Қозғалысқа берілген есептерді алгебралық әдіспен шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өрнектер. Қозғалысқа есептер» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалысқа берілген есептерді алгебралық әдіспен шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2А бөлімі – Өрнектер. Қозғалысқа есептер 4.5.1.2** есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық 4.2.1.4 бір-біріне қарсы және бір-бірінен қарама-қарсы қозғалу формулаларын шығару және қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалысқа берілген есептерді алгебралық әдіспен шығаруды үйрету | |||||
Бағалау критерийлері | Қозғалысқа берілген есептерді алгебралық әдіспен шығаруды пайдаланады | |||||
Тілдік мақсаттар | жылдамдық, уақыт, арақашықтық,жол | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік,адалдық,серіктестік | |||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ ,дүниетану пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Есепті талдайды, шеше алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 минут | І.Ұйымдастыру бөлім «Таза тақта» әдісімен қайталау жұмысын жүргізу S t V S=V*t V=S : t t=S : V арақашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдықты табу үшін.... арақашықтықты табу үшін..... уақытты табу үшін.......... км/сағ, м/с, км/мин мм,см,м,км с,мин,сағ,тәул. Жақындау жылдамдығы бір-біріне қарай қозғалған екі дененің ортақ жылдамдығы Vжақын. = V1 + V2 Алыстау жылдамдығы денелердің бір-бірінен алыстау қозғалысының ортақ жылдамдығы Vалыс. = V1 + V2 Есепті шығарудың арифметикалық тәсілі есепті амалдардың көмегімен немесе математикалық өрнек арқылы шығару тәсілі | |||||
Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап көріңдерші. Сабақ мақсаты: Қозғалысқа берілген есептерді алгебралық әдіспен шығаруды үйренесіңдер Қай сөз түсініксіз? Сөздік жұмысы Алгебра (араб сөзі әл-джәбр) математиканың бір бөлігі. Алгебра сөзі 9 ғасырда өмір сүрген Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмидің(787-850) 825 жылы жазылған «Китаб мухтисар әл-джебр уа-л-мукабала» деген трактатынан алынған.Бұл кітапта теңдеуді шешудің жалпы ережесі тұжырымдалған. (Ұ) Қозғалыс есептерін шешудің қандай әдістерін білеміз? Формулаға салу арқылы Арифметикалық жолмен Жүк және жолаушылар пойыздары қарама-қарсы бағыттарда қозғалып келеді. Жүк пойызының жылдамдығы — 50 км/сағ, жолаушылар пойызының жылдамдығы — 70 км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады? 1топ Арифметикалық жолмен 2топ формуламен x:(600+900)=3 x:1500=3 x=1500*3 x=4500 Сұрақтар : Келесі сұрақтар бойынша талдау жүргізіңіз: Есепте не белгілі? Не сұралып тұр? Қандай қозғалыс туралы айтылған? Белгісіз деп қай шаманы аламыз? Қай формуланы қолданамыз? (Ж) Критерий Есепті алгебралық әдіспен шешу Дескрипторлар: - күрделі теңдеу құрады 1ұпай -жай теңдеуге айналдырады 1ұпай -амал таңбасын таңдайды 1ұпай -теңдеу түбірін табады 1ұпай Формуланы көрсету D = S – (V1 + V2) · t. Дәптермен жұмыс 67 бет Х*(44+60)=208 Х*46=920 Х=920:46 Х=20с -өзін өзі тексеру (слайдтан) (Ж) Тест 1.Екі шаңғышы бір мезгілде қарама қарсы жақтан шықты.Бірінші шаңғышының жылдамдығы 4м\с ,ал екінші шаңғышының жылдамдығы 6 м\с .Шаңғышылардың бір бірінен алыстау жылдамдығын тап. А) 4 м/с Ә) 6 м/с Б) 10 м/с; В)14 м/с 2. Автобус 90 км/ сағ жылдамдықпен 6 сағат жол жүрсе, барлығы неше км жолда болған? А) 96км Ә) 84 км Б) 180 км В) 540 км 3.Екі кеме бір - біріне қарама -қарсы бағытта шықты. Кемелер 34 км/сағ және 28 км/сағ жылдамдықпен жүзді. Олар 434 км- ді қанша сағатта жүзіп өтеді? А) (34 + 28) · х = 434 Ә) (34 + х) · 7= 434 Б) (х+ 28) · 7= 434 В) (34 + 28) · 7 = х (Т) Критерий Тест тапсырмаларын орындайды Дескрипторлар: - бірінші тапсырманың дұрыс жауабын табады 1ұпай - екінші тапсырманың дұрыс жауабын табады 1ұпай - үшінші тапсырманың дұрыс жауабын табады 1ұпай | Суретті тапсырма, ламинад парақша | |||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. Табыс баспалдағы арқылы оқушы өзін өзі бағалайды Шаттық шеңберіне шақырып, «Кезбе тілші» әдісімен сабақты қорытындылау. Қозғалыс есептеріндегі шамаларды ата Жылдамдықты табу үшін Арақашықтықты табу үшін Уақытты табу үшін Ортақ тақырыпты ата Қандай мәдени мұрамен таныстың? Бүгінгі сабақта бойыңа қандай құндылықты дарыттың? | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?