102∙3, 306:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Судың өсімдіктер тіршілігіндегі пайдасы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 133-сабақ. 102∙3, 306:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Судың өсімдіктер тіршілігіндегі пайдасы

Оқу мақсаттары: 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Тірек сөздер:

  • бірлік
  • ондық
  • жүздік
  • көбейту алгоритмі
  • бөлу алгоритмі.

Ресурстар:

  • оқулық
  • суқойма өсімдіктері суреттері
  • гүлдер суреттері
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • тапсырма жазылған қима қағаз
  • блум түймедағы
  • өрнектер жазылған қима қағаз
  • кесте
  • тілек ағашы
  • блум текшесі

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • . Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды

бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді

меңгеруі тиіс.

  • . Бірліктерді көбейтіп, бірліктердің астына

жазамын.

  • Ондықтарды көбейтіп, ондықтардың астына

жазамын..

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақтың басында оқушылар көбейтудің

компоненттерін түсінгенін тексеру

ұйымдастырыңыз. Ол үшін көбейту

компоненттерінің қалай аталатынын, белгісіз

көбейткішті қалай табуға болатынын сұраңыз.

Ынталандыру.

"Сіздер білмейсіздер" тренингі.Оқушыларды шеңберге жинап,"Сіздер білмейсіздер..." деп бастап, өзгелер білмейтін бір құпиясын айтып шығуын сұраңыз. "Мозайка" әдісі бойынша топқа біріктіріңіз.Бірнеше бөлікке бөлінген гүлдердің суретін құрастырып, топқа бірігуін ұсыныңыз

Оқушылармен әңгімелесіңіз

- Балалар, судың өсімдікке қандай пайдасы бар екенін білеміз бе?

- Суда өсетін қандай өсімдікті білеміз?

Өсімдіктер жайлы қызықты мәлімет оқып беріңіз.

Қызық мәлімет!

Өсімдіктер – тірі ағзалар. Өсімдіктер өміріне қажеттісі – жарық, ауа, жылу, су, топырақ. Сусыз өсімдік тіршілік ете алмайды. Су өсімдіктің тамырының бойымен сабаққа көтеріліп, жапыраққа жетеді. Осылай өсімдік өсіп-өнеді. Суда өсетін өсімдіктер де бар. Олар: сары тұңғиық, аққугүл, балықот, т.б.

Өзектендіру.

Оқушылардың назарын тақтадағы өсімдіктерге аударыңыз,тақтадағы өсімдіктерге әртүрлі сандар жазылған. Үш таңбалы сандарды атау арқылы, сіздер суда өсетін өсімдіктерді табу керек екендігін айтып, сандарды ататыңыз.

1-тапсырма

Гүлдерді топтап жазуды ұсыныңыз.Бірінші гүлшоққа 7 жүздігі бар сан жазылған гүлдерді топтастыру.Екіншісіне 43 ондығы бар сан жазылған гүлдерді жинау. Осы гүлдердің ішінде суда өсетін қандай гүлді байқадың? Ол қалай аталады?

1-гүлшоғы:

708,780,700,

2-гүлшоғы:

430,433,438

Бармақ арқылы бағалаңыз

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырыңыз.

101 ∙ 4, 609 : 3, 402 : 2, 505 : 5, 204 ∙ 2.

  • Сіз ауызша есептеуді орындай аласыз ба?
  • Есептеуді орындаудың жазбаша алгоритмі сізге таныс па?
  • Бұл өрнектердің ерекшелігі неде (ондық разряды – нөл)
  • 102∙3 көбейтіндісін баған түрінде қалай орындауға болады?
  • 306÷3 бөліндісін баған түрінде қалай орындаймыз?
  • Біз осыған ұқсас мысалдарды есептедік пе?
  • Осыған дейін үйренген мысалдардан бұлардың айырмашылығы неде? (Ондық разряды – нөл.)
  • Өздерің жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре аласыңдар ма?

Оқушыларға сабақтың мақсатын тұжырымдауын ұсыныңыз.

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы 2-тапсырма бойынша жұмыс жасаңыз

Жазамын: бірінші көбейткіш – 102. Бірліктердің астында екінші көбейткіш – 3.

Бірліктерді көбейтемін: 2∙3=6, 6-ны бірліктердің астына жазамын.

Ондықтарды көбейтемін: 0∙3=0, 0-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерді көбейтемін: 1∙3=3, 3-ті жүздіктердің астына жазамын.

Жауабын оқимын: 306.

Жазамын: бөлінгіш – 306, бөлгіш – 3. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 3 жүздік. Бөліндіде үш цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 3:3=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 0:3=0, 0-ді бөліндіге жазамын. Бірліктерді бөлемін: 6:3=2, 2-ні бөліндіге жазамын.

Жауапты оқимын: 102.

Оқушылардан қысқаша неге бұлай жазуға болатынын түсіндіруді сұраңыз. (Олар нөлді кез келген санға бөлгенде әрқашан нөл шығатындықтан, осылай қысқаша жазуға болатынын айтады).

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3-тапсырманы "Эстафета" әдісі бойынша орындатыңыз.

1-оқушы бір өрнекті жазып орнына отырады, келесі оқушы екінші өрнекті жазады.Осылайша эстафета жалғасады.

104∙2=208 101∙5=505 903:3=301

203∙3=309 609:3=203 204:2= 102

302∙3=906 707:7=101

«Өрмекші торы» әдісі арқылы өздеріне осындай өрнек құрастыртыңыз.

Бір оқушы жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көбейтуге құрастырған мысалын айтады. Оны алған оқушы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып есептейді. Тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады.

Жаңаны қолдану.

4-тапсырманы орындатпас бұрын есептерге оқушыларға талдау жасатыңыз... Есептің қысқаша жазылуын жазып, тақтада орындатыңыз, есептерді салыстыруды ұсыныңыз.

а) 1кг күріш өсіру үшін7 т су жұмсалады. 100кг күріш өсіру үшін неше тонна су қажет?

Қысқаша жазылуы:

1 кг күріш -7т

100кг күріш -?

Шешуі:100∙7=700т

Жауабы:100кг күріш үшін 700т су қажет

ә)100кг бидай өсіру үшін 120литр су жұмсалады.Ал одан 5 есе артық бидай өсіру үшін неше литр су қажет?

Қысқаша жазылуы:

100 кгбидай -120 л

5 есе артық бидайға -?л

Шешуі: 100∙5∙120=60000л

Жауабы: 60000 литр су қажет

б) 3 кг картоп өсіру үшін 900литр су жұмсалады.1 кг картоп өсіру үшін неше литр су қажет?

Қысқаша жазылуы:

3 кг картоп-900л

1 кг картоп-?л

Шешуі:

900:3=300л

Жауабы: 1 кг картоп үшін 300 л су қажет.

Жұлдызша арқылы бағалатыңыз.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

5 -тапсырма

Функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар беріңіз:

  • Жер телімінің боялған бөлігінің ауданын қалай табамыз? (Қабырғаларының ұзындығын анықтау арқылы)
  • Қабырғаларының ұзындығы қандай болады? (6м – 4м= 2м, 7м – 5м = 2м)
  • Жер телімінің боялған бөлігі қандай фигура болып шықты? Оның ауданын қалай анықтаймыз? (Шаршы, S=a2=а•а=2 • 2 =4м2)
  • 2-қа неше орамжапырақ отырғызуға болады? (4)
  • 4 орамжапырақты өсіру үшін неше литр су қажет? (101• 4 = 404 л)

Оқушыларға тапсырманы дәптерлеріне өз беттерімен орындауын ұсыныңыз.

Өткенмен жұмыс.

8-тапсырма бойынша есептерді шығарып, шешуі мен жауабын түсіндіруді тапсырыңыз.

Өрнектердің мәнін табу арқылы кімдікі дұрыс екендігін анықтауды ескертіңіз. Табылған мәндер өрнектердің мәндері болатындай өрнектерді өзгертуі тиіс екенін айтыңыз.. Мысалы: 303 • 3 + 65 = 974. Бұл өрнектің мәнін Әлия дұрыс анықтаған, ал Сырым қателескен. Сондықтан, Сырымның тапқан 976 саны өрнектің мәні болуы үшін өрнекті былай өзгертуге болады: 303 • 3 + 67. Оқушылар өрнектерді әртүрлі өзгертулері мүмкін.

9-тапсырма

Оқулықтағы шығармашылық тұрғыдағы 9-тапсырма зерттеуді талап етеді. Берілген цифрлардан ең үлкен үш таңбалы санды (852) және ең кіші үш таңбалы санды (258) жазып алып, олардың айырмасын табады. Осы айырманың мәнінен тағы да осындай сандар жазады. Осылай 3 рет қайталау

852-258=594

954-459=495

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыру.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануыңызға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Рефлексия.

Оқушылар сабақта не үйренгенін, не ұнағанын, нені түсінбегенін стикерге жазып, тілек ағашына жабыстыруын сұраңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу