Текшенің моделі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар
| Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
107 - сабақ. Тақырыбы | Текшенің моделі | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген жазба дұрыс па жоқ па неліктен екенін түсіндіреді, жазбадағы қырларының көлемін дәлелдейді. | |||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Құндылықтар | Сабақтан алған білімін тәжірибемен ұштастыра білуге дағдыландыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Текшенің жазбасы | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Кіріспе Өткенді қайталау үшін «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру. Кубик лақтыру барысында қай түсі жоғары қарап түссе, сондай түспен жазылған сұраққа жауап береді. -Текшенің неше жағы бар? -Текшенің неше төбесі бар? -Текшенің неше қыры болады? -Текшенің жақтары туралы не айтуға болады? -Текшенің жазбасы деген не? -Жазба қалай дайындалады? Кел, модельдейік!(топпен жұмыс) Оқушылар топтарға бірігіп, түрлі-түсті қағаздан текшенің моделін жапсырмалайтынын хабарлау. Алдымен текшенің жазбасын торкөзді параққа әзірлеп алады. Жасаған текше моделінің әр жағына маркермен 1-ден 6-ға дейін цифрлар жазады, нүктелер белгілейді. |
3-4 слайд Текшенің қағаздан жасалған моделі, желім
5 слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 2 мин 10 мин 5 мин 5 мин 5 мин | «Сұрақтар жаңбыры» әдісі Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту. Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады. Бұл текше туралы білімнің маңыздылығын арттырады. Текшенің қанша төбесі, қыры және жағы бар? Оқушылар текшенің барлық төбелері, қырлары және жақтарын санап болған соң: -Егер біз текше туралы айтсақ, 6 саны нені білдіреді? . Суретке қарап, әріптермен атау. -8 саны ше? Әріптермен атау. -12 саны ше? Әріптермен атау (Ұ) Ойлан! Жазбаға қарап, текшенің моделін тап. А) Берілген жазбадан қандай текше шығатынын болжау.. Ә) Оқушыларға кезекпен текшелердің жақтарына және оның бояуына мұқият қарауды ұсыну «Смайлик» арқылы бағалау. Ұжымдық тапсырма «Сиқырлы шаршылар» әр топқа екі шаршыдан толтыруды ұсыну. Сандарды әр жағынан қосқанда мәні бірдей шығу керек. «Шапалақ» арқылы бағалау. Топтар өзара жұмыстарын тексереді: 3 шапалақ - дұрыс толтырылған болса, 2 шапалақ - қателері болса, 1 шапалақ - дұрыс емес болса. Өздік жұмыс Тез есепте! Амалын дұрыс орындап, бос шаршыны тиісті санмен толтыр. Жасыл шаршы мен қызыл шаршының ішінде қандай сан шыңады? Шығармашылық тапсырма Текшенің көлемін анықта!!! Бұл текшенің үш өлшемі бар, ұзындығы 1 см, ені 1 см, биіктігі 1 см. Оның көлемін табу үшін өлшемдерін бір-біріне көбейту керек. 1 см*1см*1 см=1 см куб Текшенің ұзындығы, ені, биіктігі өзара тең болатынын айту. Қабырғалары 10см-ге тең текше берілген. Көлемін тап Одан кейін санның кубын табуға тапсырма беріп білімді бекіту. Санның кубы туралы қосымша мәлімет беру. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар басбармақтары арқылы берілген тапсырманың жауаптарын бағалайды. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Бармағын төмен бағыттап көрсетеді. Ойнайық! Оқушылар алдыңғы тапсырмада жасаған текшелерін пайдаланады. Әр ойыншы текше лақтырады. Түскен сандарды көбейтіп, нәтижесін жазады. Досы есептеудің дұрыстығын тексереді. Нәтижесін жазады. Әр ойыншы ойынды 5 рет қайталайды. (40+60)х = | 6 слайд Жазба 7-8 слайд 9-10 слайд 11-12 слайд 12-13 слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Оқушылардың сабақтың материалын қалай меңгергенін анықтау үшін «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып ( Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. ) сұрақтарға жауап беруді ұсыну:
Бағалау «Бағдаршам» арқылы сабақтағы алған білімін бағалауды ұсыну. Оқушылардың қолдарында қызыл, сары, жасыл дөңгелектер болуы шарт. Оқушылар бүгінгі алған білімдерін қолдарындағы дөңгелектерді, яғни қызыл түсті тапсырмаларды орындай алмадым, сары түсті жауабыма сенімді емеспін, жасыл түсті барлығы түсінікті, тапсырмаларды орындай алдым деген оқушылар көтереді. | 14-15 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?