Қуып жетуге берілген есептерді арифметикалық әдіспен шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қуып жетуге берілген есептерді

арифметикалық әдіспен шығару

Оқу мақсаты:

4.2.1.8** қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және қолдану

4.5.1.9** бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шешу

Бағалау критерийлері

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алады және қолданады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қуып жету қозғалысы,

бір бағыт бойымен қозғалыс

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

қуып жету және қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

)Кіріспе тапсырма

Әр топқа есептер беріледі. Оқушылар есептерге

өрнек құрып, есептерді шығарады. Өрнектерді және есептің шешуін А3 парағына жазады, есептің шығару жолын түсіндіреді. Топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

1. Салт аттының жылдамдығы 8 км/сағ. Ол 5 сағатта қанша км жүрді?

2. Араның жылдамдығы 6 м/с. Ара 480 м

арақашықтықта болса, омартасына қанша уақытта жетеді?

3. Шаңғышы 3 сағ 13 км/сағ жылдамдықпен және

4 сағ 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатты. Осы уақытта ол қанша км жүріп өтеді?

4. Пошта көгершіні 180 км қашықтықты 3 сағатта

ұшып өтеді. Пошта көгершінінің жылдамдығын тап.

5. Алабұға балығының жылдамдығы 80 м/мин. 8

мин қанша метр жүзіп өтеді?

Жауаптары:

8 · 5 = 40; 480 : 6 = 80;

13 · 3 + 12 · 4 = 87; 180 : 3 = 60;

80 · 8 = 640.

№1-2 слайдтар

Есептер жазылған парақтар.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Дұрыс жауапты анықта!

Оқушылар тапсырманы топта талқылайды. Кесте

бойынша есепті толықтырып, шешу жолдарын ұсынады. Оқулық кейіпкерлерінің қайсысы дұрыс жауабын тапқанын анықтайды. Есептің неше амалмен шыққанын, қандай арифметикалық амалдарды қолданғанын және неліктен екенін сұрау.

6 • 5 = 30 (км); 4 • 5 = 20 (км); 30 – 20 = 10 (км);

Жауабы: 10 км.

(Ұ)Шығарып көр.

Тапсырма артынан қуып жетуге берілген есептерді арифметикалық әдіспен шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар топтағы жұмысты жалғастырады. Есептердің шартымен танысқаннан кейін, топ

болып есептердің шығару жоспарын құруды ұсыныңыз.

Жоспар арқылы оқушылар есептердегі амалдарды айқындайды. Есептерді орындап болған соң топтар бірінбірі тексереді, бағалайды.

Жауабы:

а) 26 – 8 = 18 (км/сағ) – катердің қайыққа жақындау жылдамдығы;

54 : 18 = 3 (сағ) – катердің қайықты қуып жетуге жұмсаған уақыты;

26 · 3 = 78 (км).

Жауабы: 75 км катердің қайықпен кездескенге дейінгі қашықтық.

ә) Шешуі:

81 – 57 = 24 (км) — екінші велосипедшінің бірінші велосипедшіні қуып жеткен жолы;

24 : 4 = 6 (сағ).

Жауабы: 6 сағаттан кейін екі велосипедшінің

арақашықтығы 81 км болды.

б) 60 : 2 · 1 = 30 (км/сағ) — автобус пен жүк көлігі жылдамдықтарының айырмашылығы;

60 + 30 = 90 (км/сағ) — автобустың жылдамдығы;

90 · 2 = 180 (км) — жүк көлігін қуып жеткенше дейінгі автобустың жүрген жолы;

180 : 60 = 3 (сағ) — жүк көлгінің жүрген уақыты;

3 – 2 = 1 (сағ).

Жауабы: жанармай бекетінде автобус 1 сағат аялдап қалды.

(Ө)Жүрдек пойыз бен жүк пойыз.

Екі оқушыны таңдап алып (дұрыс және қате жауабы бар), оларға тапсырманың жауабына қалай келгендерін басқа оқушыларға түсіндіреді. Содан соң басқа оқушыларға кімнің шешімі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі туралы шешім шығару.

Жауабы:

80 – 60 = 20 (км/сағ); 40 : 20 = 2 (сағ).

Жауабы: 2 сағ.

(Т) Орындап көр. Оқушылар тапсырманы топта

талқылайды, қорытындыларын шығарады. Әр топтың өкіліне тақтаға жауабымен шығуды ұсыну. Өз жауабын дәлелдеуге ұсыныңыз. Оқушылардан сұраққа жауап беру үшін нені білу керектігін сұрау.

Жауабы:

50 – 30 = 20 м/мин;

80 : 20 = 4 мин.

(ӨЖ) Ойлан. Саралау мақсатында жекелеген оқушыларға өз бетінше орындауды ұсыну. Соңынан жұптар арасында өзара тек-

серу жүргізу. Жұптың және тапсырманы өз бетінше орындаған оқушыларды бағалау.

Жауабы: 1 ақ торкөз қалады.

№3 слайд

№4 слайд

№5 слайд

№ 6 слайд

№ 7 слайд

№ 8 слайдтар

Сабақтың соңы

№9 слайд

№ 10 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу