Масса.Есеп шығару 134-сабақ. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері Тақырыбы:Масса.Есеп шығару

134-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы: Масса шамаларына байланысты құрама есептерді шығарады.

Оқушылардың көпшілігі:

Кесте,өрнектер бойынша есептер құрастыра алады,диаграмма,сызба, қысқаша жазба бойынша модельдейді

Оқушылардың кейбіреуі:

Оқушылар құрама есеп құрастырадыжәне талдайды.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамалардың өлшем бірліктерін ажырата алады,құндылық,көрсету,түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Масса шамаларын ата

Жалпы массаны табу үшін не істейміз?

Бір заттың массасын табу үшін не істейміз?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ақшамен байланысты әртүрлі есептерді шығару жолын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

(Ж) Ой шақыру

«Артығын алып таста»

Килограмм,тонна, метр, центнер,сағат, грамм, минут, миллиметр, тәулік. Осы сөздердің ішінен масса бірліктерін алып, топтастырамыз.

Масса бірліктерінен артығын алып тастайық. Масса бірліктерін топтастырайық.

Топтастыру «Масса бірліктері»

Грамм, килограмм, центнер, тонна.

(ҰЖ) Белсендіру

Массаны қалай өлшейміз? Массаны қандай құралмен өлшейміз?

Таразы түрлеріне түсінік беру.

Таразыны қолдану кезеңдеріне түсінік беру.

Ең жеңіл затты қандай таразымен өлшейміз? Ең ауыр затты ше?

-Қандай заттың массаларын өлшейміз?

Заттардың массасына сәйкес өз өлшем бірліктері болады. Ең жеңіл зат граммен өлшенеді, ең ауыр зат тоннамен өлшенеді.

(ТЖ)Өзектендіру

Оқушыларды шағын топқа біріктіріп,кесте таратылады.

1 кг =  г 1 ц =  кг

1 т = кг= ц

Кестені толтырайық!

Белгіленнген уақыт біткеннен кейін топтар сағат тілінің бағытымен орындаған жұмыстарын ауыстырады. Олар бір-бірінің кестесін тексеріп,басқа топтың жұмысы бойынша өз пікірін айтады.

Бағалау «Жарайсың! Керемет! Алға!» ауызша әдісі

Слайд № 3

Әр топқа арналған

үлкен парақтарға жазылған кестелер

Слайд № 4

Слайд №5

Слайд № 6-7

Сабақтың ортасы

8-16

17-22

23-30

31-37

) Сен білесің бе?

Айдарына назар аударайық.

Әлемдегі ең ауыр жануар ол піл. Пілдің массасы 7 тоннадан да көп болады.

Бағалау «От шашу» әдісі

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ө.Ж) Қалып қойған сандарды орнына қой.

2 кг= ...г 4 т= ... кг

3 ц = ...кг 6 т= ... ц

50 ц = ... т 700 кг= ...ц

Бағалау «Бас бармақ»

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

(Ж) Сәйкестендір.

Қима қағазды таратып беру. Тапсырманы орындатып болған соң, тақтадағы жауаппен тексереміз, түзетеміз. Дәптерімізге жазып аламыз.

2 кг= 2000 г 4 т= 4000 кг

3 ц = 300 кг 6 т= 60 ц

50 ц = 5 т 700 кг= 7.ц

Бағалау «Табыс баспалдағы»

Оқушылар баспалдақтың сатыларына өздерінің орындарын белгілейді. Дұрыс жауап-жоғары баспалдақ, қателері болса-ортаңғы баспалдақ, барлығы дұрыс емес болса-төменгі баспалдаққа белгі қояды

(Ж)Кенеттен сұрау.

  • Не артық? 99 кг ба, әлде 1 ц ма?
  • Не кем? 11 ц ма, әлде 11 кг ба?
  • Үлкен шаманы ата: 7 кг, 800 г.
  • Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц.
  • Үлкен шаманы таңда: 80 ц, 80 кг, 80 г

Жауабы: 1 ц артық, 11 кг кем, 7 кг, 600 кг, 80 ц, 1000 кг

Бағалау «Смайликпен»

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

(Ж.Ж) Есеп құра, кестені толтыр

Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға кесте таратылады. Оқушылар кесте бойынша есеп құрастырады.

Бір қапта(кг)

Қаптың саны

Барлығы(кг)

Жұптар бірін-бір тексереді ол үшін дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Талқылау

-Есепті неше амалмен шығардыңдар?

-Үш амалмен шығару ушін сұрағын қалай өзгертуге болады? Есепті шығарту

Бағалау «Бағдаршам» қызыл, жасыл, сары сигналды карталармен бағалау

Қызыл-түсінбедім, сары-сұрақтарым бар, жасыл-толық түсіндім.

(Т.Ж.) Ойлан Суреттер бойынша есеп құрастыр

Өзара бағалау

Слайд № 8

Слайд №9

Слайд №10

Слайд № 12-13

Слайд № 14

Сабақтың соңы

38-40

Сабақ бойынша кері байланыс

Оқушылардың сабақ материалын қалай меңгергенін анықтау үшін мына сұрақтарды қою:

-Бір заттың массасын қалай табады?

-Заттардың санын қалай табады?

-Заттардың жалпы массасын қалай табады?

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» парақшасын толтыру

.

Слайд № 15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу