104∙4, 416:4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/ Судың жануарлар үшін пайдасы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 135-сабақ. 104∙4, 416:4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/ Судың жануарлар үшін пайдасы

Оқу мақсаттары: 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

Тірек сөздер:

  • бірлік
  • ондық
  • жүздік
  • көбейту алгоритмі
  • бөлу алгоритмі.

Ресурстар:

  • үй жануарлары суреттері
  • су жануарлары суреті
  • фишкалар
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • тапсырма жазылған қима қағаз
  • оқулық
  • өрнектер жазылған қима қағаз
  • кесте
  • есеп макеті
  • шаблондар
  • веер
  • сиыр,түйе суреттері

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • . Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды

бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді

меңгеруі тиіс.

  • . Бірліктерді көбейтіп, бірліктердің астына

жазамын.

  • Ондықтарды көбейтіп, ондықтардың астына

жазамын..

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақтың басында оқушылар көбейтудің

компоненттерін түсінгенін тексеру

ұйымдастырыңыз. Ол үшін көбейту

компоненттерінің қалай аталатынын, белгісіз

көбейткішті қалай табуға болатынын сұраңыз.

Ынталандыру.

Топқа бөліну.Оқушылардың санына орай әрқайсысына жануарлардың атын қағазға жазып, қолына беріңіз.Оны ешкім көрмеуі тиіс.Барлығына беріп болған соң оқушылардың көздерін байлап, өздеріне берген жануардың дыбысын салу арқылы бір-бірін тауып, топқа бірігуді тапсырыңыз.Олар дыбыстай отырып, сол дыбыс арқылы бір-бірін тауып топтасады.

1-топ-мысық

2-топ-сиыр

3-топ-жылқы

4-топ қой

Оқушылармен әңгіме жүргізіңіз.

- Судың жан-жануарларға пайдасы бар ма?

- Суда өмір сүретін жануарларды білесің бе?

Барлық жануарларға өмір сүру үшін қажеттісі ауа, су, жарық, жылу, қорек. Адамдар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су қалай маңызды болса, жануарлар үшін де солай маңызды. Суда көптеген балықтар мен бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер тіршілік етеді.

Әлемдегі ең ірі балық – акула (ұзындығы 15 м, салмағы 20 т).

Ең ірі жануар – көк кит (салмағы 150 т).

Өзектендіру

Оқушыларға есептеу тәсілдерін топтастыруды ұсыныңыз. Оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу,ондық разряды нөл болатын сандарды көбейту және бөлу деп ерекшелеуі мүмкін.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Оқушылардан сұраңыз:

104∙4 көбейтіндісін баған түрінде қалай орындауға болады?

416:4 бөліндісін баған түрінде қалай орындаймыз?

Осыдан кейін оқушылармен бірге сабақтың мақсатын тұжырымдаңыз

. Жаңаны ашу.

1-тапсырма.

Түсіндіріңіз. Қорытынды жасаңыз.

Жазамын: бірінші көбейткіш – 104, бірліктің астында екінші көбейткіш – 4.

Бірліктерді көбейтемін: 4∙4=16, бұл – 1 ондық және 6 бірлік. 6-ны бірліктердің астына жазамын, ал 1 ондықты есіме сақтап, оны ондықтарға қосамын.

Ондықтарды көбейтемін: 0∙4=0, ойымдағы 1 ондықты қосамын, сонда 1 ондық болады. 1-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерді көбейтемін: 1∙4=4, 4-ті жүздіктердің астына жазамын.

Жауапты оқимын: 416.

Түсіндіріңіз. Қорытынды жасаңыз.

Жазамын: бөлінгіш – 416, бөлгіш – 4. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 4 жүздік. Бөліндіде үш цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 4:4=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 1 ондықты 4-ке бөлуге болмайды, бөліндіде ондықтар болу үшін бөліндіге 0-ді

жазамын.

Бірліктерді бөлемін: 1 ондық және 6 бірлік – 16 бірлік. 16:4=4, 4-ті бөліндіге жазамын.

Жауабын оқимын: 103.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

2-тапсырманы «Домино»әдісі арқылы орындатыңыз.

 Қағаз қиындыларын домино пішіндес қиып, ортасынан қаламмен сызыңыз. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне өрнек жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол өрнектің жауабын жазып, оң жағына өз өрнегін береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

 Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

 209∙2=418 208∙3=624 203∙4=812

 324:3=108 428:4=107 816:8=102

"Отшашу"арқылы бағалаңыз.

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

«Өрмекші торы» әдісі.

Бір оқушы жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көбейтуге құрастырған мысалын айтады. Оны алған оқушы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып есептейді. Тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады.

Жаңаны қолдану.

3-тапсырма

Ойын түрінде орындатуыңызға болады. Комодтық алабажақ кесіртке мен қолтырауынның, піл мен сусиырдың суреттерінің артына есептерді жазып қойыңыз. Таңдаған оқушы шығарады және сол жануар туралы білетін мәліметін баяндайды.

а)Комодтық кесірткенің ұзындығы 209см,ал қолтырауынның ұзындығы одан 3 есе артық. Қолтырауын комодтық алабажақ кесірткеден неше см ұзын?

Қысқаша жазылуы:

Кесірткенің ұзындығы-209см

Қолтырауынның ұзындығы-?,3 есе артық ? ұзын

Шешуі:

209∙3=627см

627-209=418см

Жауабы:қолтырауын 418 см ұзын

ә) Пілдің биіктігі шамамен 324 см, ал сусиырдың биіктігі одан 3 есе кем. Сусиыр пілден неше сантиметрге аласа?

Қысқаша жазылуы:

Піл-324 см

Сусиыр-?3 есе аласа, ? см аласа

Шешуі:

324:3=108см

324-108=216см

Жауабы: сусиыр 216 см аласа

Жұлдызшамен бағалау

Әр топтың топ басшылары топтардың тапсырмасын тексеріп, жұлдызшамен бағалайды.

4-тапсырма

Теңдеулерді шешу.«Мозаика»

«Мозаиканың» басымдылығы - оның топтық жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

Барлық сыныпты кішкентай топтарға бөліңіз. (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұндай бастама барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.

Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманың ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

165+х=104∙3 3∙х=568-241

165+х=312 3∙х=327

х=312-165 х=327:3

х=147 х= 109

165+147=104∙3 3∙109=568-241

312=312 327=327

у: 4=535:5 906-а=206∙2

у:4=107 906-а=412

у=107∙4 а=906-412

у=428 а=494

428.4=535:5 906-494=206∙2

107=107 412=412

Жұмыстарды тексеріп,"Бағдаршам" арқылы бағалатыңыз.

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

7-тапсырма

Ойын түрінде орындатуыңызға болады. Түйе мен сиырдың суреттерінің артына есептерді жазып қойыңыз. Таңдаған оқушы шығарады және сол жануар туралы білетін мәліметін баяндайды.

а)Түйе-ғажап жануар.Ол сусыз екі апта жүре алады. Түйе бір ішкенде 108 литрге дейін су ішеді. 6 түйеге неше литр су керек?

Қысқаша жазылуы:

1 түйе-108л

6 түйе-?л

Шешуі:108∙6=648л

Жауабы:6 түйеге 648 литр су керек.

ә) Ыстық күндері сиыр тәулігіне 105 л су ішеді. Ыстық күндері сиыр бір аптада неше литр су ішеді?

Қысқаша жазылуы:

1 тәулікте- 105 л

1 аптада-?л

Шешуі:105∙7=735л

Жауабы: сиыр бір аптада 735 литр су ішеді.

Смайликтермен бағалау.

Жұмыстарын тексеріп, смайликтермен бағалаңыз

8-тапсырма

Тікбұрышты үшбұрыштардың ауданын табуды ұсыныңыз.Оқушылар тікбұрыш жасап тұрған екі қабырғасын көбейтіп, екіге бөлу арқылы тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу керектігін айтуы тиіс.

S=3см∙2см=6см2

S=3см∙4см=12см2

S=5см∙4см=20см2

 «Боди-арт»

 Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, Өрнектің мәнін табу. тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.

 Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.

Өткенмен жұмыс.

5-тапсырма

а)Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына немесе кубына алмастыру, өрнектің мәнін табу.

4∙4∙4=43=64 5∙5=52=25

10∙10∙10=103=1000 3∙3=32=9

2∙2∙2=22=8

6∙6=62=36

ә) Көбейткіштердің квадраты мен кубын көбейтінділермен алмастыру.

43+300=4∙4∙4+300=364 103-534=10∙10∙10-534=466

102-56=10∙10-56=44 92-67=9∙9-67=14

23+40=2∙2∙2+40=48

42+351=4∙4+351=367

"Отшашу"арқылы бағалатыңыз

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

9-тапсырма

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің қателігі нәтижесінде жануарлар өздерінің торларында болмай шықты.

Хайуанаттар бағының қызметшісі жануарлардың әрқайсысын өз торына тезірек орналастыруы тиіс.Бұл қызметкерлер әрекетінің алгоритмі қандай болуы қажет?Жануарлардың есектен басқасы-жыртқыш аңдар. Сондықтан оларды бір торға екіден орналастыруға немесе ортақ орынға жіберуге болмайды.

Бұл тапсырманы бірнеше тәсілмен орындауға болады.

Олардың ішінен екі нұсқасын ұсыныңыз.

Бірінші нұсқа:

  • Қасқыр → Ортақ торлы орын
  • Қабылан → №5 тор
  • Арыстан →№1 тор
  • Қолтырауын →№4 тор
  • Есек→ №2 тор
  • Қасқыр → №3 тор.

Екінші нұсқа:

  • Есек → Ортақ торлы орын
  • Қасқыр → №3тор
  • Қабылан → №5 тор
  • Арыстан →№1 тор
  • Қолтырауын →№4 тор
  • Есек →№2 тор

Жұмыстарын тексеріп,бармақ арқылы бағалаңыз.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.

 «ВЕЕР»

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жасатыңыз.

Рефлексия.

- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойдық?

- Ол мақсатқа жеттік пе?

- Сабақ барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Ол қиындықтар енді қайталанбас үшін не істеуге болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу