28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 116 сабақ.

Тақырыбы: 28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

(Т) Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға кестелік көбейту кестесіне берілген өрнектер жазылған үлестірме қағаздар таратыңыз. Барлық оқушыларға тапсырманы шапалақ соғу арқылы бір уақытта бастайтынын айтып түсіндіріңіз. Алғашқы орындаған бес оқушыдан соң көрсетілген белгіден кейін тапсырманы орындау тоқтатылатынын алдын ала ескертіңіз.

Парталас көршісімен орындаған тапсырмасын ауыстыру арқылы тексеру жүргізіңіз. Өрнектердің дұрыс мәндерін тақтаға іліңіз (көрсетіңіз). Оқушыларға бағалау парақтарын таратып, тексеру критерийін хабарлаңыз.

«Екі түсті бағалау» әдісін қолданып бағалаңыз.

Тиісті сөйлемнің алдындағы дөңгелекті қалаған түспен бояуды ұсыныңыз.

«Жарайсың, қате жоқ» - егер барлығы дұрыс болатын болса;

«Қателеріңді түзету үшін көбейту кестесін қайтала» - егер қате болса;

8·4 = 32 3·9 = 27 6·8 = 48 3·7 = 21 4·5 = 20

5·7 = 35 7·8 = 56 2·4 = 8 9·4 = 36 8·8 = 64

(ЖЖ) (Т) (Ұ) Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі

Бейнероликте берілген есептерді шығаруды ұсыныңыз.

Есептің мазмұны: Пошта бөлімшесіне 3 қорап хат әкелінді. Әрбір қорапта 28 хат бар. Пошта бөлімшесіне барлығы неше хат әкелінді?

Оқушыларға жұпта есептің шешу жолының бірнешеуін іздестіруді ұсыныңыз. Оқушыларға уақыт берілетінін ескертіңіз. Жұпта анықтаған есептің шешу жолдарын топта талқылау керектігін айтыңыз. Топта анықталған есептің шешу жолын жариялау қажеттілігін хабарлаңыз.

Сыныппен 28·3 дұрыс шешім болатыны анықталған соң, сұрақ қойыңыз.

  • Көбейтіндіні ауызша қалай есептеуге болады?
  • Көбейтіндіні жазбаша қалай есептпеуге болады?

Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бейнеоликтің жалғасын көрсетіңіз.

Бейнероликті көріп болған соң, оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін жасауды ұсыныңыз. Топтарға талқылауға уақыт беріңіз. Топ мүшесі құрастырған алгоритмді жариялайды. Дұрыс құрастырылған алгоитмдер тақтада көрсетіңіз.

Алгоритм:

  • Бірінші көбейткіштің бірлігіне екінші көбейткіштің бірлігін көбейтеміз.
  • Көбейтінді мәнінің бірлігін анықтап, бірліктің астына жазамыз. Көбейтінді мәнінің ондығын есте сақтаймыз.
  • Бірінші көбейткіштің ондығын екінші көбейткіштің бірлігіне көбейтіп, есте сақтаған санды қосып, ондықтың астына жазамыз.

«Шартты шкала» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдері бағалаңыз. Тақтада шартты шкаланы көрсетіңіз.

Оқушыларға кеспеқағаздарын таратыңыз. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі қолдану дағдысының деңгейін шартты шкалада көрсетуі қажет екінін айтыңыз.

(ЖЖ) Түсіндіре отырып шығар

«Математикалық тренажер»

Оқушылардың екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмі бойынша түсінгенін бекіту мақсатында көбейтіндінің мәнін қалай есептегенін түсіндіруді сұраңыз. Оқушылар берілген өрнектерді орындап болған соң, жазбаша көбейту алгоритмін ауызша айтуын сұраңыз. «Шартты шкала» әдісі арқылы алынған ақпарат көмегі арқылы сұралатын оқушыларды анықтаңыз.

13 · 5 = 65

25 · 6 = 150

64 · 9 =576

47 · 7 = 329

4 · 16 = 64

48 · 5 = 240

7 · 31 =217

9 · 68 =612

13 · 7 = 91

85 · 4= 340

4 · 87 =348

39 · 9 =351

6 · 16 = 96

5 · 56=280

72 · 8 =576

7 · 59 = 413

Оқушылардың жауаптарының дұрыстығы ауызша тексеріліп, ауызша мадақтаңыз.

Сергіту сәті

«Қабырға, балта, алақан»

Ережесі: Алдымен оқушылар оң қолымен партаның үстіне «қабырға» деп қолын бір қырымен соғады, «балта» деп жұдырығын жұмып бір рет соғады, «алақан» деп алақанын ашып бір рет соғады. Бірнеше рет қайталанады, оқушылар естеріне сақтаған соң ойын жылдамдатылады. Оқушылар жаттығуды оң қолымен жасап жаттыққан соң, сол қолымен бірнеше рет қайталайды. Жаттығудың мақсаты оқушылардың зейінін қалыптастыру.

(Ұ) Тез, әрі дұрыс орында

Сынып оқушыларын үш топқа бөліңіз. Оқушыларға алдын - ала түрлі - түсті кеспе қағаздар таратып беріңіз. Тақтаға сандар жазылған бейнені іліңіз. Берілген сандардың ішінен тек екі таңбалы сандарды 3 санына тақтаға жазбаша көбейту қажеттігін түсіндіріңіз. Өрнектердің дұрыс орындалуын қадағалаңыз.

17 · 3 = 51

36 · 3 = 108

32 · 3 = 96

38 · 3 = 114

24 · 3 = 72

13 · 3 = 39

33 · 3 = 99

37 · 3 = 111

19 · 3 = 57

11 · 3 = 33

34 · 3 =102

Шарты:

Егер оқушы көбейтіндіні дұрыс орындаса, түрлі - түсті кеспе қағазын тақтаға рет - ретімен іледі. Ілінген кеспе қағаздарының санына сәйкес қай топтың жеңімпаз болғанын анықтаңыз.

Бағалау: Ауызша мадақтау. «Жарайсың!» «Керемет нәтиже!» «Мықты топ!» сияқты сөз тіркестерін қолданыңыз.

Кері байланыс

Тақтаға үш түрлі көңіл - күйдегі ергежейлі бейнесін іліңіз. Оқушыларға ерегежейлінің ішінен өзінің бүгінгі сабақтағы көңіл - күйі қай ергежейлімен сәйкес келсе, сол ергежейліге өз билетін беру керектігін айтыңыз.

Бірінші ергежейлі, ол тақырыпты өте жақсы түсінді. Енді ол келесі жаңа тақырыпты бастауға дайын.

екінші ергежейлі, ол тақырыпты түсінді алайда қате жіберіп қоямын деп ойлайды. Сондықтан тағы да осы тақырыпты қайталап өткісі келеді.

үшінші ергежейлі, ол бүгінгі тақырып туралы толық түсінбеді. Қайта түсіндіріп беруін сұрайды.

Оқушылар өзінің бүгінгі сабақта өткен тақырыпқа қатысты ойын ергежейлілер арқылы жеткізеді. Оқушылар өз билетін қалаған ергежейлінің жанына рет – ретімен іледі. Әр ергежейлінің жанында диаграмма пайда болады. Диаграммаға қарап оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін байқауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу