140∙2, 280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу / Судың адам өміріне қажеттілігі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

131-сабақ

Тақырыбы:

140∙2, 280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу / Судың адам өміріне қажеттілігі

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану.

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады, әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Жанға жайлы музыка қойылады.

     Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз, аяғыңызды шештіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ Жаныңыз сергіп,бір рақат күй кештіңіз.Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Оқушылармен судың адам өміріне қажеттілігі жайында әңгімелесу.

- Судың пайдасы бар ма?

- Судың адам өміріне қажеттілігі қандай?

Судың қасиеттері туралы айту.

Ақпарат беру.

Құрсақта жатқан үш айлық шарананың ағзасы 95 пайыз судан тұрса, 5 айлық шарананікі – 85 пайыз, жаңа туған нәрестенің ағзасы – 70 пайыз, үлкен адамның ағзасы 65 пайыз судан тұрады. Сен адам тамақсыз бірнеше апта шыдағанымен, сусыз 3-4 күн ғана өмір сүре алатынын білесің бе?

Ырым-тыйым сөздер айтқызу.

-Су ішкен құдығыңа түкірме!

-Су бетін ашық қалдырма!

-Түнде суға барма!

-Шелектегі суға аузыңды батырма!

- Суды ластама!

-Суды үнемде!

- Қайнамаған суды ішпе!

Теңіз суреттері

2-слайд

Ақпарат жазылған қағаз

3-слайд

Ырым-тыйым сөз жазылған қағаз

3-5

Өзектендіру.

(Т.) Жүгірме диктант.

Сыныптың әр қабырғасына тапсырмалар ілініп қояды.Оқушылар топ бойынша отырады.Белгі бойынша әр топтың 1-оқушысы жүгіріп барып, 1- тапсырманы оқып алып, орнына келіп, жауабын жазады.Ол оқушы жазып жатқанда келесі оқушы жүгіріп барып, келесі тапсырманы оқып алып, орнына келіп орындайды.Осылайша тапсырма таусылғанша жалғасады. Топтарға тапсырма бірдей беріледі. Болған соң топтардың тапсырмаларын тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

  • 6 жүздік және 3 ондықтан тұратын санды жаз;
  • 582 санында барлығы неше жүздік бар?
  • 520 санында барлығы неше ондық бар?
  • Ондық разряды 5 цифры болатын үш таңбалы санды жаз.
  • 12 ондықты 2 есе арттыр.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Тапсырма жазылған кағаздар

А-4 қағазы

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Тақтаға өрнекті жазып, оқушыларға сұрақтар қоя отырып, түсіндіру.

-Тақтадағы өрнекке қараңдар.

140∙2

- Үш таңбалы санның разрядтарын атаңдар?

-Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіре аласың ба?

140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280

14 онд. ∙ 2 =28 онд.

- Бөлуді қалай орындауға болады?

280:2=(28∙10):2=28:2∙10=140

28 онд. : 2= 14 онд.

Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды үйрету.

Оқулық, карточкалар

11-27

Жаңаны ашу.

1-тапсырма

Түсіндіру:

а)Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру.

140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280

14онд.∙2=28онд.

ә) Көбейтудің баған түрінде орындалуын түсіндіру.

- Баған түрінде көбейту алгоритмін қарайық.

Жазамын: бірінші көбейткіш – 140, яғни 14 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш – 2-ні жазамын.

Ондықтарды көбейтемін: 4 онд. ∙ 2 = 8 онд., 8-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерге көбейтемін: 1 жүзд. ∙ 2=2, 2-ні жүздіктің астына жазамын. 0-ді түсіремін.

Жауабын оқимын: 280.

2-тапсырма

Түсіндіру:

Баған түрінде бөлу алгоритмін қарайық.

Жазамын: бөлінгіш – 280, бөлгіш – 2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 2 жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 2:2=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 8:2=4, 4-ті бөліндіге жазамын.

Бірліктерді бөлемін: 0:2=0, 0-ді бөліндіге жазамын.

Жауабын оқимын: 140.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.) №3тапсырма. Алгоритмге сүйеніп орындау. Оқушылардың назарын дұрыс жазуға және ретін сақтап орындауға аудару.

"Сен маған, мен саған" әдісі

Жұптағы 1- оқушы бір өрнекті орындап, жұбына береді.Жұбы тексереді.Келесі өрнекті де осылай орындайды.

230∙3=690 420∙2=840 690:3=230 480:2=240

Жұпта бағалау

Жұптағы екі оқушы бірін-бірі жұлдызша беру арқылы бағалайды.

(Т.) №4 тапсырма "Карта" әдісі

Оқушыларға қима қағазға жазылған өрнектер және өрнектердің жауабы таратылып беріледі.Топ бойынша берілген өрнектерді жауабымен сәйкестендіріп, бір-біріне беттестіріп қояды.Орындап болған соң әр топтан спикерлер шығып, топтардың жұмыстарын тексеріп, бағалап шығады.

550:5=110 120∙3=360 260:2=130

420:2=210 320∙3=960 840:2=420

480:4=120 210∙4=840 330:3=110

120∙2=240

110∙3=330

130∙2=260

ә) Осыған ұқсаса бір өрнек құрастырып,баған түрінде орындап, дұрыстығын тексереді.

Смайликтер арқылы бағалау

Әр топтың топ басшылары топтардың тапсырмасын тексеріп, смайликтермен бағалайды.

Оқулық, дәптер

4-слайд

Жазбаша көбейту, бөлудің үлгісі

5-слайд

Жұлдызша

6-слайд

Қима қағаздағы тапсырмалар

Смайликтер

29-37

Жаңаны қолдану.

(Т.) №5 тапсырма

Теңдеулерді шешу.Теңдеулердің түбірін өсу ретімен жазып,үлкен суқойманы анықтау.Суқойманың атқаратын ролін баяндау.

160+у=310∙2 797-y=340∙2

160+у=620 797-y=680

y=620-160 y=797-680

y=460 y=117

160+460=310∙2 797-117=340∙2

620=620 680=680

x+18=220:2 192-x=440:4

x+18=110 192:x=110

x=110-18 x=192-110

x=92 x=82

92+18=220:2 192-82=440:4

110=110 110=110

82,92,117,460 "Көксарай" суқоймасы

Оқушылармен Қазақстандағы суқоймалар туралы әңгіме жүргізу.

2-сыныпта танысқан еліміздегі ең ірі бірнеше суқоймаларды атату.(Бұқтырма, Қапшағай, Шардара.)

Берілген суқоймалардың ішінен ауданы бойынша ең үлкенін анықтау.

  • Суқойма не үшін қажет? (Электр энергиясын алу, ауыл шаруашылығын суландыру, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету үшін т.б.)

"Отшашу" арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ө.) №6 тапсырма өз беттерімен орындауды ұсыну. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер және теңсіздіктер құрастыру.

630:3=810-600 185+775>960:3

960-640=960:3 347+403>210∙3

320∙2<347+408 810-600<210∙3

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Сергіту сәті"Комплименттер бұрқасыны"

 Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

Өткенмен жұмыс.

7-тапсырма практикалық жұмыс

Бұл тапсырманы орындамас бұрын, оқушылармен санның үлесі ұғымын қайталау керек. Есепті шығару үшін жетекші сұрақтар беруге болады:

  • Ыдыс неше бөлікке бөлінген? (5)
  • Бір бөлігіне неше литр су сыяды? (6л)
  • Осы ыдысқа барлығы неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (6 л ∙5)
  • Біз бір ыдысқа неше литр су сыятынын анықтадық. Осындай 3 ыдысқа неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (30л • 3)

Тапсырманы дәптеріне орындату.

(Ж.) 8-тапсырма

Тапсырманы орындау барысында оқушылардан көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын сұрау.

18 ∙ 45 =(2∙9)∙(5∙9) =(2∙ 5) ∙(9∙9)=10∙81=810

Бұл тапсырманы мысалы мынадай түрде орындауға да болады:

25∙24= 25∙4∙6=100∙6=600

35∙18=35∙2∙9=70∙9=630

14∙35= 1∙4∙35=1∙140=140

"Шапалақ арқылы бағалау."

Оқушылардың жұмысын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау.

9-тапсырма «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы оқулықтағы тапсырманы топтарға бөліп орындату. Есепті қалай шығарғандарын қарсы топтарға барып түсіндіру.

а) Мектептегі бастауыш сыныптарға 19 литрлік ыдыстағы судың 5-еуі және жоғары сыныптарға 8-і әкелінді. Мектепке барлығы неше литр су әкелінді?

Шарты:

Бастауыш сыныпқа-?,19л,5-еуі

Жоғары сыныпқа-?,8-і

Барлығы-?л

Шешуі:

19∙5+19∙8=247л

Жауабы: мектепке барлығы 247 литр су әкелінді

ә)Әлияның анасы бір айда 19 литрлік ыдыстағы суға 4 рет, ал Мақсаттың анасы 6 рет тапсырыс берді.Әлияның анасы Мақсаттың анасына қарағанда айына неше литр су кем қолданды?

Шарты:

Әлияның анасы-?,19л,4 рет -?л кем

Мақсаттың анасы-?,6 рет

Шешуі:

19∙6-19∙4=38л

Жауабы: Әлияның анасы 38 литр кем қолданды.

б)Ересек адам тәулігіне 2 литр су ішуі қажет болса,онда 4 адамнан тұратын отбасы сәуір айында неше литр су ішеді? 6 адамнан тұратын отбасы ше? 8 адамнан тұратын отбасы ше?

Шарты:

1 адам-2л

4 адам 30 күнде-?

6 адам 30 күнде-?

8 адам 30 күнде-?

Шешуі:

4∙2∙30=240л

6∙2∙30=360л

8∙2∙30=480л

Жауабы:4 адамнан тұратын отбасы 240л, 6 адамнан тұратын отбасы 360л, 8 адамнан тұратын отбасы 480 л су ішеді.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

11-тапсырма шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Оқушылардан сұрау:

  • Кез келген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге бола ма?

Оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақтар белгілі бір түрде болуы керектігін айту. Мысал келтіруді сұрау. Бұдан кейін оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек

"Веер" әдісі

Топтағы 1-оқушы ақ парақты бір бүктеп, сұрақ жазады да, келесі оқушыға береді, ол бір бүктеп, сұрақ жазып келесі оқушыға,осылайша веер топты айналып шығады. Барлығы жазып болған соң веердегі сұрақтарға жауап беріледі.

7-слайд

Оқулық, су- қоймаларының суреттері

Кесте

Кесте

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

Оқулық

Сигналды карталар

12-слайд

Сурет

Су құятын ыдыс

Сигналды карталар

13-слайд

Веер

38-40

Рефлексия.

- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойдық?

- Ол мақсатқа жеттік пе?

- Сабақ барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Ол қиындықтар енді қайталанбас үшін не істеуге болады?

14-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу