Мәдени мұра Сандармен амалдарды орындау. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


2А бөлім Көбейту және бөлу

Тақырып: Мәдени мұра

Сандармен амалдарды орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Қыдырбаева РозаӘнешқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.9санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолдану;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;
  • амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастыру мен қолдану;

Пәндік лексика және терминология:

  • көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінгіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу
  • алгоритм

формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Санды сомаға қалай көбейтеміз? Өрнекке ше? Санды өрнекке қалай бөлеміз?
  •  Шынайы өмірде санды сомаға бөлу білімі қандай жағдайда керек болады? Санды өрнекке көбейту мен бөлу ше?

Жазу:

 Өрнекті жазыңыз.

 Есептеулер нәтижелерін ұлғаю/азаю бойынша орналастырыңыз.

 Есептеу тәсілдерін жазып алыңыз.

Флипчартқа өздеріңнің есептеу тәсілдерін жазыңыз.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Санды қосындыға көбейту, бөлу тәсілдері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Кіріспе тапсырма

«Жолақ сызық-нөлдіктер» тәсілі

1. 1- топ (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1 - топ сол шаршыға жолақ сызық қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2 - топ (Жолақ сызық) сұраққа жауап беруге және сол шаршыға жолақ сызық қоюға мүмкіндік алады.

Сұрақтар:

1.Бөлудің 3 әдісін ата

2.Бөлудің компоненттерін ата

3.Көбейтудің компоненттерін ата

4.Көбейтудің үлестірімділік қасиетін ата

5. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін ата

6. Көбейтудің терімділік қасиетін ата

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ тақырыбын хабарлау

Оқушыларға бүгін сабақта мәтін есептер шығару және

өрнектердің мәнін табу үшін санды қосындыға көбейту

және санды көбейтіндіге көбейту мен бөлу ережелерін

қолданатыны туралы хабарлау.

(Т) Кіріспе тапсырма. Оқушылар топта таратпа қағаз-

дағы санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту немесе бөлуге берілген 2 тапсырманы жеке орындап,соңында бірлесіп талқылайды, бірін-бірі бағалайды. Бір топтағы оқушылардың басқа топтардың тапсырмасымен танысуына, бағалауына мүмкіндік жасау. Тапсырманы қатесіз тиімді тәсілмен орындаған топтардың жұмысын бағалап, жұмысты қорытындылау.

4∙(20+7)

7∙(8∙2)

Жауабы:

4∙(20+7)=108

7∙(8∙2)=112

(Ж) Формуланы қалпына келтір.

"Сәйкестендір"

Оқушылар формуламен жұмыс істеу дағдысын бекітеді. Өшіргіш пен Сызғыш бізбен бірге бұрынғының мектебіне саяхатқа шыққанын айту. Өткен шаққа оралу мүмкін болмағанымен, біз математикалық ережелердің басы мен аяғын таба аламыз.Жұпта жұмыс істеуді ұсыну. Олардың біреуі формуланы түсіндіреді, екіншісі жазады, осылай кезектесіп тапсырманы толық орындайды. Жұмыс барысын бақылап,оқушылардың қателеспеуін қадағалау, оларға қолдау көрсетіп, көмектесу. Оқушылардың дәптерін тексеру.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша басқа ережелерді жазуды тапсыруға болады.

Жауабы:

а · (b + c) = а · b + а · с;

a · (b · c) = (а· с) · b;

a : (b · c) = а : b : c.

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау

(Т) 2. Тәсілді таңда.

«Саяхат» ойын-жаттығуы көмегімен шығарылады. Әр топқа 3 өрнектен беріледі. Өрнектерін шығарып, нәтижесін сыныптың кез келген ыңғайлы жеріне ілуге рұқсат етіледі.Соңынан әр топ бір-бірінің жұмысын аралап, нәтижесін тексеріп, бағалайды. Олар алдымен мысалдарды бірге талқылап, жеке орындайды. Содан кейін мысалдарды кезекпен бір-біріне түсіндіреді. Бірнеше оқушының дәптерін тексеріп, кері байланыс ұсыну.

а) 100 · (5 + 6); в) 96 : (4 · 8); д) 4 · (3 · 5);

ә) 5 · (20 + 4); г) 81 : (3· 9); е) 37 · (7 · 2);

б) 7 · (3 + 10); ғ) 63 : (3 · 7); ж) 13 · (10 · 4).

Жауабы:

а) 100 ・ 5 + 100 ・ 6 =1100;

ә) 5 ・ 20 + 5 ・ 4 = 120;

б) 7 ・ 3 + 7 ・ 10 = 91;

в) 96 : 4 : 8 = 3;

г) 81 : 9 : 3 = 3;

ғ) 63 : 7 : 3 = 3;

д) 4 ・ 5 ・ 3 = 60;

е) 37 ・ 7 ・ 2 = 518;

ж) 13 ・ 4 ・ 10= 520.

(Ө) Салыстыр. Ережелерді бекіту үшін тапсырманы

оқушыларға өз бетінше орындауға беруге болады. Жұл-

дызшаның орнына салыстыру белгісін (=,) қою керек

екенін түсіндіру. Бірнеше оқушыны жауабын көрсету

үшін тақтаға шығаруға болады.

а) 240 : (8 · 10) * 240 : 10 : 8;

ә) (18 + 6) · 5 * 18 · 5 – 6 · 5;

б) 12 · 5 · 7 * (5 · 7) · 12.

в) 480 : (20 · 3) * 480 : 20 : 3.

Жауабы:

а) 240 : (8 ・ 10) = 240 : 10 : 8;

ә) (18 + 6) ・ 5 > 18 ・ 5 – 6 ・ 5;

б) 12 ・ 5 ・ 7 = (5 ・ 7) ・ 12;

в) 480 : (20 ・ 3) = 480 : 20 : 3.

«Комплименттердің бұрқасыны»

 Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

(Т) Шығарып көр. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр топ параққа есептің шартын өздерінің қалауы бойынша қысқаша түрде жазып (сызба, сурет, т.с.с. түрінде), шығарады. Есептерде үш математикалық ереже қолданылатынын ескерту:

санды қосындыға көбейту,

санды көбейтіндіге көбейту және бөлу. Оқушылар есепті шығарудың тиімді тәсілін таңдайды. Топтар (топтың бір мүшесі) жауабын тақтада көрсетіп қорғайды. Есеп шартының қысқаша түрде жазылуын талдап, топтардың есепті шығару жолдарын

салыстыру. Оқушыларды дұрыс қорытынды жасауғабағыттау. Есептің сұрағына жауап беру үшін қандай тәсілді қолданған тиімдірек болғанын сұрау.Басқа амалдар арқылы шығатындай есептің сұрағын қалай өзгертуге болады? Қандай басқа сұрақ қоюға болады?

Жауабы:

а) 240 : (3 ・ 8) = 10 үстел;

ә) 2 ・ (25 + 7) = 64 тәрелке;

б) 500 ・ (4 ・ 2) = 4000 теңге.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

(Т) Ойлан. "Ойлан, топтас,талқыла!"

Тапсырманың күрделілік деңгейі жоғары болуына, стандартты емес сұрақтың болуына байланысты(5 тігінші барлық көрпешені тігіп үлгеруі үшін олар қай көрпешені таңдауы керек? Кім жұмысты арзан жасайды?)бұл тапсырманы саралау мақсатында қолдануға болады.Шағын топта орындауды ұсыну. Есептің шартын талқылауға жеткілікті уақыт беру. Әр топ өздерінің өрнегін құрастырады, сондықтан оқушылар есепті шығарудың бірнеше жолын ұсынады. Топтар жауаптарын өзара алмастырып, басқа топтардың жауабымен танысады. Топтық талқылау барысын бақылап, оқушылардың есепті шығару жолын дәптерге дұрыс жазуын қадағалау.

Жауабы:

а) 2-көрпеше.

ә)

1) 50 ・ 4 = 200 (кг);

2) 40 ・ 4 = 160 (кг);

3) 200 + 160 = 360 (кг) иә, 4 сынып тапсырманы орын-

дай алады.

б)

1) Бірінші жұмысшы:

175 000 : 14 : 5 = 2500 (тг);

2) Екінші жұмысшы:

189 000 : 10 : 7 = 2700 (тг).

Бірінші жұмысшы арзан жасайды, 2500 тг.

(Ө) Орындап көр. Тапсырманы өз бетінше зерттеуге

беруге болады немесе таныстырылым жасап, тоғызқұмалақ ойынының ережесін таныстыруға болады. Бұл үшін сыныптағы тоғызқұмалақ ойнайтын балалардың тәжірибесін пайдалануға да болады. Ойынды ойнап, жаттығу арқылы шығару үшін тапсырманы үйге беруге болады.

Смайликтер арқылы бағалау

Тоғызқұмалақ ойнаған оқушыларды , смайликтер беру арқылы бағалау.

2- слайд

Таратпа парақтар

Таратпа парақтар

3-слайд

Таратпа парақтар

4-слайд

Таратпа парақтар

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

Сигналды карталар

10-слайд

11-слайд

Тоғызқұмалақ ойыны

Смайликтер

Сабақтың соңы

Рефлексия.

«Менің таңбам» ойын-жаттығу.

Осы тарауда танысқан формулалар, терминдер, сөз тіркестері жазылып, қабырғадағы арнайы орынға ілінеді. Оқушылар өзі жақсы түсінген формула, ережелер, көбейту, бөлу алгоритмдері жазылған парақтар, термин сөздерінің астына қол қояды.

Ұстаз бен оқушылар сыныпты аралап, оларды оқу, талқылау мүмкіншіліктеріне ие болады.

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу