Ақша 131-сабақ. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

131-сабақ. Есеп шығару тәсілдері

Тақырып: Ақша

Оқу мақсаты:

3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алу және олармен әртүрлі операцияларды орындау

Сабақта қажетті ресурстар: қағаз ақшалар, кеспе қағаздар, үлестірмелі материал, ойыншықтар, парақтар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Ақша-кез келген басқа тауарға және қызметтерге айырбас құралы ретінде қабылданатын ерекше тауар.Ақша арқылы басқа тауарлардың құны белгіленеді.Теңге-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.Валюта-мемлекеттің ақша жүйесі.

Ертеректе ақшаны тастан, тұз кесектерінен,тіпті қауырсыннан жасаған. Адамдар ақша орнына бағалы заттарды қолданған.Кейіннен қолайлы болу үшін монетаны ойлап тапқан. Монета өткен заман туралы сыр шертеді.Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қорлануы кезеңінде пайда болды,яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды.Лидия мемлекеті(қазіргі Түркия) ақшаның отаны деп есептеледі.Онда монета алғаш рет б.з.д. VІІ ғасырда шыққан.Ал монета термині Юнон-Монета-храмы атымен байланысты,себебі Көне Римде алғашқы монета сарайы болған.Оларды алтын мен күмістің табиғи қоспасынан жасаған.Ал алғашқы банкноттар(қағаз ақша) 1000 жыл бұрын Қытайда пайда болған.

Сабаққа қатысты ескертулер:

Кіріспе тапсырма.

) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш-төрт терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз.

АҚША КУПЮРА ТАУАР ӘМИЯН

  • Қайда? Бұл терминдерді сен бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдің?
  • Қалай? Осы атауларды қай жерде қолдандың? Мысалдар келтір.
  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін бірнеше оқушының пікірін тыңдаңыз. Сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отырғаныңыз тиімді.

- Бүгінгі сабақ не туралы болады?

-Ақша не үшін керек? Оны қалай жұмсаймыз?

Оқушыларға ақша туралы қосымша мәліметтер беру.

-Қандай ақша бірліктерін білесіңдер?

-Кімнің өз әмияны бар? Онда қанша ақша жинадың?

-Қолданыста жүрген монеталар мен банкноттарды атаңдар.

Осы талқылаудан кейін оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырыңыз.

Бағалау «Жұлдыз»

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстаңыз. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтаңыз.

(Т.Ж)Практикалық жұмыс

Әр топқа қағаздан жасалған купюралар таратыңыз.

Көрсетілген соманы әртүрлі тәсілмен әмиянға қалай жинақтауға болады? деп сұраңыз.

-9 000 теңге; 7 000 теңге; 600 теңге; 3 000 теңге.

-Топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіңіз.

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

(Т.Ж) Ойыншықтар дүкенінде . Оқушылар топтағы жұмысты жалғастырады. Олардың әмиянында ірі купюрамен 20000теңге ақша бар екенін айтыңыз. Осы ақшаға бағасы жазылған ойыншықтардың қайсысын алуға болады. Олар топтың таңдауын түсіндіреді.

Бағалау «Смайликтер» арқылы жауаптарын көрсетуін сұраңыз.

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

(Ж.Ж) Есепте

Екі саяхатшы 3000 теңгеден билет сатып алды. Олар 5 күнде қанша ақша жұмсайды?

Есепті сынып болып талқылатыңыз. Болған соң, шешу жолын жұпта талқылауын сұраңыз.Терімділік қасиетін пайдаланып,2 тәсілмен шығаруға болатынын ескертіңіз.

Жауабы:(3000*2)*5=30 000

(2*5)*3000=30 000

Бірінші болып шығарған жұпты тақтаға шығарып,есепті тақтада көрсетуін сұраңыз. Оқушылар өз жұмыстарын тақтамен салыстыра отырып, тексереді.

(Ө.Ж) Мен сатып алушымын!

Оқушыларға суреттегі заттардың бағасына қарай отырып, берілген ақшаға қандай заттар сатып алуға болатынын есептету.

-Сенде қанша ақша бар?

-Доп пен машинаның құны қанша?

-Қуыршақ қанша тұрады?

-Ақшаң үш ойыншыққа жете ме?

Осыдан кейін критерий бойынша бағалау жүргізіңіз.

Бағалау критерийі.

Мен:

- купюраларды ажыратуды;

-олармен түрлі төлемдер жасауды білемін.

(Т.Ж)Құрастыр. Есепті шығару үшін топтарға өрнектер жазылған кеспе қағаздар таратыңыз. Берілген өрнектер бойынша есеп құрастырып, шығартыңыз.

230х3+150х2

1000-580х2

360+470+210

Бағалау «Айналмалы парақ» әдісін қолданып,топтың бір мүшесі өздерінің есебін алып, басқа топқа барып,жауаптарын салыстырып,тексереді.

(Т.Ж)Ойлан

Топта отбасы бюджетін қалай жұмсауға болатынын талдауға уақыт беру.Талдаудан кейін топтың бір мүшесі топтың талдауын түсіндіреді.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіңіз.

Оқушылар жауаптарды мұқият тыңдап отырып, ұнаған жауапқа үш шапалақ соғады.

Қосымша тапсырмалар.

Қанша ақшаң бар?.Есептеу дағдысын бекіту мақсатында өз бетінше орындалады.

1000 тг+3000 тг=4 000 тг

10000 тг-6000 тг=4000 тг

5000 тг-4000 тг=1000 тг

20000 тг-10000 тг=10000тг

7000 тг+2000 тг=9000 тг

Құнын анықта.

Суретші дүкеннен 500 теңгеден 2 бояу және 250 теңгеден 3 қылқалам сатып алды. Барлығы қанша ақша төледі?

-Есепті неше амал арқылы орындауға болады? (2 амалмен)

-Шығару жолын айт.

-Жауабы қалай болады? деп сұраңыз

Бағалау «Бағдаршам» арқылы бағалатыңыз.

Қызыл, жасыл, сары сигналды карталарды көтеру арқылы бағалау жүргізіледі.

Қызыл-түсінбедім, сары-сұрақтарым бар, жасыл-толық түсіндім.

Есепте. Амалдарды орындап және жауаптарын өсу ретімен орналастыруын сұраңыз. Жауаптары бірдей өрнектерді анықтауын тапсырыңыз.

Жұмыс парағында орындалған жұмыстарды бағалау. (+,-)

Сатып алу.Есепті оқытып, талдатыңыз.

280 теңгеге қалам мен дәптерлер сатып алды.Егер 60 теңгеден 3 дәптер және екі қалам сатып алған болса,бір қаламның бағасын табайық.

Бағалау «Желкенді қайық». Оқушыға сабақ ұнаса, қайықтың желкенін жасыл түске , сабақта қиындықтар кездескен болса, желкенді сары түске, егер сабақ барысында тапсрымаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды.

Сабақ бойынша кері байланыс жасатыңыз.

-Ақша деген не?

-Валюта деген не?

-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қалай аталады?

-Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

-Қандай ақша бірліктерін білесің?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өз көңіл күйлерін стикерге жазып, табыс ағашына орналастыруын тапсырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу