Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А-бөлім: «Үлестер. Шеңбер»

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.1.1.1 - үлестің пайда болуын түсіну

3.1.2.2 шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, ондық үлесін

3.5.1.3** санның және шаманың үлесін табуға/ кері есептер құру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар үлес ұғымын түсініп, үлесті құру жолын түсіндіруге, оларды оқуға, жазуға және салыстыруға, санның үлесін табуға және кері амалмен санды табуға үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Үлестің пайда болуын біледі;

Үлесті құру жолын көрсетіп береді,

Саның үлесін таба алады;

Үлесі бойынша санды таба алады

Тілдікмақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үлес, бөлшек, жарты, ширек, төрттен бір/үш бөлігі сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтардыдарыту

Өзара сыйластық, жауапкершілік,еңбекқорлық

 Пәнаралықбайланыстар

Ғылымға кіріспе,дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Нөлге аяқталатын сандарға көбейту, бөлу тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар, білім шыңына!

Ұқыптылық  пен Зеректік,

Жеткізсін  сіздей өренді

Математика  сырына.

-Ендеше, өз білімізді математика  сырына  сүйене  отырып, көрсетейік.

(Ө) Математикалық диктант

Мақсаты: Бөлшек сандарды жазу, оқу,салыстыру.

Бөлшектерді жаз.

Алтыдан бір, бестен екі, оннан бір, жетіден үш, екіден бір, сегізден төрт, алпыс бірден жиырма үш.

, , , , , ,

/Оқушылар бөлшек сандарды жазады, жұппен тексереді, «+», «-» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды/

-Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

Слайд

Слайд

Сабақтың

ортасы

3 мин

2 мин

15 мин

3 мин

2 мин

5 мин

(Ұ,Қ) Проблемалық жағдаят.

- Қораптағы 12 қаламды 3 оқушыға теңдей бөліп тастағанда әрбір оқушыға неше қаламнан келеді?

  • аламның 2/3 бөлігі нешеге тең?
  • Төрттен бір бөлігі 5-ке тең болатын қортапта қанша қарындаш бар?

/Оқушылар есепті шығарып, есептің дұрыстығын дәлелдейді, түсіндіреді/

Қорытынды анықтама:

  • Санның үлесін табу үшін сол санды үлес санына бөлу керек.
  • Үлесі бойынша санды табу үшін санның үлесін үлес санына көбейту керек.

) Есепті шығару

Мақсаты: Санның үлесін табу және үлесі бойынша санды анықтау.

1-топ: Сыныпта 30 оқушы бар. Оқушылардың оннан бір бөлігі ән үйірмесіне, ал қалғандары көркем әдебиет үйірмесіне қатысады. Қанша бала көркем әдебиетпен айналысады?

2-топ: Бақшаның жалпы ауданы 8 м2. Орамжапырақ оның ширек бөлігіне егілген. Орамжапырақ егілген бақшаның ауданы қандай?

3-топ: Жолаушылар пойызының 6 вагоны плацкарт. Бұл барлық вагонның жартысы. Пойызда барлығы неше вагон бар?

4-топ: Аквариумға барлығы 27 литр су сыяды. Аквариумның үштен бір бөлігіне су құйды. Енді неше литр су құю керек?

/Топ оқушылар тапсырманы орындап болған соң, басқа топтың оқушыларына есептің шығару жолын түсіндіре отырып, есептің дұрыстығын дәлелдейді/.

(Ө) Бөлшектерді салыстыр.

Мақсаты: Бөлшектерді салыстыруға дағдылану.

Бөлшектердің әрқайсысын суреттер жұбының астына жаз және оларды салыстыр.

Жұмыс дәптері а) тапсырмасы. (9-бет).

(Ө,Ұ) «Бинго» ойыны

Мақсаты: бөлімі бірдей бөлшектерді салыстыруға дағдылану.

Жұмыс дәптері ә) тапсырмасы.

/Тапсырманы орындап болған оқушы «Бинго» сөзін айтып, тапсырманы оқиды, ұжыммен тексереді, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.

(Ұ, Ө) Тақтамен жұмыс. Есепте.

Мақсаты: бөлімі бірдей бөлшектерді есептеуге жаттығу.

Бейнежазба

Қима қағаздар

Жұмыс дәптері

9- бет

Жұмыс дәптері

9- бет

слайд

Сабақтыңсоңы

3 мин

Рефлексия.

-Сен үшін қандай тапсырма қызықты болды?

-Неліктен?

-Сен қандай тапсырмада қиналдың?

Бағалау

«Блоб» ағашында өз орнын анықтайды

«Блоб» ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация-деңгейлік тапсырмалар беру.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау .

  • Білемін-
  • Білмеймін-
  • Түсінемін,орындаймын-
  • Басқаларға көмектесе аламын

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу