123∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Тақырыбы:123∙2 түріндегі үштаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2

Екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы: 123∙2 үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес түсінік береді.

Оқушылардың кейбірі : Алгоритмді айтпай-ақ, жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Қолданылатын ресурстар: Тапсырма жазылған парақтар,(4 парақ); ламинатталған парақ, интербелсенді тақта т. б.

Сабақты «Ассоциативті қатар» ойынымен бастаңыз

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазыңыз. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығуды ұсыныңыз. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: бөлу,алгоритм, көбейтуге кері амал, екі таңбалы сандарды бөлу, ауызша бөлу, баған түрінде бөлу т.б.... Бұл ойынның өткізу мақсаты әрі сабаққа психологиялық дайындық, әрі өткен сабақты еске түсіру. Сонымен қатар сөздік қорларын жетілдіруге де ықпалы бар.

Оқушыларды топқа біріктіріңіз. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы түспен топқа біріктіріңіз. «Жасыл », «Көк», «Сары», «Қызыл».

  • тапсырма (Т) «Миға шабуыл» Көбейту алгоритмі.

1-топ:Жасыл торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табуды ұсыныңыз.

2-топ:Көк торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табуды ұсыныңыз.

3-топ:Сары торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табуды ұсыныңыз.

4-топ:Қызыл торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табуды ұсыныңыз.

Оқушыларға оқулықтағы көбейту алгоритмі бойынша көбейту амалының шығару жолын талқылауды ұсыныңыз. Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға бағыттаңыз: үш орынды санды бір орынды санға жазбаша көбейту екі орынды санды бір орынды санға көбейту сияқты орындалады; алдымен бірліктер, одан кейін ондықтар көбейтіледі және оған жүздіктерді көбейту қосылады деп тұжырымдай отырып, есепті шығарады. Әр топтан екі адамнан шығып А3 форматына орындаған тапсырмаларын түсіндіреді. Толықтыру енгізіңіз,өажет болса түзетіңіз.

Бағалау: «Бас бармақ» Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру. (Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. )

1 қораптағы заттың саны

Қорап саны

Барлығы

124

2

?

213

2

?

324

2

?

412

2

?

124 213 324 412

2-тапсырма (ЖЖ) Шығарып көр. Бұл тапсырманы жұпта орындауға беріңіз. Жаңа сабаққа байланысты ұғымды бекіте үшін қолданыңыз.

132 2 3413

4232 2432

- Көбейтуді жазып есептеуді қалай жазамыз?

– Көбейтуді жазып есептеуді қалай жазамыз? (баған түрінде);

- Көбейтуді қай разрядтан бастаймыз?

- Мысалдарда барлығы неше разрядқа көбейтеміз? Жұптағы оқушыларға мысалдарды кезекпен түсіндіре отырып шығарады. Жұмыс барысында оқушыларды қадағалаңыз. Бірнеше жұптың тапсырмасына бақылау жасаңыз. Қаажет кізңнде ұсыныс айтыңыз, түзету енгізіңіз.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте тамаша!»

Сергіту сәті.«Бұлт үстіндегі саяхат» Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.

3-тапсырма(ӨЖ) Теңдеуді шеш. Тапсырма үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін еске сақтауға көмектесетін жаттығу ретінде пайдаланыңыз. Тапсырманы өз бетінше орындауға беру және оқушылар жауабын түсіндіреді және дәлелдейді.

Белгісіз көбейткішті табу ережесін қайталатыңыз (белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндініңмәнін белгілі көбейткішке бөлу керек). Оқушылар жеке теңдеуді шығарартыңыз.

Бұл тапсырманы жұлдызшалар арқылы бағалаңыз.

(7-5

2

Х=46:2

X=23

х= 462

x=462:2

x=231

4- тапсырма (Т) «Жылдамдық» бекеті Бұл тапсырманы сергіту сәті ретінде пайдаланыңыз. Тапсырманы орындау кезіндегі оқушылардың ауызша пайымдауын бақылау. Топта оқушылар кезекпен пікірді бағалайды, өзінің ойын білдіреді. Оқушы өз қатесін түзетуі керек, ол топтағы құрдастарының көмегін пайдалануы да мүмкін. Оқушылар бір-бірін қызыл және жасыл түсті текше арқылы бағалайды. Түйіндеу үшін «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық» тәсілін қолданыңыз.

  • 24 санын 2 есе арттыр
  • 22 мен 12 сандарының қосындысын 2 есе арттыр
  • 342 санын 2 есе арттыр
  • 110 мен 124 сандарының қосындысын 2 есе арттыр

5- тапсырма. Өрнектер құрастыру және мәнін табу. Оқушыларға сурет, сөздер цифрлар ұсыныңыз. Осы элементтерді пайдаланып топта әуелі есептің сөзін құрастыруға, сосын шешімін табуды тапсырыңыз.

Бұл тапсырманы көбейту алгоритмін есте сақтау үшін жаттығу ретінде орындау.. Оқушыларға топттық жұмыс арқылы шығаруды ұсыну. Тапсырманы орындап болған соң, топтардың жұмыстарынмен танысу. Топтар әр түрлі есептер құрастыруы мүмкін. Барлық жақтарды қарастырыңыз. Тапсырманы дұрыс орындаған топты мадақтау арқылы бағалаңыз

6- тапсырма (ЖЖ) «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Берілген сурет бойынша өрнек құрастрып, мәнін табуға тапсырма беріңіз. Олар жауаптарын жұпта тексереді, бірін-бірі бағалатыңыз. Құрастырған өрнегі бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазуды ұсыныңыз. Сөйлемдер не істедім, қалай, неліктен, және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастарына бағалатыңыз.

(100+23) 4231

7- тапсырма. Кері байланыс «Шындық пен жалған» Оқушылардың сабақта үш

таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қалай түсінгенін бағалау үшін «Шындық пен жалған» ойынын ойнатыңыз.

– Осындай мысалдарды шығарғанда жүздіктікөбейтуден бастаймыз (жалған).

- Осындай мысалдарды ондықыты көбейтуден бастаймыз (жалған)

– Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктердің астына жазамыз (шындық).

Ойынның соңында үш таңбалы санды бір

таңбалы санға көбейту алгоритмін қайталайды,оқушылардың тілі жаттығады. Қорытынды жасаңыз.

Рефлексия.«Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.

Оқушылар білім ағашына бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін қалдырады. Осыдан кейін өз сабағыңызға рефлексия жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу