28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа әдістемелік нұсқау

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Тақырыбы: 28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы: Алгоритмді айта отырып, жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі: Алгоритмді айтпай-ақ жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі: Мынадай жағдайда: 28∙3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Ресурстар: Сандар жазылған кеспе қағазадар, ламинатталған А3 парағы,маркер , қызыл және көк парақшаларға жазылған сандар, амалдар, суреттер, интербелсенді тақта.

 Сабақты оқушыларды ынталандыру үшін, жинақтау үшін «Шеңбердегі доп» ойынымен бастаңыз. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады Доп қолына тиген оқушыға сабақ туралы бір сөйлем айтқызыңыз. Ол допты келесі оқушыға лақтырады. Осылай жалғаса береді. Оқушылардың айтқан сөйлемдерінің өткен сабаққа қатысты болуын назарда ұстаңыз.

 1 тапсырма

 Кіріспе тапсырмада оқушыларды мағынаны тануға бағыттаңыз.

- Сандарды калай көбейткен ыңғайлы, қандай тәсіл тиімді? (Баған түрінде жазып көбейту).

Топтық тапсырма беріңіз.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқулықта берілген екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап көбейту алгоритмімен танысып, қорытынды жасауды тапсырыңыз. Әр топ мүшелерінің түсіндірмелерін тақтаға жаздырыңыз және тыңдау. Оларға қосымша топ мүшелерінің ойын тыңдау,бағыттаңыз, толықтыруыңыз және бағалаңыз.

Топтарға үлестірмелі қағаздар тарату.

1-топ. Берілген сандардың арасынан бірлігі ондығынан 2 есе артық санды тап (48). Осы санды 2 есе арттыру.

2-топ Бірлігі оныдғынан екі есе артық санды тап.(24) Осы санды 3 есе арттыр

3-топ Бірлігі оныдғынан үш есе артық санды тап.(39) Осы санды 2 есе арттыр

4-топ Бірлігі ондығынан 6-ға артық санды тап.(28) Осы санды 3 есе арттыр

Жұмыс барысында топтардың жұмыстарын қадағалаңыз, көмектесіңіз, бағыт- бағдар беріңіз.Әр топ мүшелері өз жұмыстарын қоғатыңыз.

1-топ 48*2 =96 көбейтіндісін орындайды, орындалу ретін түсіндіреді.

2-топ 24*3=72 көбейтіндісін орындайды, орындалу ретін түсіндіреді.

3-топ 39*2 =76 көбейтіндісін орындайды, орындалу ретін түсіндіреді.

4-топ 28*3 =84 көбейтіндісін орындайды, орындалу ретін түсіндіреді.

Тапсырманы орындай алдыңдар ма? Сендерге қай жерде қиын болды? т.б. сұрақтар арқылы мағынаны толықтырыңыз.

(Разрядтан аттап көбейтуді өздері меңгеруіне жол ашыңыз,бақылау жасаңыз. Жетекші сұрақтар қоя отырып қателерін түзетіп, бағыттаңыз)

Cоңында топтар бір-біріне өзара бағалатыңыз.

2 тапсырма Кесте бойынша жұмысты жұптық жұмыс яғни «Дүкенші» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз.Алдымен «Дүкенші» деген сөздің мағынасына тоқталып кетіңіз. (Біздің қаламызда дүкендер, әмбебап дүкендері, сауда үйлері өте көп. Үйіміздің қасында үлкен сауда орталығы бар. Сіздің өзіңізге бір зат алғыңыз келсе, сауда орталығына барасыз, өйткені мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап, ине-жіпке дейін сатады)

 Оқушыларға әуелі кестемен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушыларға кестемен жұмыс жасатып, көбейту және бөлу амалдарын дәптерге жаздырып орындатыңыз. Оларға мысалдарды кезекпен түсіндіріп шығартыңыз. Көбейту, бөлу алгоритмі бойынша жұмыс жасауды ұсыныңыз. Жұптық жұмыс барысында бақылау: оқушыларды бақылау. қандай тәсілмен шығарады. Түсінбеген оқушыларға көмектесіңіз. Екі оқушы рөлдік ойынға шақырыңыз. (Бала дүкенге келіп заттар сатып алады. Шығарған мысалдарын пайдалана отырып, өз рөлін жоғары дәрежеде көрсету керек.)

Соңында жұлдызшалар арқылы бағалаңыз

Затқа төленген ақша

Саны

Бір заттың бағасы

842

2

421

669

3

223

484

4

121

396

3

132

(Кестеде жауаптары қызылмен жазылған)

Сергіту сәті жасатыңыз. Оқушылардың көңіл күйін көтеріңіз. «Қара жорға биі»

3 тапсырма- сәйкестендіру тапсырмасы. Тапсырманы өздік жұмысы арқылы орындатыңыз. Бұл тапсырманы көбейту бөлу амалдарын есептеу, әрі жылдамдықты қажет ететінін ескертіңіз. Ұлдарға көк парақшаға жазылған, ал қыздырғы қызыл парақшаға жазылған мысалды сәйкестендіруге беріңіз. Оқушылар өзін-өзі бағалау үшін тақтадан дұрыс жауабын көрсетіңіз.

4 тапсырма «Ойлан, есепте, шығар!»

Тапсырмасында сандарды түстеріне қарай тауып, көбейту амалын орындап, нәтижесін сәйкес бос ұяшыққа жазуды ұсыныңыз. Тапсырма баланың зейінін шоғырландырумен қоса, ондық аттап қосу дағдыларын жетілдіре түседі. Оқушыларға жұпта жұмыстарын алмасып тексеруді,бағалауды ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға тапсырмаларды кезекпен түсіндіре отырып орындатыңыз. Жұптағы жұмысты бақылап, түсінбеген оқушыларға көмек көрсету. Бірнеше оқушының орындаған жұмысын тексеріп, қатесін түзетуге бағыттаңыз. Оқушылардың дұрыс пайымдауын бақылаңыз. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаңыз.

 

 5- тапсырма. Бос торкөздерді толтыруға тапсырма беріңіз.

Оқушыларға жеке жұмыс жасау арқылы тапсырманы орындатыңыз. Бірнеше оқушылардың жұмыстарын тексеріңіз. Өзін- өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

 6–тапсырма. «Шығарып көр» тапсырмасын ұжымда өткізіңіз. Оқушыларға сынып болып есептің сөзін құрастыру, шартын талдап , есептің сұрағын қоюды ұсыныңыз. Есепті өз бетінше шығаруға жағдай жасаңыз.

Тапсырманы өз бетінше орындауға уақыт белгілеңіз. Оқушыларға тапсырманы мұқият оқуға,ойлануға бағыттыңыз. Түсінбеген жерін бірлесе талдау арқылы есепті шығарады. Тапсырманы орындау барысын назарда ұстаңыз, оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Шапалақтау арқылы бағалатыңыз.

16 км/сағ*3 сағ=48 км Жауабы: 48 км.

7-тапсырма. (Ұ)Мысалдарды интербелсенді тақтада көрсетіңіз. Оқушыларға құрамында көбейту және бөлу амалдары бар тапсырманы орындауға ұсыныс айтыңыз. Тапсырманы орындау барысында жеке оқушыларды қадағалаңыз, қателерін түзетіңіз. Оқушылар неден қиналатынын бақылаңыз.

 Кері байланыс «Шаршылар» Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салдырыңыз. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске боятыңыз, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен боятыңыз.

 Сабақтан кейін оқушылардың кері байланысын ескере отырып рефлексия жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу