Қайталау.Математикалық фестиваль. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Уақыт

№ 160 сабақ.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қайталау.Математикалық фестиваль

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

3.4.4.1 « мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі:

Уақыттың өлшем бірліктерін пайдаланып,түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептерді сызба ,диаграмма түрінде модельдейді.

Ғылыми тіл

ОқушыларУақыт өлшемдерін ажыратады,уақыт өлшем бірліктерін салыстырады,амалдар орындайды,уақыт бірліктерін үлкеннен кішіге айналдыру,кішіден үлкеннен кішіге айналдыру алгоритмін түсінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай уақыт бірліктерін білесің?

1 минут неше секундты құрайды? 1сағатта неше минут бар?1 жылда неше тәулік бар?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері,секунд,минут,сағат,тәулік,ғасыр шамаларын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма.

(Т.Ж ) Үй тапсырмасында әр оқушыға жұбына арнап тапсырма әзірлеп келу тапсырылған болатын. Оқушылар жұппен отырып, көршісінің дайындап келген тапсырмасын алмасып орындайды. Алмасып тексеріп бағалайды. Бірнеше жұптың тапсырмаларын оқу. Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін.

«Басбармақ» арқылы бағалау. Жауап ұнаса бармақты жоғары көтеру, ұнамаса төмен қою.

Таратпа қағаздар

Минут,ай , секунд,

тәулік,жыл,апта, сағат,ғасыр жазулары бар таратпа қағаздар

Сабақтың басы

Сыныпты төрт топқа бөлу. Бүгін математикалық фестиваль өтетінін хабарлау.

Фестивальға әр ұлт өкілдері келгенін ескерту.

Топтар кезекпен текшені лақтырады. Қай тапсырмаға сәйкес жағы түссе топтар сол ұлттың тапсырмасын орындайды.

  • тапсырма (ТЖ) Қазақтардың тапсырмасы.

Қазақтың байырығы өлшемдері"

Байырғы қазақ өлшемдеріқазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Көрсетілген сөздерді пайдалана отырып, қандай мағына беретінін талдату.

«бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» «сүт пісірім уақыт», «қас қағыс сәт», «ет асым уақыт» деген сөз тіркестері нені білдіреді?

Осыған байлансыты топтық жұмыс ұйымдастырып, әр топ өз жұмыстарын потерге түсіреді. Жұмыс соңында топтардың жұмыстары танстырылып, топтар бір- бірін бағаланайды.

Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек

2- тапсырма (Т.Ж) Өзбек ұлтының тапсырасы. Жұмысты топтарда жалғастыру.

Тапсырма: Дәріхана түскі үзіліске дейін 6 сағат жұмыс жасайды. Түскі үзіліс 14.00-15.00 аралығында. Жабылғанға дейін әлі 5 сағат жұмыс жасайды. Дәріхана қанша уақыт ашық болады?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау.

3-тапсырма (Ж.Ж)

Қырғыз ұлтының тапсырмасы.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қою:

«Тапсырмада не белгілі?Нені табу керек?Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма?(жоқ) Х деп нені белгілеуге болады?(сахнадағы адамдар санын).Оқушыларға жұпта теңдеу құру үшін шектеулі уақыт беру. Кейін оқушылар нәтижелерімен алмасып,бірін-бірі тексереді.Егер белгілі бір топтың ойынша теңдеу қате құрылса,оны бірігіп талқылау керек.Кейін оқушыларға теңдеуді шешуге уақыт беру.

Бағалау:Басбармақ арқылы бағалау

4- тапсырма (Т.Ж.) Украин ұлтының тапсырмасы

А. Тапсырманы топта орындайды. Шешімін жазады.

Тапсырма: Үш сағаттың біреуі дәл уақытты көрсетіп тұр, екіншісі 20 минутқа қалып қойған. Ал үшіншісі мүлдем істемейді. Қазір уақыт қанша?

Ә. Суреттегі сағаттар жұбына қарап отырып қанша уақыт өткенін анықта.

Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалау. Қай жауап ұнаса содан кейін қол соғу.

Сергіту сәті.

5- тапсырма (Д.Ж.)

Беларусия елінің тапсырмасы. Тапсырманы жеке орындау тапсырылады. Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыру барысында жеке оқушылардың жұмыстарын қадағалау. Бағыт- бағдар беру..

Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыр.

1 сағ 30 мин = ....мин

2 сағ 6 мин = ….. мин

1 сағ 30 мин 30 сек = …. сек

82 мин=… cағ ... мин

96 сек = … мин … сек

600 мин = …. сағ

Тапсырма соңында тақамен жауаптарын сәйкестендіру.

Бағалау. Өзін- өзі бағалау.

6- тапсырма (Ж.Ж.)

Түркімен елінің тапсырмасы

Амалдарды орынада

Оқушыларға амалдар жазылған үлестірмелі қағаздар таратылады. Олар амалдарды орындайды. оқушыларға оны бірігіп толтыруды ұсыну.Бағыттаушы сұрақтар қойып,оқушыларға қолдау көрсету керек.Көршісімен аламасып тексереді. Кейіннен жауаптарын сәйкестендіреді.

1 сағ+25 мин;

45 мин + 15 мин;

1 сағ 15 миин+2 сағ 8 мин;

3 сағ 10 мин- 20 мин;

4 мин+4 сағ;

1мин 30 сек – 40 сек;

2 мин – 2 сек;

5 сағ 40 мин 12 сек- 35 сек;

«Бағдаршам» арқылы бағалау

7- тапсырма (Т.Ж.)

Тапсырманы топта ламинатталған парақарға орындайды. Парақты көрші топтармен алмасып тексереді. Көрші топ бағалайды.

Тапсырма:

Демалыс орнынан романға қарай бір мезгілде екі шаңғышы шықты. Бірінші шаңғышы орманға 1 сағ 30 минутта барды. Ал екінші шаңғышы 85 минутта барды. Қай шаңғышы орманға тез жетті?

Бағалау: Смайлик арқылы бағалау

1-2 слайд

3 слайд

4-5 слайд

6-7 слайд

8-10 слайд

11 слайд

12-14 слайд

15-7 слайд

18-19 слайд

Сабақтың соңы

8- тапсырма «Кестені толтыр» тапсырмасын ұсыну. Оқушылар кестеге өз жауаптарын жазады.

Тапсырмалар

Жауаптары

1 жылда қанша ай бар?

Жыл ... қаңтардан басталады.

Қыс айларын жаз

Жаз айларын жаз

Қаңтар айында неше жұмыс күні бар?

Шілде айында неше сенбі бар?

Туған күніңді толық жаз.

Үйден мектепке дейін қанша уақыт жүресің?

1 секундта не істеуге болады?

3 ғасырда қанша жыл бар?

Мектепте қанша уақыт боласың?

Рефлексия:

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың қорытындысын өздері жасауына тапсырма беру.

Бүгін мен ........ білдім.

Маған ........ қызық болды.

Маған ........ қиын болды.

Мен .......... түсінідім.

Мен енді ........ жасай аламын.

Мені ........ таң қалдырды.

20 слайд

21 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу