 80000 : 20 = 4000 (тг); 8 ∙ 4000 = 32000 (тг); 12 ∙ 4000 = 48000 (тг). Бағалау. Тапсырманы дұрыс, қатесіз орындаған оқушыларды мадақтау арқылы бағалау. «Жарайсың» «Өте жақсы» «Керемет» Қателіктер жіберген оқушыларды «Бұданда жақсы орындай аласын» «Жақсы» «Талпын» сөздері арқылы ауызша бағалау. 4-тапсырма Ойлан (Ж) Руслан математика пәнінен олимпиадаға қатысып, есеп шығарды.Шыны шар металл шардан 2 есе жеңіл. 7 шыны шардың салмағы . 3 металл шардың салмағы қандай? Оқушыларға тапсырманың шарттарымен танысып, оны шығаруға уақыт беру, ал кейін оқушылардың ойларын тыңдаңыз. Оқушыларды өз жауаптарын түсіндіруді сұрау. Шешуі: 420 : 7 = 60 (бір шыны шардың салмағы); 60 · 2 = 120 (бір металл шардың салмағы); 120 · 3 = 360 (үш металл шардың салмағы). Жауабы: . Руслан есепті дұрыс шығарды ма? Бағалау. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. Тапсырманы қатесіз орындаған жұпқа жұлдызша беріледі. Бір, екі қате жіберген жұпқа төртбұрыш беру. Үш немесе одан қате жіберген жұпқа үшбұрыш беру. Қайтала (Ж) Оқушылармен алдын ала жуықтау ережелерін қайталау. а) Мыңдыққа дейін дөңгелекте: 12568 , 78543, 98450, 148 752, 80100; ә) ондыққа дейін дөңгелекте: 856, 78125, 451 263, 400 126, 53 142; б) он мыңдыққа дейін дөңгелекте:4569, 58691, 120 354, 743 168, 365 873. Жауабы: а) 13000, 79000, 98000, 149 000, 80000. ә) 860, 78130, 451 260, 400 130, 853 140. б) 460 000, 59000, 120 000, 740 000, 370 000. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс | «Таңдау» әдісі. 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?