Әртүрлі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

136 сабақ. Тақырыбы:

Әртүрлі есептерді шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалана алады

Оқушылардың көбшілігі:

2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдей алады

Оқушылардың кейбірі :

Өрнек бойынша шамаларға байланысты есеп құрастыра алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамаларды ажырата алады;

Шамалардың өлшем бірліктерін ажыратады.

Талқы нүктелері

Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен материал жұмсау компоненттерінің байланысы бар ма?

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Көбейтіндінің мәнін қалай табамыз?Көбейтіндінің формуласы арқылы жалпы массаны қалай табуға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар мен олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!

Оқушылардың топқа бірігуі. Үш түсті кәмпит тарату арқылы оқушыларды топқа біріктіру.1-топ «1-көбейткіш» 2-топ «2- көбейткіш» 3-топ «Көбейтіндінің мәні»

Кіріспе тапсырма.

.Ж) Әрбір топқа арналған топтық тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, шығарады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәні белгілі болған жағдайда бірінші көбейткішті қалай табуға болады. Осы ережені пайдаланып, қалған формулалардан бір заттың массасы мен бір затқа жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады. Осыған ұқсас жолмен заттың санын табуды сұрау. Оқушылардан қорытынды жасауды сұрау.

Тапсырма:

1-топ

Топта 7 бала бар. 1 қораптың әрқайсысында 12 дана кәмпит бар.Әрбір бала 1 қораптан алды. Олар барлығы қанша кәмпит алды?

2-топ

7 бала 84 кәмпит алса, әрбір қорапта қанша кәмпит болған?

3-топ

1 қорапта 12 дана кәмпит бар. Барлық 84 дана кәмпитті неше бала бөліп алды?

Кері байланыс

-Көбейтіндінің мәнін қалай табады?

К*К=КМ К= КМ:К

-Бір заттың санын қалай табады?

-Заттың жалпы санын қалай табамыз?

1Ж∙С= ЖЖ

-Бір заттың массасын қалай табамыз?

-Жалпы массасын қалай табуға болады?

1М∙С= ЖМ

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

Слайд №2

Қима қағаздар

ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер;

слайд № 3,4

Сабақтың ортасы

) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы алдымен жұпта сосын шағын топта талқылайды.

Шешуін ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып түсіндіреді. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.Бұл тапсырма арқылы оқушылар бір заттың массасы,саны,жалпы массасы туралы алған білімдерін пысықтауға арналған есептер шығарады.

Тапсырма:

А) Бірдей 7 жәшікте 42 кг өрік бар. Осындай 2 жәшікте неше килограмм өрік бар?

Ә) 45 литр шырынды 9 банкаға бөліп құйды. 30 литр шырынды бөліп құю үшін, осындай неше банка қажет?

«Смайлик» арқылы бағалау

Есеп шығар

) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын ұжым болып есепті талқылап алу.

-Неше орам бар?

-Бірінші орамда неше метр мата бар?

-Екінші орамда неше метр мата бар?

-Барлығы қанша юбка тікті?

-Әр орамнан неше юбка тіккенін табу үшін нені білуіміз керек?

Оқушылар есепті шығарып болған соң бірнеше оқушыдан есепті қалай шығарғанын сұрау. Оқушылар бірін –бірі бағалайды.

Тапсырма:

Екі орам жібек матадан 14 бірдей юбка тікті. Бірінші орамда 32 метр мата, ал екінші орамда 24 метр мата болды. Әр орамнан неше юбка тікті?

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу

) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар топта есептердің шығару жолдарын талқылап,бірлесіп шығарады. Дайын жауап арқылы топтар бірін – бірі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

а)1 банка тасап қайнату үшін 2кг шие керек. 86 кг шиеден неше банка тосап дайындауға болады?

ә)Тіктөртбұрыш тәрізді қонақ бөлменің ұзындығы 7 метр, ал ені 4 метр. Осы қонақ бөлменің ауданы қандай?

«Смайлик» арқылы бағалау

Балық аулау

) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есептің шартымен танысады, есептің шығару жоспарын құрады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топтан бір оқушы шығып есептің шығару жолымен таныстырады. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

Бірнеше бала 75 балық аулады. Екі бала 10 балықтан, ал қалған балалар 11 балықтан алды. Неше бала балық аулады?

«Басбармақ» арқылы бағалау

Есеп құрастыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушыларға өрнек беріледі, сол өрнекке сәйкес келетін есеп құрастыру. Оқушылар жұптасып есепті құрады, шығарады. Сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің тапсырмасын тексереді. Бірнеше жұптан құрған есептерін түсіндіріп беруін сұрау. Қате кеткен жерлері болса, сұрақтар қою арқылы түсіндіру.

Тапсырма:

Өрнек бойынша көкөніс тақырыбына есеп құрастыр:

320 : 8 – 150 : 3

Біреуінің массасы

Саны

Барлығының массасы

«Смайлик» арқылы бағалау

Ақиқат немесе Жалған

(Ұ.Ж)Оқушыларға алдын ала «Ж» жалған, «А» ақиқат дегенді білдіретін таратпа қағаз таратып беру. Оқушыларға сұрақ тар қою. Егер жауабы ақиқат болса «А» белгісін, егер жалған болса «Ж» белгісін көтеруді ескерту. Бұл тапсырма арқылы оқушылар әртүрлі есептар шығаруды пысықтайды.

Тапсырма:

1.Бұзау 98 кг тартады. 3 сиырдың массасы бір тоннадан асады? (А)

2.Стақанға 250 г сүт сыяды. 2 стақандағы сүт бір литрлік ыдысқа

сыймайды? (Ж)

3. Бірдей екі жәшік алманың массасы 50 кг. Ал бір жәшік алма мен біржәшік өріктің массасы 60 кг. Бір жәшік өріктің массасын табу үшін мына өрнек дұрыс па? 60- (50:2)=35 (А)

4. Лифт жалпы салмағы 85 килограмнан аспайтын 4 ересек адамды

көтере алады. Осы лифт әрқайсысының массасы 67 кг болатын 6 адамды

көтереді?(Ж)

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

Слайд №4,5

Слайд №6,7

Слайд № 8.9

Слайд №10,11

Слайд№ 12,

Слайд 13

Сабақтың соңы

Рефлексия

Не үйрендім?

-Көбейтіндінің мәнін қалай табамыз?

-Көбейтіндінің формуласы арқылы жалпы массаны қалай табуға болады?

«Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізу

Слайд № 14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу