Пропорционалды бөлуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Пропорционалды бөлуге берілген есептер

Сен

Жұмыс, өнімділік, уақытқа берілген тапсырмалармен танысасың.

Өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен танысасың.

Әртүрлі есептерді шығаруды үйренесің.

25 819 + 1 500 000 – 1

75 800- 10 000 395 000 : 100

Математикалық диктант

309 * 100 130 007 +8 000

Жұмыстың жаманы жоқ … (Ө)

а) Бір жұмысшы сағатына 6 метр құбырды , ал екіншісі 8 метр құбырды жүргізеді. Егер жұмысты бір уақытта бастаса және бір-біріне қарама-қарсы қозғалса, олар неше сағаттан кейін 140 метр құбырды жүргізіп бітіреді?

Сұрақ:

Бірінші кезекте нені білу қажет?

ә) Екі экскаватор жүргізушісі 7 сағат жұмыс істеп, 350 м3 жер қазды. Бірінші экска-ватордың өнімділігі сағатына 27 м3 . Екінші экскаватордың өнімділігі қандай?

б) Жарнама агенттігінің екі жұмысшысы өз тұтынушыларына 900 хабарландыру жіберуі керек. Біреуі минутына 28 хабарлама жібереді, ал екіншісі минутына 32 ха-барлама жібереді. Олар жұмысты неше минутта бітіреді?

Сұрақ:

Бірінші кезекте нені білу қажет?

Құю және ағызу.

«Суретте не көріп тұрсыңдар?

Шланг арқылы су құятын сорғының өнімділігі қандай?

Су ағатын шүмектің өнімділігі қандай?

Нені білу керек?

7 л/мин

23 минутта ? л

25 л/мин

Кіріс пен шығыс

Екі фирманың кірісі мен шығысын есепте.

Ай сайын шағын фирманың кірісі 620 000 Фирманың айлық кірісі 780 000 теңге, ал шығыны 750 000 теңге. Бір жылда ал шығысы 690 000 теңге. Жарты жылда фирманың шығыны қандай болады? Фирманың капиталы қанша болады?

Шығарып көр. (Ө)

Айкөркем 460 беттік кітапты оқып жатыр. Ол күніне 30 бет оқиды. Екі аптада кітапты оқып бітіре ала ма? Егер күніне 35 бет оқыса, неше күнде оқып бітіреді?

Сұрақтар :

Тапсырмада не белгілі?

Нені табу керек?

Жоспар құру:

1)Айкөркем екі аптада неше бет оқитынын анықтау.

2)Шыққан санды кітап бетінің санымен салыстыру.

3)Ортақ бет санын Айкөркем күнде оқитын бет са-нына бөлу.

Диаграммалар бойынша екі сорғының 1 сағатта бірігіп жасаған жұмысын анықта

8 сағ

6 сағ

4 сағ

24 л 48 л

Орындап көр

Қорытынды тапсырма

Ойлан.

Сиқырлы қыш құмыра әр 10 минут сайын 20 адамға ботқа пісіреді. Таусоғар минутына екі адамның ботқасын жейді. Таусоғар 10 минутта сиқырлы қыш құмыраның пісіргенін жеп үлгере ала ма?

Қайтала. «Бағандап» бөлу 8235 : 27 2482 : 73 1222 : 47 6748 : 14 91375 : 43 43248 : 16

Қосымша тапсырмалар

Күн сайын Әмір жолға 30 теңге, ал түскі асқа 120 теңге жұмсайды. Қараша айында Әмір неше теңге жұм-сайды? Желтоқсан айында ше?

3 адамнан тұратын сырлаушылар тобы жаңа ғимараттағы 350 м² қабырғаны сырлаулары керек. Егер әр сырлаушы күніне 40 м² қабырғаны сырлайтын болса, олар бұл жұмысты 3 күнде бітіреді ме?

Принтер 10 секундта 1 бет басады. 5 минутта ол 30 бетті басып үлгереді ме?

Резервуардағы су екі құбыр арқылы ағады. Жуан құбыр арқылы секундына 15 литр, ал жіңішке құбыр арқылы секундына 8 литр су ағады. Егер екі құбыр бір уақытта жұмыс істейтін болса, резервуарда бір минут ішінде неше литр су қалады?

«Көз жұмып ойлану»әдісі

Мына сұрақтарға іштей жауап бересіздер :

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не қызық болды?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу