Тікбұрышты параллелепипед. Текше. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі «Өрнектер.Қозғалысқа есептер»

Мектеп:

Күні: ІІ тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты параллелепипед. Текше.

Оқу мақсаттары

4.3.1.1 текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін (төбесі, қабырғасы, жағы) тану және атау;

4.3.1.3 тікбұрышты параллелепипед көлемін V=a∙b∙c және текше көлемін V=a3 табу формуласын құрастыру және қолдану;

4.5.1.2** есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: биіктік, ені, ұзындық, көлем.

 Сабақ

 мақсаттары

Текше, тікбұрышты параллелепипедті белгіленуі бойынша атау және олардың элементтерін ажырату. Көлемін есептеу барысында формулаларды қолдану. Шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану.

 Бағалау критерийлері.

  • Текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін ажыратады;
  • Тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табу формулаларын қолданады;
  • Есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Геометриялық фигуралардың атаулары, құрама фигуралар, аудан өлшем бірліктерінің атаулары, геометриялық фигуралардың элементтерінің аталуы, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Құрама фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу.

(Ұ)Сабақтың тақырыбын жұмбақ арқылы ашу

Елу тентек тып-тыныш,  

Бір сарайда жатады.

Тысқа шықса біреуі, 

Жарқ етіп от шашады.

Жауабы: сіріңке

- Сіріңкенің қорабы қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

 -Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатындарымызды ескерту.

Слайд

Жұмбақ

Сабақ ортасы5-8 минут

8-15 минут

15-25 минут

25-35 минут

(МК) «Не артық?»

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

(Т,Қ) «Сен білесің бе?» айдары

Мақсаты: Текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін атап ажырату.

Топтарға текше және тікбұрышты параллелепипед фигуралары беріледі. Оқушылар топта отырып, шеңбер бойымен фигураны қолға алып, ол туралы не білетіндерін айтады. Аталуы, элементтері, ерекшелігі, формуласы, т.б.

(Ө,Қ)Математикалық диктант

Мақсаты:Фигуралардың ауданы мен көлемін табу формулаларды еске түсіру.

1.Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын жаз.

2.Шаршының ауданын табу формуласын жаз.

3.Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын жаз.

4.Текшенің көлемін табу формуласын жаз.

5.Ауданның өлшем бірліктерін жаз.

6.Көлемнің өлшем бірліктерін жаз.

Оқушылар жазып болған соң, көршілерімен дәптерімен ауысып, дайын нұсқа бойынша өзара тексеру және дескриптор бойынша өзара бағалау жұмыстарын өткізеді.

(Т,Қ)Көлем мен ауданДифференциация:Тапсырманы орындамас бұрын, оқушыларды деңгейлері бойынша топтарға біріктіру.

Тапсырма:Есептерді шығарыңдар.

Мақсаты:Фигуралардың ауданы мен көлемін табу формулаларын қолдана білуді үйрету.

1-топ: Ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м бассейннің көлемін есептеп табыңдар.

2-топ: Ұзындығы 45 м, ені 20 м, биіктігі 5 м болатын ғимараттың көлемі мен еденінің ауданын есептеп табыңдар.

3-топ:Ұзындығы 70 м, ені ұзындығынан 50 м кем, биіктігі 30 м болатын бөлменің көлемі мен еденінің ауданын есептеп табыңдар.

4-топ: Ұзындығы 90 м, ені ұзындығынан 40 м кем, биіктігі енінен 40 м артық болатын бөлменің көлемі мен еденінің ауданын есептеп табыңдар.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Жалпы ұжымдық тексеру ұйымдастырылады.Топтар бір-бірін БАСБАРМАҚ арқылы өзара бағалайды.

Тапсырманы ертерек бітірген топ оқушыларына дәптермен жұмыс жасау ұсынылады: 74-бет 4-тапсырма.

суреттер

Көлемді фигуралар

Қима қағаздар

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақтың рефлексиясы:

  •  Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласы қандай?
  •  Текшенің көлемін қандай формула арқылы анықтаймыз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бағалау:«Бағалау фигуралары» арқылы өздерін бағалайды.

Стикерлер таратылады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату.

Топта жасаған жұмыстарын бақылаймын.Фигураларды ажырата алуын бағалаймын.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?: 2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу