Қайталау.Математикалық фестиваль. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлімі: Уақыт

Тақырыбы: Қайталау.Математикалық фестиваль

Оқу мақсаты: 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

3.4.4.1 « мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Барлық оқушылар:

Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі: Уақыттың өлшем бірліктерін пайдаланып,түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдана алады

Оқушылардың кейбіреулері

Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептерді сызба ,диаграмма түрінде модельдейді.

Ресурастар: Таратпа қағаздар , А3 ламинатталған парақ, маркер, көрсетілім.

Сабақты кіріспе тапсырмадан бастаңыз.Үй тапсырмасында әр оқушыға жұбына арнап тапсырма әзірлеп келу тапсырылған болатын. Оқушылар жұппен отырып, көршісінің дайындап келген тапсырмасын алмасып орындатыңыз. Алмасып тексеріп бағалатыңыз. Бірнеше жұптың тапсырмаларын оқытыңыз. Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкіндігін екеріңіз.

Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Бүгін математикалық фестиваль өтетінін хабарлаңыз. Фестивальға әр ұлт өкілдері келгенін ескертіңіз.

Топтар кезекпен текшені лақтырады. Қай тапсырмаға сәйкес жағы түссе топтар сол ұлттың тапсырмасын орындатыңыз.

1- тапсырма топтық жұмыс арқылы орындалады. ( Қазақ елінің тапсырмасы)

«Қазақтың байырығы өлшемдері»

Байырғы қазақ өлшемдеріқазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері екенін айтыңыз. Көрсетілген сөздерді пайдалана отырып, қандай мағына беретінін талдатыңыз.

«бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» «сүт пісірім уақыт», «қас қағыс сәт», «ет асым уақыт» деген сөз тіркестері нені білдіреді?

Осыған байлансыты топтық жұмыс ұйымдастырып, әр топ өз жұмыстарын потерге түсіреді. Жұмыс соңында топтардың жұмыстары танстыруды, топтар бір- бірін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Тапсырманы «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі арқылы бағалатыңыз.

2- тапсырманы да топтық жұмыс арқылы орындатыңыз. ( Өзбек ұлтының тапсырмасы).

Тапсырма: Дәріхана түскі үзіліске дейін 6 сағат жұмыс жасайды. Түскі үзіліс 14.00-15.00 аралығында. Жабылғанға дейін әлі 5 сағат жұмыс жасайды. Дәріхана қанша уақыт ашық болады?

Әр топтан бір оқушыға шығып есепің шешімін, жауабын айтқызыңыз. Түрткі сұрақтар қоя отырып толықтырыңыз.

Сөздік бағалау жасаңыз. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

3-тапсырманы жұптық жұмыс ретінде алыңыз. ( Қырғыз ұлтының тапсырмасы) Оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз:

«Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек?Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма?(жоқ) Х деп нені белгілеуге болады?(сахнадағы адамдар санын).Оқушыларға жұпта теңдеу құру үшін шектеулі уақыт беріңіх. Кейін оқушылар нәтижелерімен алмасып,бірін-бірі тексереді.Егер белгілі бір топтың ойынша теңдеу қате құрылса,оны бірігіп талқылау керек.Кейін оқушыларға теңдеуді шешуге уақыт беріңіз.

Соңында басбармақ арқылы бағалаңыз.

4- тапсырманы топтық жұмыс арқылы орындатыңыз. ( Украин ұлтының тапсырмасы)

А. Тапсырманы топта орындатыңыз. Шешімін жазадыртыңыз. Тапсырмаға байланысты әр топқа бір сұрақтан дайындатыңыз.

Тапсырма: Үш сағаттың біреуі дәл уақытты көрсетіп тұр, екіншісі 20 минутқа қалып қойған. Ал үшіншісі мүлдем істемейді. Қазір уақыт қанша?

Ә. Суреттегі сағаттар жұбына қарап отырып қанша уақыт өткенін анықтатыңыз.

Қол шапалақтау арқылы бағалатыңыз.

Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. Қойылған әуенмен қимыл жасатыңыз.

5- тапсырманы жеке өздеріне орындатыңыз. (Беларусия елінің тапсырмасы)

Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыру барысында жеке оқушылардың жұмыстарын қадағалаңыз. Бағыт- бағдар беріңіз.

Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыуға арналған тапсырма.

1 сағ 30 мин = ....мин

2 сағ 6 мин = ….. мин

1 сағ 30 мин 30 сек = …. сек

82 мин=… cағ ... мин

96 сек = … мин … сек

600 мин = …. сағ

Тапсырма соңында тақамен жауаптарын сәйкестендіру жасатыңыз.

Әркім өзін- өзі бағалауын ұсыныңыз.

6- тапсырманы жұптық жұмыс ретінде алыңыз. (Түркімен елінің тапсырмасы )

Оқушыларға амалдар жазылған үлестірмелі қағаздар таратыңыз. Олар амалдарды орындайды. Оқушыларға оны бірігіп толтыруды ұсыныс айтыңыз. Бағыттаушы сұрақтар қойып,оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Көршісімен аламасып тексертіңіз. Кейіннен жауаптарын сәйкестендіруге беріңіз.

1 сағ+25 мин=

45 мин + 15 мин=

1 сағ 15 миин+2 сағ 8 мин=

3 сағ 10 мин- 20 мин=

4 мин+4 сағ=

1мин 30 сек – 40 сек=

2 мин – 2 сек=

5 сағ 40 мин 12 сек- 35 сек=

«Бағдаршам» арқылы бағалатыңыз.

7- тапсырманы топа орындатыңыз

Тапсырманы топта ламинатталған парақарға орындатыңыз. Парақты көрші топтармен алмасып тексертіңіз. Көрші топқа тапсырманы смайлик бағалатыңыз.

Тапсырма:

Демалыс орнынан романға қарай бір мезгілде екі шаңғышы шықты. Бірінші шаңғышы орманға 1 сағ 30 минутта барды. Ал екінші шаңғышы 85 минутта барды. Қай шаңғышы орманға тез жетті?

8- тапсырмада «Кестені толтыр» тапсырмасын ұсыныңыз. Бұл тапсырма бөлім бойынша меңгерген білімдерін тексеруғе арналған. Оқушылар кестеге өз жауаптарын жазады.

Тапсырмалар

Жауаптары

1 жылда қанша ай бар?

Жыл ... қаңтардан басталады.

Қыс айларын жаз

Жаз айларын жаз

Қаңтар айында неше жұмыс күні бар?

Шілде айында неше сенбі бар?

Туған күніңді толық жаз.

Үйден мектепке дейін қанша уақыт жүресің?

1 секундта не істеуге болады?

3 ғасырда қанша жыл бар?

Мектепте қанша уақыт боласың?

Сабақ соңында рефлексия жасатыңыз.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың қорытындысын өздері жасауына тапсырма беріңіз.

Бүгін мен ........ білдім.

Маған ........ қызық болды.

Маған ........ қиын болды.

Мен .......... түсінідім.

Мен енді ........ жасай аламын.

Мені ........ таң қалдырды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу