269∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 118 сабақ. Тақырыбы: 269∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: кеспе қағаздар, слайд

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

(Ұ) Белсендіру.

Сабақты оқушылардың белсенділігін арттыру және өткен тақырыпты қайталау мақсатында дидактикалық ойын жүргізуден бастаңыз.

«Дұрыс - бұрыс» дидактикалық ойыны

Оқушыларға кеспе қағаздарда жазылған өрнектер көрсетіледі. Кеспе қағаздарда екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды көбейту тақырыбын қайталауға арналған өрнектердің шешімі дұрыс, қате түрде көрсетіледі. Егер өрнектің мәні дұрыс болса, оқушы тек «Дұрыс!» деп жауап береді. Егер көрсетілген кеспе қағаздағы өрнектің мәні дұрыс емес болса, оқушы «Бұрыс» деп жауап береді және дұрыс жауабын айтуы керек. Егер де ол оқушы дұрыс жауабын айта алмаса, басқа оқушыларға дұрыс жауабын айтуға мүмкіндік беріледі.

28·3=84

Дұрыс

14·6=94

Бұрыс

18·2=34

Бұрыс

14·4=23

Бұрыс

25·5=100

Бұрыс

24·4=36

Бұрыс

24·3=72

Дұрыс

38·3=96

Бұрыс

33·3=99

Дұрыс

(Т) Пайымда.

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге жазбаша тапсырма беріңіз. Оқушылар орындап болған соң сұрақ қойыңыз.

  • Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қандай разрядтан бастау керек?
  • Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

16 · 3 = 48

27 · 2 = 57

19 · 4 = 76

Оқушыларға үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуді ұсыныңыз. Оқушылар орындап болған соң, дұрыстығы тексеріледі, сұрақтар қойылады.

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін баған түрінде қалай жазасың?

(Үш таңбалы санның бірлігінің астына бір таңбалы санды жазамыз.)

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қандай разрядтан бастау керек?

(Бірлікті бірлікке көбейтеміз.)

  • Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

(Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, шыққан екі таңбалы санның бірлігін бірліктердің астына жазып, ондығын есте сақтаймыз.)

  • Бірліктерді көбейтіп болған соң қандай разряд орындалады?

(Бірліктерді орындап болған соң, ондықты біртаңбалы санға көбейтіп, есте сақтаған санды көбейтіндінің мәніне қосып ондықтың астына жазамыз.)

  • Егер ондықты бір таңбалы санға көбейткенде екі таңбалы сан шықса не істейміз?

(Шыққан санның бірлігін жазып, ондығын есте сақтаймыз.)

  • Ондықты көбейтіп болған соң қандай разряд орындалады?

(Ондықты бір таңбалы санға көбейтіп болған соң, жүздікке бір таңбалы санды көбейтіп шыққан көбейтіндінің мәнін жүздіктің астына жазамыз.)

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауаптары тақтаға жазылады. Сұрақтың дұрыс жауаптары арқылы үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейту алгоритмі құрастырылады.

Оқушыларға өзін – өзі бағалау парақтарын таратыңыз.

Өзіңе ұнаған түспен бояу арқылы өзіңді өзің бағала

(ӨЖ) Тест

Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қояды

Сұрақтар

а

ә

б

556

656

646

Егер бір балмұздақтың бағасы 163 теңге болса, 5 балмұздақтың құны неше теңге болады?

715

815

705

Алма 232кг , ал апельсин 4 есе артық, апельсин неше килограмм?

928

818

808

Қарбыздың үштен бір бөлігі 293грамм болды. Қарбыздың массасы қанша?

789

987

879

х:6=126 x=?

756

657

765

Парталас оқушылар тест парақшасын ауыстыру арқылы тексереді. Оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.

Бағалау критерийі:

Әр дұрыс жауап бір ұпай береді.

«5» ұпай – «өте жақсы»

«3 - 4» ұпай - «жақсы»

«1 - 2» ұпай – «әлі де дайындал»

(Т) «Ғарышкерлер» дидактикалық ойыны

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында дидактикалық ойын жүргізіңіз.

Шарты: Сыныптағы оқушыларды теңдей үш топқа бөлінеді. Оқушылар ғарышкерлер болады. Ғарышкерлер бірінің артына бірі ретімен тұрады. Ғарышкерлердің мақсаты зымыранды тез әрі сапалы ұшыру. Зымыран суретінің артқы жағындағы үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген тапсырмаларды кезек – кезек орындайды. Барлық топтағы ғарышкерлер ойынды аяқтаған соң, орындалған тапсырмаларды топтар өзара тексереді. Жеңімпаз ғарышкерлер тобын «шапалақтап» марапаттайды.

Кері байланыс

Оқушылар қалған затты таңдап өз оймен бөліседі.

бүгінгі сабақтан «Білім чемоданыма» салып аларым ........

бүгінгі сабақтан «Іздену күнделігіме» жазып аларым ......

бүгін сабақтан «Қажет емес» жәшігіме тастайтын дағдым ......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу