Тікбұрышты параллелепипед. Текше. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2В бөлімі – «Геометриялық фигуралар. Есептер»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты параллелепипед. Текше.

Оқу мақсаттары

4.3.1.1 текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін (төбесі, қабырғасы, жағы) тану және атау

4.5.2.3 текшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеу және оларды белгіленуі бойынша оқу

4.3.1.3 тікбұрышты параллелепипед көлемін V=a∙b∙c және текше көлемін V=a3 табу формуласын құрастыру және қолдану

 Сабақ

 мақсаттары

Текше, тікбұрышты параллелепипедті белгіленуі бойынша атау және олардың элементтерін ажырату. Көлемін есептеу барысында формулаларды қолдану.

 Бағалау критерийлері.

  • Текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін ажыратады;
  • екшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленуі бойынша оқиды;
  • Тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табу формулаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Геометриялық фигуралардың атаулары, құрама фигуралар, аудан өлшем бірліктерінің атаулары, геометриялық фигуралардың элементтерінің аталуы, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Құрама фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

)Сабақтың тақырыбын сурет арқылы ашу

-Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

-Бұл ғимараттардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

-Бірінші ғимараттағы әр қабаты не тәрізді?

-Екінші ғимаратта ше?

-Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатынымызды ескерту.

Слайд

суреттер

Сабақ ортасы5-10 минут

10-20 минут

20-28 минут

28-35 минут

(Т,Қ) «Сен білесің бе?» айдары

Мақсаты: Текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін атап ажырату.

Топтарға текше және тікбұрышты параллелепипед фигуралары беріледі. Оқушылар топта отырып, шеңбер бойымен фигураны қолға алып, ол туралы не білетіндерін айтады. Аталуы, элементтері, ерекшелігі, формуласы, т.б.

(Ж,Қ)Көлемін есепте

Мақсаты: Тікбұрышты параллелепипед көлемін V=a∙b∙c және текше көлемін V=a3 табу формуласын құрастыру және қолдану.

Оқушылар жұпта отырып, сұрақтарға жауап беру барысында параллелепипед пен текшенің көлемін формула арқылы есептейді.Ұжымдық тексеру ұйымдастырылады.

(Т,Қ)Топтық жұмыс

Мақсаты:Берілген көлем бойынша өлшемдерін анықтауды үйрету.

Оқушылар топта отырып, тапсырманы талқылайды, шешу жолдарын ұсынады.Оқушылар «Галерея» әдісі бойынша шеңбермен жүріп, бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, толықтырулар еңгізеді.Тексеріп, жасыл, сары стикермен бағалайды.

(Ө,Қ) Фигуралардың көлемін табу

Мақсаты:Өздігінен V=a∙b∙c және текше көлемін V=a3 табу формулаларын қолданып, көлемді анықтау.

Жұмыс дәптері, 75-беттегі тапсырмалар орындалады.

Оқушылар дәптерлерімен ауысып, дайын нұсқа бойынша бір-бірін тексереді және бағалайды.

Көлемді фигуралар

Қима қағаздар

Кеспеқағаздар, сызбалар.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақтың рефлексиясы:

  •  Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласы қандай?
  •  Текшенің көлемін қандай формула арқылы анықтаймыз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бағалау:«Бағалау фигуралары» арқылы өздерін бағалайды.

Стикерлер таратылады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату.

Топта жасаған жұмыстарын бақылаймын.Фигураларды ажырата алуын бағалаймын.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?: 2:бақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу