Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А-бөлім: Үлестер. Шеңбер

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлес.Үлесті құру, оқу, жазу, салыстыру.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.1.2.2 шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: жартысын, төрттен бірін, үштен бірін, ондық үлесін

 Сабақ мақсаттары

Шаманың үлесін табу, үлесі бойынша санды табу

 Бағалау критерийлері

Шаманың үлесін табады;

Үлесі бойынша санды табады.

Тілдікмақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үлес, бөлшек, жарты, ширек, төрттен бір/үш бөлігі сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтардыдарыту

Өзара сыйластық, жауапкершілік,еңбекқорлық

 Пәнаралықбайланыстар

Ғылымға кіріспе,дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Нөлге аяқталатын сандарға көбейту, бөлу тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар шеңберге тұрып, алақандарын соғу арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ) «Кім зерек?»

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Оқушылардың барлығы ортаға жиналады. Мұғалім екі алақанын бір-біріне соғып, «шапалақ» соғады. Егер, мұғалім екі рет шапалақ соқса, онда оқушылар екі топқа, үш рет соқса үш топқа бөлінулері керек.

Содан соң, мұғалім кез-келген бір топтың оқушыларын алақандарымен соғады да оқушыларға «Мен жасырған санды тап» деп сұрайды. Оқушылар бұл санның ½ екендігін айтулары керек.

Егер, оқушылар үш топқа бөлісе, онда мұғалім кез-келген екі топтағы оқушылармен алақандарын соғуына да болады.

Бұл кезде жасырылған сан 2/3.

Әрбір жауаптан соң, «Неліктен?» сұрағы қойылып, жауабы алынады.

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

слайд

Сабақтың

ортасы

5 мин

3 мин

7 мин

3 мин

12 мин

(Ө) Математикалық диктант

Мақсаты: санның үлесін табу.

  • 16 санының ¼ үлесі нешеге тең?
  • 48 санының 1/6 үлесі нешеге тең?
  • 60 санының 1/10 үлесі нешеге тең?
  • 150 санының ½ үлесі нешеге тең?
  • 30 санының 2/3 бөлігі нешеге тең?

Жауабы:

  • 4
  • 8
  • 6
  • 75
  • 20

/Оқушылар санның үлесін анықтайды, жұппен тапсырмаларын ауыстыра отырып, «+», «-» әдісі арқылы дұрыс жауаппен тексереді. Жетістіктері мен қателіктері анықталып, кері байланыс жасалады/

Ережені еске түсіру:

  • Санның үлесін табу үшін сол санды үлес санына бөлу керек.
  • Ереже мысал арқылы дәледенеді.
  • Үлес саны дегеніміз не?Дәлелде.
  • Санның үлесі дегеніміз не?Дәлелде.

(Ұ) Есепте.

Мақсаты: саның үлесін табу, санның бөлігін табу.

- Жол бөлігінің ұзындығы 30 км. Жолдың 2/5 бөлігіне асфальт төседі. Жолдың қанша километрін асфальттады?

  • Балалар, бұл есепті қалай шығаруға болады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, егер түсіндіре алатын оқушы болса, алдымен сол оқушының ұсынысы тыңдалып, толықытрулар енгізіледі. Немесе жаңа тәсілі көрсетіледі.Егер, оқушылардың жауаптары нақты жауапқа сәйкес келмесе, онда мұғалім өзі бағыт бере отырып, ұжыммен шығарады).

  • Балалар, есептің шартында не белгілі?
  • Не белгісіз?
  • Есептің шешімін қалай табуға болады?
  • Қандай тиімді жолды таңдауға болады?
  • Есепті шығару үшін алдымен нені анықтауымыз керек?Қай бөлігін?

/Оқушылар мұғалім бағытымен тапсырманы орындайды. Кері байланыс жасалады.Ереже шығарылады/.

Ереже:

Санның бөлігін табу үшін, осы санды бөлшектің бөліміне бөліп, алымына көбейтеміз.

Бөлігі бойынша санды табу үшін, белгілі бөлікті бөлшектің бөліміне көбейтіп, алымына бөлеміз.

) Есеп.

Мақсаты: Санның үлесін табу, санның бөлігін табу.

Дүкенде 27 кг алма сатылды. Бұл алманың 3\8 бөлігін құрайды. Дүкенде барлығы ұанша килограмм алма болған?

Фермада 240 бас ешкі, қой және сиыр бар. Қойдың саны барлық үй жануарының 3\8 бөлігін құрайды. Ешкінің саны қойдан 20-ға артық. Фермада қанша сиыр бар?

Арманда барлығы 28 түрлі-түсті қарындаш бар еді. Оның 2\7 бөлігін інісіне, қалғанын қарындасына бөліп берді. Арман қарындасына қанша қарындаш бөліп берді?

/Тапсырманы орындап топ оқушылары бір-біріне түсіндіріп, дәлелдейді, өзара бағалайды/.

«Жетістік жолында » өзін –өзі бағалау

Дәптер, слайд

Слайд

Оқулық

Қима қағаздар

Слайд

Қима қағаздар

Слайд

Сабақтыңсоңы

3 мин

Рефлексия.

-Сен үшін қандай тапсырма қызықты болды?

-Неліктен?

-Сен қандай тапсырмада қиналдың?

Бағалау

«Бағдаршам» ағашында өз орнын анықтайды

«Бағдаршам» ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация-деңгейлік тапсырмалар беру.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау .

  • Білемін-
  • Білмеймін-
  • Түсінемін,орындаймын-
  • Басқаларға көмектесе аламын

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу