Масса.Есеп шығару 134-сабақ. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

134-сабақ.

Тақырып: Масса. Есеп шығару тәсілдері

Оқу мақсаты:

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Тірек сөздер: Баға, сан, құн, тауар

Сабақта қажетті ресурстар: қалам, қарындаш, сызғыш, кестелер, масса бірліктеріне арналған дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар, үлестірмелі материал, таразы түрлері, парақтар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Масса — экономикада: тауарлардың мөлшері (тауар‚ақша массасы‚ конкурстық масса). Топтамалардың құнын‚ шамасын‚ салық салу базасын‚ т.б. анықтау үшін пайдаланылатын тауарлардың аса маңызды сипаттамаларының бірі. Мынадай салмақ (масса) өлшемдері қолданылады: 1 тонна = 10 центнер = 1000 килограмм = 1000000 грамм. Таразы- әсер ететін ауырлық күші бойынша дененің салмағын немесе массасын анықтауға арнапған аспап. Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Таразының үй жағдайында пайдалану үшін қолға ұстайтын, қабырғала ілетін және стол не еденге қоятын түрлері шығарылады. Заттардың массасына сәйкес өз өлшем бірліктері болады. Ең жеңіл зат граммен өлшенеді, ең ауыр зат тоннамен өлшенеді.

Сабаққа қатысты ескертулер:

(Ж) Ой шақыру

«Артығын алып таста»

Килограмм,тонна, метр, центнер,сағат, грамм, минут, миллиметр, тәулік. Осы сөздердің ішінен масса бірліктерін алып, топтастыруды ұсыныңыз.

Масса бірліктерінен артығын алып тастауын сұраңыз.

Топтастыру «Масса бірліктері»

Грамм, килограмм, центнер, тонна.

(ҰЖ) Белсендіру

Массаны қалай өлшейміз? Массаны қандай құралмен өлшейміз? Таразы- әсер ететін ауырлық күші бойынша дененің салмағын немесе массасын анықтауға арнапған аспап.

Таразы түрлеріне түсінік беріңіз.

Таразыны қолдану кезеңдерін түсіндіріңіз. Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Таразының үй жағдайында пайдалану үшін қолға ұстайтын, қабырғала ілетін және стол не еденге қоятын түрлері шығарылады. Пайдалануға ыңғайлы, ықшам, құрылымы қарапайым келеді. Дегенмен, лаборатория немесе дүкен таразыларымен салыстырғанда дәлдігі төмендеу болады. Тұрмыстық таразылардың серіппелі және иінді түрлері көбірек тараған. Серіппелі таразының негізіне жазық не цилиндр спиральді серіппе алынады. Оның қызметі өлшенетің заттық салмағы мен сығылған не созылған серіппе күшін теңестіруге негізделеді; таразының көрсетуін шкала бойынша есептейді. Ал, шкала бойымен серіппе арқылы жалғасқан көрсеткіш жыл жын отырады. Серіппелі қол таразысы 6 немесе 10 килограмдық (шкаласы 200 г және 250 г-дық бөліктерге бөлінген) болып шығарылады. Тамақ дайындағанда не қайнатпа әзірлегенде қажетті өнім мөлшерін білу үшін серіппелі стол немесе қабырға тарамысы.

Ең жеңіл затты қандай таразымен өлшейміз? Ең ауыр затты ше?

-Қандай заттың массаларын өлшейміз?

Заттардың массасына сәйкес өз өлшем бірліктері болады. Ең жеңіл зат граммен өлшенеді, ең ауыр зат тоннамен өлшенеді.

(ТЖ)Өзектендіру

Оқушыларды шағын топқа біріктіріп,кесте таратыңыз.

1 кг =  г 1 ц =  кг

1 т = кг= ц

1 кг =1000 г

1 ц = 1000 кг

1 т = 1000 кг = 10 ц

Кестені толтырайық!

Белгіленнген уақыт біткеннен кейін топтар сағат тілінің бағытымен орындаған жұмыстарын ауыстырады. Олар бір-бірінің кестесін тексеріп,басқа топтың жұмысы бойынша өз пікірін айтады.

«Жарайсың! Керемет! Алға!» ауызша әдісімен бағалатыңыз

) Сен білесің бе?

Айдарына назар аудартыңыз

Әлемдегі ең ауыр жануар ол піл. Пілдің массасы 7 тоннадан да көп болады.

Тоннаны басқа масса өлшем бірліктеріне айналдыртыңыз, оқушылар салыстармалы түрде көздерін жеткізсін.

«От шашу» әдісі арқылы өздерін бағалатыңыз.

Оқушылар өздерінің және басқалардың дұрыс жауаптарына қошемет білдіреді.

(Ө.Ж) Қалып қойған сандарды орнына қой. Масса бірліктеріне байланысты есептеулер беріңіз

(Ж) Сәйкестендір.

Қима қағазды таратып беріңіз. Тапсырманы орындатып болған соң, тақтадағы жауаппен тексеріп, түзетуді сұраңыз. Дәптерімізге жазып алғызыңыз.

2 кг= 2000 г 4 т= 4000 кг

3 ц = 300 кг 6 т= 60 ц

50 ц = 5 т 700 кг= 7.ц

Бағалау «Табыс баспалдағы»

(Ж)Кенеттен сұрау.

  • Не артық? 99 кг ба, әлде 1 ц ма?
  • Не кем? 11 ц ма, әлде 11 кг ба?
  • Үлкен шаманы ата: 7 кг, 800 г.
  • Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц.
  • Үлкен шаманы таңда: 80 ц, 80 кг, 80 г

Жауабы: 1 ц артық, 11 кг кем, 7 кг, 600 кг, 80 ц, 1000 кг

Бағалау «Смайликпен»

(Ж.Ж) Есеп құра, кестені толтыр

Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға кесте таратыңыз. Оқушылар кесте бойынша есеп құрастыруын сұраңыз.

Бір қапта(кг)

Қаптың саны

Барлығы(кг)

50 кг картоп

6 қап

300 кг

Жұптар бірін-бір тексеруін сұраңыз, ол үшін дұрыс жауабын тақтада көрсетіңіз. Талқылау жүргізіңіз

-Есепті неше амалмен шығардыңдар?

-Үш амалмен шығару ушін сұрағын қалай өзгертуге болады? Есепті шығартыңыз

Бағалау «Бағдаршам» қызыл, жасыл, сары сигналды карталармен бағалау

(Т.Ж.) Ойлан Суреттер бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз

Өзара бағалау

Сабақ бойынша кері байланыс жасатыңыз

Оқушылардың сабақ материалын қалай меңгергенін анықтау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

-Бір заттың массасын қалай табады?

-Заттардың санын қалай табады?

-Заттардың жалпы массасын қалай табады?

Бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек» парақшасын толтыруын сұраңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу