Әртүрлі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері

№ 145 сабақ. Тақырыбы:

Әртүрлі есептерді шығару

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Есепті шығару үшін жоспар бойынша әрекет жасай алады,құрылған теңдеуді шеше алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Есепті сызба бойынша шығара алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Есептің тиімді тәсілін тауып,шығарады,қорытындылайды.

Ғылыми тіл

Оқушылар Есепті шығару жоспарын талқылайды,есепке теңдеу құрады,сызба сызады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есепті шығару үшін қандай әрекет жасаймыз?

Есепті шығарудың қандай тәсілдерін қолданамыз?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар оның бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, алақай,Қуанатын күн келді.Күліп шықты күн бүгін.Қайырлы таң, қайырлы күн!

Кіріспе тапсырма

.Ж.)«Ыстық орындық» әдісі әрбір топтан бір оқушыдан шығып, «Ыстық орындыққа» отырады, қалған екі топтың оқушылары сұрақ қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы жауап береді. Осылайша орындарын ауыстыру арқылы оқушылар жай, құрама есептер туралы алған білімдері бойынша бір –біріне сұрақтар қояды. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе 5- ұпай, қате жіберсе 2- ұпай беру. Қай топ ұпайды көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Слайд №2

Слайд № 3

Сабақтың ортасы

30 мин

Мысалы:

- Бірдей екі шапанға 12 м мата жұмсалды. 36 м матадан осындай неше шапан тігуге болады?

Сөздік бағалау «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» т.с.с.

Шаңсорғыш

(Т.Ж.) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы алдымен талдайды, сосын теңдеу құру арқылы шығарады. Құрған теңдеуларін ламинатталған параққа жазады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, түсіндіреді.

Тапсырма:

Қоймадан түске дейін әр машинаға 64 шаңсорғыштан тиеп, 9 машина шаңсорғышты дүкендерге алып кетті. Сонда қоймада 143 шаңсорғыш қалды. Түске дейін қоймада неше шаңсорғыш болған?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Жұптас –ойлан-бөліс

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

Тапсырма:

Екі буманың біреуінде 20 жолды және 30 тор көз дәптер бар. Ал екіншісінде х дәптер бар. Екінші бумадағы дәптерлер санын 5 есе кемітсе, онда екі бумадағы дәптерлер саны бірдей болар еді. Екінші бумада неше дәптер болған?

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізі

Өрнек бойынша есеп құрастырып шығар.

(Ж.Ж.) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар жұптасып есеп құрастырады. Құрастырған есептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ шешуі бірдей болады. Бірнеше жұптан құраған есептерін оқыту.Шешулері бірдей болғандықтан оқушылар бірін –бірі тексеріп, бағалайды.

Тапсытма: Есеп құрастыр және шығар

немесе өрнегіне сәйкес есеп

құрастыр және шығар.

«Бағалау парағы » арқылы бағалау

Оқушы

ның аты- жөні

Есептің шарты

1-ұпай

Сұра

ғы

1-ұпай

1-амал

1-ұпай

2- амал

1-ұпай

3- амал

1-ұпай

Жауабы

1-ұпай

Жалпы ұпай саны

Әр түрлі тәсілмен шығар

).Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма беру.

Оқушылар есепті жеке шығаруды ұсыну.Оқушылардың жауабын тыңдау.

Тапсырма: Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.

Атамыз туысқандарға жіберу үшін 6 кг өрік және 9 кг алма дайындады. Сәлемдеме жіберетін бір қорапқа 3 кг жеміс салуға болады. Атамыз осындай неше қорап сәлемдеме жіберді?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Шығарып көр

(Ж.Ж.) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар алдымен жеке орындайды. Сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бірін –бірі тексереді. Бұл тапсырмада оқушылар тіктөртбұрыштың қасиеттері және оның қабырғалары мен периметрінің арасындағы байланыс туралы білімін қолданады.

Слайд 4,5

Слайд 6

Слайд №7,8

Слайд 9

Слайд №10,11

Слайд №12,13

Тапсырма:

Әрқайсысының периметрі 16см болатын шаршы мен тік төртбұрыш сыз. Шаршының қабырғасы неше сантиметр болуы тиіс? Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр және ұзындығы неше сантиметр

болуы мүмкін?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Ашық микрофон»әдісі арқылы

Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін анықтау анықтау үшін келесі сұрақтарды қою:

  • Есепті шығару үшін қандай әрекет жасаймыз?
  • Есепті шығарудың қандай тәсілдерін қолданамыз?

Стикерлер

Слайд № 13



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу