Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А-бөлім: «Үлестер. Шеңбер» | Мектеп: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру. | ||||||
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу) | 3.1.1.1 - үлестің пайда болуын түсіну 3.1.2.2 шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, ондық үлесін | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар үлес ұғымын түсініп, үлесті құру жолын түсіндіруге, оларды оқуға, жазуға және салыстыруға үйренеді. | ||||||
Бағалау критерийлері | Үлестің пайда болуын біледі; Үлесті құру жолын көрсетіп береді, шаманың үлесін табады. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
| ||||||
Құндылықтардыдарыту | Өзара сыйластық, жауапкершілік,еңбекқорлық | ||||||
Пәнаралықбайланыстар | Ғылымға кіріспе,дүниетану | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Нөлге аяқталатын сандарға көбейту, бөлу тәсілдерін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар, білім шыңына! Ұқыптылық пен Зеректік, Жеткізсін сіздей өренді Математика сырына. -Ендеше, өз білімімізді математика сырына сүйене отырып, көрсетейік. (МК) «Апельсин» мультфильмнен үзінді. Мақсаты:Мультфильмдегі апельсинді жануарларға тең бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. -Балалар, 1 апельсин барлық жануарлаға тең болып қалай бөлінді? Апельсин бір, олар көп. Бұл бөлiк - құндыз үшiн. Бұл бөлiк - балапандар үшiн. Бұл бөлiк - кiрпi үшiн. Бұл бөлiк- сары шымшық үшiн. Бұл бөлiк – мысықтар үшiн. -Сабақтың тақырыбы қандай болмақ? -Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. | Мультфильм | |||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 5 мин 10 мин 3 мин | (Ұ,Қ) Проблемалық жағдаят. -Балалар, 4 алманы екі қыздың арасында қалай бөлуге болады? -Әр қайсысы қаншасын алады? -Ал, екі қыздың арасында бір алманы бөлуге болады ма? Балалардың қатысуымен практикада көрсету. Бүтіннің жартысы түсінігі арқылы «санның үлесі», «бөлшек» терминдерін енгізу. (ОТ) Практикалық жұмыс Мақсаты:«Жарты» ұғымын түсінгендерін анықтау Оқушыларға әр бір заттың жартысын көрсетуді ұсыну (мысалы, парақтың жартысы, қарындаштың жартысы, дәптердің жартысы) (Т,Қ)Карточкамен жұмыс Оқушылардан уақыттың бөлшек бірліктерінің тізімін жасауды ұсыну: жарты сағат = … минут ширек сағат = … минут сағаттың төрттен үш бөлігі = … минут Оқушылар топта ақылдаса отырып, карточкалардағы тапсырмаларды орындайды, сағатта сол уақыт аралығын көрсетеді.Топтар тапсырмаларымен ауысып, бір-бірін тексеріп, бағалайды. (Ж,Қ)Суретпен жұмыс Мақсаты: Үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру. Тапсырма:Торт пен дөңгелектің және жолақтың неше бөлікке бөлінгенін анықтап, үлесін жазыңдар және салыстырыңдар. -Қайсысы артық? -Қайсысы кем? Оқушылар топта ақылдаса отырып, (Ө,Қ)Тақырыпты бекіту Оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды, ұжымдық тексеру барасында өзін-өзі бағалайды. | Алмалар Суреттер Қима қағаздар Карточкалар мен тапсырмалар, | |||||
Сабақтыңсоңы 2 мин | Рефлексия. -Сен үшін қандай тапсырма қызықты болды? -Неліктен? -Сен қандай тапсырмада қиналдың? Бағалау «Бағдаршам» әдісі Оқушылар сабақтың басында жазылған бағалау критерийлеріне оралып, өздерін жасыл, сары, қызыл стикер арқылы бағалайды. | Бағдаршам, түрлі түсті стикерлер | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация-деңгейлік тапсырмалар беру. | «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау .
| Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?