102∙3, 306:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Судың өсімдіктер тіршілігіндегі пайдасы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

133-сабақ

Тақырыбы:

102∙3, 306:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Судың өсімдіктер тіршілігіндегі пайдасы

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

"Сіздер білмейсіздер" тренингі.Оқушылар шеңберге жиналып,"Сіздер білмейсіздер..." деп бастап, өзгелер білмейтін бір құпиясын айтып шығады "Мозайка" әдісі бойынша топқа бірігу.Бірнеше бөлікке бөлінген гүлдердің суретін құрастырып, топқа бірігеді.

Әңгімелесу.

- Балалар, судың өсімдікке қандай пайдасы бар екенін білеміз бе?

- Суда өсетін қандай өсімдікті білеміз?

Қызық мәлімет!

Өсімдіктер – тірі ағзалар. Өсімдіктер өміріне қажеттісі – жарық, ауа, жылу, су, топырақ. Сусыз өсімдік тіршілік ете алмайды. Су өсімдіктің тамырының бойымен сабаққа көтеріліп, жапыраққа жетеді. Осылай өсімдік өсіп-өнеді. Суда өсетін өсімдіктер де бар. Олар: сары тұңғиық, аққугүл, балықот, т.б.

Үлестірмелі материал,гүлдер суреттері

2-слайд

3-слайд

3-5

Өзектендіру.

Оқушылардың назарын тақтадағы өсімдіктерге аудару. Тақтада өсімдіктерге әртүрлі сандар жазылған. Үш таңбалы сандарды атап, сіздер суда өсетін өсімдіктерді біле аласыздар.

(Ө.)№ 1 тапсырма

Гүлдерді топтап жазу.Бірінші гүлшоққа 7 жүздігі бар сан жазылған гүлдерді топтастыру.Екіншісіне 43 ондығы бар сан жазылған гүлдерді жинау. Осы гүлдердің ішінде суда өсетін қандай гүлді байқадың? Ол қалай аталады?

Жауабы:

1-гүлшоғы:

708,780,700,

2-гүлшоғы:

430,433,438

Суда өсетін гүл лотос.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Өсімдіктер пішінді немесе өсімдіктердің суреттері бар әртүрлі сандар жазылған карточкалар.

Оқулық

4-слайд

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

101 ∙ 4, 609 : 3, 402 : 2, 505 : 5, 204 ∙ 2.

  • Сіз ауызша есептеуді орындай аласыз ба?
  • Есептеуді орындаудың жазбаша алгоритмі сізге таныс па?
  • Бұл өрнектердің ерекшелігі неде (ондық разряды – нөл)
  • 102∙3 көбейтіндісін баған түрінде қалай орындауға болады?
  • 306÷3 бөліндісін баған түрінде қалай орындаймыз?
  • Біз осыған ұқсас мысалдарды есептедік пе?
  • Осыған дейін үйренген мысалдардан бұлардың айырмашылығы неде? (Ондық разряды – нөл.)
  • Өздерің жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре аласыңдар ма?

Оқушылар сабақтың мақсатын тұжырымдайды.

Оқулық, тақта

11-28

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы 2-тапсырма бойынша жұмыс жасау

Жазамын: бірінші көбейткіш – 102. Бірліктердің астында екінші көбейткіш – 3.

Бірліктерді көбейтемін: 2∙3=6, 6-ны бірліктердің астына жазамын.

Ондықтарды көбейтемін: 0∙3=0, 0-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерді көбейтемін: 1∙3=3, 3-ті жүздіктердің астына жазамын.

Жауабын оқимын: 306.

Жазамын: бөлінгіш – 306, бөлгіш – 3. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 3 жүздік. Бөліндіде үш цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 3:3=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 0:3=0, 0-ді бөліндіге жазамын. Бірліктерді бөлемін: 6:3=2, 2-ні бөліндіге жазамын.

Жауапты оқимын: 102.

Оқушылардан қысқаша неге бұлай жазуға болатынын түсіндіруді сұрау. (Олар нөлді кез келген санға бөлгенде әрқашан нөл шығатындықтан, осылай қысқаша жазуға болатынын айтады).

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ұ.) № 3 тапсырма"Эстафета" әдісі

1-оқушы бір өрнекті жазып орнына отырады, келесі оқушы екінші өрнекті жазады.Осылайша эстафета жалғасады.

104∙2=208 101∙5=505 903:3=301

203∙3=309 609:3=203 204:2= 102

302∙3=906 707:7=101

«Өрмекші торы» әдісі.

Бір оқушы жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көбейтуге құрастырған мысалын айтады. Оны алған оқушы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып есептейді. Тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады.

Оқулық, дәптер, жүзімнің суреті

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

Эстафета таяқшасы

9-слайд

Жіп

29-37

Жаңаны қолдану.

(Т.) 4 тапсырма

Есептерге оқушыларға талдау жасату.. Есептің қысқаша жазылуын жазып, тақтада орындату, есептерді салыстыру.

а) 1кг күріш өсіру үшін7 т су жұмсалады. 100кг күріш өсіру үшін неше тонна су қажет?

Қысқаша жазылуы:

1 кг күріш -7т

100кг күріш -?

Шешуі:100∙7=700т

Жауабы:100кг күріш үшін 700т су қажет

ә)100кг бидай өсіру үшін 120литр су жұмсалады.Ал одан 5 есе артық бидай өсіру үшін неше литр су қажет?

Қысқаша жазылуы:

100 кгбидай -120 л

5 есе артық бидайға -?л

Шешуі: 100∙5∙120=60000л

Жауабы: 60000 литр су қажет

б) 3 кг картоп өсіру үшін 900литр су жұмсалады.1 кг картоп өсіру үшін неше литр су қажет?

Қысқаша жазылуы:

3 кг картоп-900л

1 кг картоп-?л

Шешуі:

900:3=300л

Жауабы: 1 кг картоп үшін 300 л су қажет.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

(Ө.) 5 тапсырма

Функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар беру:

  • Жер телімінің боялған бөлігінің ауданын қалай табамыз? (Қабырғаларының ұзындығын анықтау арқылы)
  • Қабырғаларының ұзындығы қандай болады? (6м – 4м= 2м, 7м – 5м = 2м)
  • Жер телімінің боялған бөлігі қандай фигура болып шықты? Оның ауданын қалай анықтаймыз? (Шаршы, S=a2=а•а=2 • 2 =4м2)
  • 2-қа неше орамжапырақ отырғызуға болады? (4)
  • 4 орамжапырақты өсіру үшін неше литр су қажет? (101• 4 = 404 л)

Оқушыларға тапсырманы дәптерлеріне өз беттерімен орындату.

Өткенмен жұмыс.

(Т.) 8 тапсырма

Есептерді шығарып, шешуі мен жауабын түсіндіру.

Өрнектердің мәнін табу арқылы кімдікі дұрыс екендігін анықтау. Табылған мәндер өрнектердің мәндері болатындай өрнектерді өзгертеді. Мысалы: 303 • 3 + 65 = 974. Бұл өрнектің мәнін Әлия дұрыс анықтаған, ал Сырым қателескен. Сондықтан, Сырымның тапқан 976 саны өрнектің мәні болуы үшін өрнекті былай өзгертуге болады: 303 • 3 + 67. Оқушылар өрнектерді әртүрлі өзгертулері мүмкін.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

№ 10 тапсырма

Оқулықтағы шығармашылық тұрғыдағы 9-тапсырма зерттеуді талап етеді. Берілген цифрлардан ең үлкен үш таңбалы санды (852) және ең кіші үш таңбалы санды (258) жазып алып, олардың айырмасын табады. Осы айырманың мәнінен тағы да осындай сандар жазады. Осылай 3 рет қайталау

852-258=594

954-459=495

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыру.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, тақта

Жұлдызша

Жер телімі суреті

10-слайд

Өрнектер жазылған қағаз

11-слайд

12-слайд

13-слайд

Блум текшесі

38-40

Рефлексия.

Оқушылар сабақта не үйренгенін, не ұнағанын, нені түсінбегенін стикерге жазып, тілек ағашына жабыстырады.

Жетістік ағашы

14-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу