6 сыныптардағы математика курсын қайталау. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қайталау

Мектеп: Атырау қаласы НЗМ ХББ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

6 сыныптардағы математика курсын қайталау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқу жоспары бойыншы жылдық оқу мақсаттарын қайталау:

6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;

6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • шеңбер ұзындығының формуласын қолдану;
  • дөңгелектің ауданының формуласын қолдану;
  • кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табуды қайталау;
  • шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеуді қайталау.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • шеңбер ұзындығының формуласын қолданып есептер шығарады;
  • дөңгелектің ауданының формуласын қолданып есептер шығарады;
  • кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады;
  • шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табады және зерттейді.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

- шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіреді;

- шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдерін біледі;

- сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;

- формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құрайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

формула;

- шамалардың арасындағы тәуелділік;

- қашықтық, жылдамдық, уақыт;

- жұмыс, өнімділік, уақыт;

- баға, мөлшер, құны;

- масса, тығыздық, көлем;

- аудан, ұзындық, ені;

- ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы;

- өлшем бірліктері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

тәуелділігін формула арқылы береміз;

- … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз;

- … тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз;

- … мен … арасындағы тәуелділіктің графигін саламыз;

 Құндылықтарды дарыту

Біріккен жұмыс барысында бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау. Өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал ету.

 АКТ қолдану

 дағдылары

  • Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін (математикалық құралдар: сызғыш т. б.) пайдаланып координаталық түзуде сандарды кескіндеуді үйрету.

Бастапқы

білім

  • Формулаларды білу (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.). Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба білу, алгебралық өрнектің мәнін таба білу. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 мин

Ұйымдастыру.

Біріккен оқу ортасын құру

Жыл бойы оқыған оқу материалдарын қайталау мақсатында үлестірмелер дайындаңыз. Оқушылар сұрақты іштей оқып, жауапты дауыстап береді. Қалған оқушылар қандай сұрақ берілгенін анықтайды.

Сабақтың ортасы

5 22 мин

22 – 36 мин

36 – 38 мин

Сыныппен жұмыс.

Жылдық оқу мақсаттары бойынша есептер шығару.

  • Тапсырма- 1.
  • Цирк алаңының ауданын табыңыз, егер диаметрі 13 м болса. (суретті қараңыз)
  • Шешеуі:
  • ;
  • Жауабы: 133 м2.

Тапсырма – 2.

Суретте бір тәулікте ауа температураның өзгеруі көрсетілген. График бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) сағат 4; 14; 22 ауа температурасы қандай болған?

б) сағат нешеде ауа температурасы 0 0С; 5 0С; -3 0С тең болған?

в) ауа температурасы уақыттың қандай аралықтарында төмендеді немесе жоғарлады?

г) ауа температурасы уақыттың қандай аралықтарында оң немесе теріс таңбалы мәнді болған?

  • Тапсырма – 3.
  • Егер велосипед дөңгелегі 100 (N) айналым жасаса , онда велосипед 204 метр (L) жолды өтіп шығады (суретке қараңыз) . Велосипед дөңгелегінің ауданын табыңыз.
  •  
  • Шешуі:
  • ; ;
  • - велосипетің жүрген жолының ұзындығы.
  • (м).
  • м32 см
  • см2.
  • Жауабы: 3215 см2.
  • Тапсырма – 4.
  • Координаталық жазықтықта берілген нүктелерді салыңыз да, соңында сурет пайда болады:
  • (-9; 5); (-7; 5); (-6; 6); (-5; 6); (-4; 7); (-4; 6); (-1; 3); (8; 3); (10; 1); (10; -4); (9; -5); (9; -1); (7; -7); (5; -7); (6; -6); (5; -2); (5; -1); (3; -2); (0; -1); (-3; -2); (-3; -7); (-5; -7); (-4; -6); (-4; -1); (-6; 3); (-9; 4); (-9; 5)/

Тапсырмаларды тақтаға орындап, талдап, талқылаңыздар. Орындалған жұмысқа кері байланыс жасаңыз.

Жеке жұмыс

  • Шеңбер ұзындығы 18,84 см тең болса, оның диаметрін табыңыз.
  • Дөңгелектің ауданы 50,24 м2 тең болса, онда оның радиусын табыңыз.
  • Егер шеңбер радиусы 3,2 см тең болса, онда оның диаметрін, шеңбер ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңыз.
  • Абсцисс өсінен жоғары орналасқан нүктелерді анықтаңыз:

  A(-2; -3); B(5; 16); C(-7; -9); D(-5; 1); E(7; 0).

  • 5. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
  • ; ;
  • Дескриптор: Білім алушы:
  • шеңбер ұзындығының формуласын біледі, дұрыс қолданады;
  • дөңгелектің ауданының формуласын біледі, дұрыс қолданады;
  • координаталары берілген нүктелерді жазықтықта дұрыс бейнелейді;
  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді.
  • Дайын дескриптор арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз. Жалпы жылдық мақсаттар бойынша өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6

Слайд 4 - 5

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г

Слайд 6

Қосымша 1

Қосымша 2

Слайд 7 - 8

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • жылдық оқу мақсаттарын шолып өту.

Рефлексия

  • Слайд 9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Практикалық, жеке жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

  • Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру

Тапсырмалар орындау барысында еркін қозғалыста болып, бір – біріне көмек жасауына мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу