Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А-бөлім: «Үлестер. Шеңбер»

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 - үлестің пайда болуын түсіну

3.1.2.2 шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, ондық үлесін

3.5.1.3** санның және шаманың үлесін табуға/ кері есептер құру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар үлес ұғымын түсініп, үлесті құру жолын түсіндіруге, оларды оқуға, жазуға және салыстыруға, санның үлесін табуға және кері амалмен санды табуға үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Үлестің пайда болуын біледі;

Үлесті құру жолын көрсетеді,

Саның үлесін табады,

Үлесі бойынша санды табады.

Тілдікмақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үлес, бөлшек, жарты, ширек, төрттен бір/үш бөлігі сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластық, жауапкершілік,еңбекқорлық

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе,дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Нөлге аяқталатын сандарға көбейту, бөлу тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар, білім шыңына!

Ұқыптылық  пен Зеректік,

Жеткізсін  сіздей өренді

Математика  сырына.

-Ендеше, өз білімізді математика  сырына  сүйене  отырып, көрсетейік.

(Ө) Математикалық диктант

Мақсаты: Бөлшек, бүтінді бөлшек түрінде жазу, оқу,салыстыру.

-Берілген суреттер бойынша бүтін боялған бөліктерін бөлшек сан түрінде жаз.

/Дәптерлерін жүппен ауыстырып, тақтадағы дұрыс нұсқамен тексереді, бірін –бірі «+», «-» арқала бағалайды /.

(МК,Ө ) Бөлшектерді салыстыру.

Мақсаты: Бүтіннің үлесін табу, бөлшектерді салыстыру.

-Балалар, суретке назар аударыңдар? Нені байқауға болады?

-Берілген бөлшек сандардан қалайша бүтін санды шығаруға болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, шеңбердің боялған және боялмаған бөліктерін салыстырады/

1/2+1/2=2|2=1

1/4<3/4

1/3<2/3

1/8<7/8

/Оқушылар бөлшектерді салыстыру арқылы ереже шығарып, мысал арқылы дәлелдейді/.

-Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

Слайд

Слайд

Дәптермен жұмыс

Слайд

Сабақтың

ортасы

3 мин

7 мин

5 мин

2 мин

6 мин

7 мин

(Ұ,Қ) Проблемалық жағдаят.

-Балалар, 45 кг ұнды 9 дан бір бөлігін қалай анықтауға болады?

- Сыныптағы 9 ұл баланың әрқаймсысында төрт-төрттен тор көз дәптер болса, барлығы неше дәптер болғаны?

-Әр қайсысы қаншасын алады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, бейнерольиктен соң жауаптарының дұрыс не бұрыстығы анықталатындығы айтылады/

(Ұ) Бейнежазба. «Ай мектеп»

Мақсаты: Санның үлесін табу және үлесі бойынша санды анықтау.

-Балалар, санның үлесін қалай табуға болады?

Үлесі арқылы санды қалай табуға болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, ереже бекітіледі, бастапқы есеп бойынша өз жауаптарының тексереді, ауызша бағаланады/.

(Ж, ОТ) Практикалық жұмыс. Кестемен жұмыс. Есепте.

Мақсаты: Санның үлесін табу, үлесі бойынша санды табу

Оқушыларға кесте таратылып беріледі. Тапсырманы жұппен орындаңыз.

20-ның жартысы

Санның 1/2 бөлігі 8-ге тең

18-дің үштен бір бөлігі

Санның ¼ бөлігі 7-ге тең

24 –тің ширегі

Санның 1/3 бөлігі 5-ке тең

30-дың оннан бірі

Санның 1/3 бөлігі 10-ға тең

48-дің төрттен бірі

Санның ¼ бөлігі 4-ке тең

70-тің екіден бірі

Санның 1/10 бөлігі 3-ке тең

/Бірнеше оқушы ұжым алдында тапсырманң шығару жолын түсіндіре отырып, өз есептеуінің дұрыстығын дәлелдейді, өзін- өзі ДЕСКРИПТОРЛАР бойынша бағалайды/.

Дескрипторлар:

  • Санның үлесін таба алады
  • Үлесі арқылы санды таба алады

/Жоғарғы балл саны – 2 балл/.

(Ж,Қ)Суретпен жұмыс

Мақсаты: Үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру.

Тапсырма: «Балақай мен Карлсон» Жұмыс дәптері 10 бет

Берілген суретте торттың Карлсон мен балақайға тиген үлесін анықтау және салыстыру

(Ө) «Бинго».«Карлсонның сүйікті сөзін тап» ойыны

Мақсаты: бөлшек сандарды салыстыру, реттілігін анықтау

Жұмыс дәптері 10 бет.

Тапсырма: Бөлшектерді өсу ретімен орналастырсаң, Карлсонның үнемі айтатын сөздерін табасың.

/Оқушылар ұжыммен тапсырманың дұрыстығын тексереді, мұғалім ауызша «мадақтау әдісі» бойынша балаларды бағалайды/.

Бейнежазба

Карточкамен жұмыс

Жұмыс дәптері

10- бет

Сабақтыңсоңы

3 мин

Рефлексия.

-Сен үшін қандай тапсырма қызықты болды?

-Неліктен?

-Сен қандай тапсырмада қиналдың?

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар сабақтың басында жазылған бағалау критерийлеріне оралып, өздерін жасыл, сары, қызыл стикер арқылы бағалайды.

Бағдаршам, түрлі түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация-деңгейлік тапсырмалар беру.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау .

  • Білемін-
  • Білмеймін-
  • Түсінемін,орындаймын-
  • Басқаларға көмектесе аламын

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу